Қазақстанға автомобиль шанақтарын жеткізу 2,8 есе өсті
Қазақстан Республикасына автомобильдерге қажетті шанақтар мен жиынтықтауыштарды жеткізу айтарлықтай өскені байқалды.
2022 жылғы қаңтар-наурызда елімізде импорт жалпы өскен кезде автомобильдерге арналған шанақтарды жеткізу айтарлықтай — 2,8 есеге өскені тіркеліп отыр». Бұл ақпарат сауда және интеграция министрлігі әзірлеген 2022 жылғы қаңтар-наурыздағы Қазақстанның сыртқы саудасына шолуда жарияланды.
Жалпы алғанда, автомобильдер мен оларды жиынтықтауыштардың импорттық үлесі қазақстандық импорттың жалпы көлемінің 10%-ын құрады. Қаңтар-наурызда барлығы елімізге 7,789 млрд доллар соманың тауары мен қызметі импортталған, оның ішінде автосаланың үлесі 754,7 млн долларды құрайды.
Десек те жеңіл автомобильдер (265,6 млн доллар) ең көп импортталатын тауарлардың тізімінде дәрі-дәрмек (350,6 млн доллар) пен телефон аппараттарынан (289,2 млн доллар) кейін үшінші тұр. Одан кейінгі орынға компьютерлер (258 млн доллар) жеткізу орналасқан.
Елімізге тасымалданатын тауарлардың ондығына сондай-ақ автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен тракторлар – 166 млн доллар, жоғарыда айтып кеткендей автомобиль шанақтары – 217,6 млн доллар және жалпы сомасы 114,9 млн долларға сатып алынған көлік дөңгелектері кіреді.
Қазақстандық Автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) мәліметі бойынша, өткен жылдарда қалыптасқан автомобильдерді өндіру және сату үрдісі жалғасын тауып жатыр. Биыл ҚАБҚ 20%-дан жоғары өсім болады деп болжайды.
Төрт айдың қорытындысы бойынша өткен жылғымен салыстырғанда шығынға шыққан жалғыз компания семейлік СемАЗ болып отыр. Кәсіпорын 8,2 млрд теңге соманың 813 бірлік коммерциялық техникасын (-31,8%) жөнелткен. Өзге қазақстандық өндірушілер болса, ҚАБҚ-ның дерегі бойынша, өндірісте өсім көрсеткен.
Атап айтқанда, «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» 146,5 млрд теңге соманың 17 508 бірлік техникасын (+6,4%) шығарған. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan жалпы құны 141,2 млрд теңгенің 11 103 (+46,9%) жеңіл автомобильдерін өндірді. Көкшетауда КАМАЗ-Инжиниринг 417 жүк көлігін шығарды (+9,4%). Hyundai Trans Auto зауыты 241 бірлік автобус пен 140 бірлік жүк көлігін (+14%) жасап шығарды. QazTehna мен Daewoo Bus Kazakhstan-ның еншісінде 77 және 86 автобустан келеді.
Вадим Григорьев, журналист
06.06.2022, 13:00