Меню CARMA.KZ

Қазақстанға автомобиль импорты сәуірде 106,3 млн долларды құрады

Елімізге автомобиль және жиынтықтауыштардың импорты бірінші тоқсанмен салыстырғанда сәуірде жалпы қазақстандық импорт көлемінде 10%-дан 12%-ға артты.

Қазақстанға автомобиль импорты сәуірде 106,3млн долларды құрады / Фото: somanyhorses.ru
Қазақстанға автомобиль импорты сәуірде 106,3млн долларды құрады / Фото: somanyhorses.ru

Қазақстандық импорттың негізгі 15 тауар түрінің үштен бірін биылғы қаңтар-сәуірде автомобильдер мен жиынтағыштар құрады. Мұндай мәліметтер Сауда және интеграция министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының ішкі саудасына шолуда келтірілген.

Шолудан белгілі болғандай, елдер бойынша импортта автомобиль саласының үлесі саны жағынан да, атаулары бойынша да көбейіп келеді. Мәселен бірінші тоқсанда ол жалпы көлемнің 10%-ын құраса, 2022 жылдың қаңтар-сәуірінде 12%-ға өскен. Сонымен қатар егер бірінші тоқсанда қазақстандық импорттық тізімнің алғашқы 15 аталымының 4-еуі автомобиль саласымен — жеңіл автомобиль, автомобильдердің шанағы, автомобильдер мен тракторлардың бөлшектері мен құрал-жабдықтары және дөңгелектері болса, ал сәуірде олардың қатарына ұшқынмен жанатын ішкі жану қозғалтқыштарын жеткізу қосылды. Кейінгісін осы кезеңде 134,9 млн долларға сомаға сатып алған.

Бірінші тоқсандағыдай, 4 айдың қорытындысы бойынша, импортталатын тауарлардың барлық топптары арасында автомобильдер (371,9 млн доллар) 3-орынды еншілейді. Бірінші орында, алдыңғы айдағыдай, дәрі-дәрмек (459,1 млн), екінші орында — телефон аппараттары (384,8 млн доллар), төртінші орында — компьютерлер (324,0 млн доллар). Импорттағы көлемі көп алғашқы бестікте автомобильдердің шанақтары өз орнын сақтап қалды (309,7 млн доллар), мұның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,7 есеге көбейген.

Ай сайынғы жеткізу көлемінде де өсім бар. Жоғарыда аталған тауар түрлерінен тек дөңгелек импорты сәуірде (37,2 млн доллар) бірінші тоқсандағы орташаайлық көрсеткішке қарағанда (38,3 млн доллар) аздап төмендеген. Тауарлардың басқа топтарына келер болсақ, оларда өсім бар. Автомобильдердің импорты бірінші тоқсанда бір ай ішінде орташа 88,5 млн доллардан сәуірде 106,3 млн долларға, сондай-ақ автомобильдер мен тракторларға арналған қосалқы бөлшектерді жеткізу 55,5 млн доллардан 67,6 млн долларға дейін өскен. Машиналарға арналған шанақтар жеткізу шамамен 10%-5а 84 млн-нан 92,1 млн долларға дейін өскен.

Бұл Қазақстанның АвтоБизнес Қауымдастығының болжамдарымен сәйкес келеді. Қауымдастық биылғы алғашқы төрт айдың қорытындысы бойынша нарық 20%-ға өседі деп болжаған болатын.

ҚАБҚ-ның деректері бойынша, қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда салыстырмалы түрде минусқа шыққан жалғыз қазақстандық компания осы сегментте жұмыс істейтін семейлік СемАЗ болып отыр. Ол сомасы 8,2 млрд теңгенің 813 (-31%) бірлік коммерциялық техникасын жөнелткен.

ҚАБҚ-ның деректеріне сүйенсек, қазақстандық қалған өзге өндірушілер өндірісте тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қостанайдың «СарыарқаАвтоӨнерәсібінде» сомасы 146,5 млрд теңгенің 17 508 бірлік техника (+6,4%) өндірілген. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan жалпы құны 141,2 млрд теңшгенің 11 103 (+46,9%) жеңіл автомобиль шығарған. Көкшетауда КАМАЗ-Инжиниринг 417 жүк көлігін (+9,4%) шығарды. Hyundai Trans Auto зауыты 241 бірлік автобус пен 140 бірлік жүк көлігін (+14%) құрастырып шығарды. QazTehna мен Daewoo Bus Kazakhstan-ның әрқайсысының еншісінде — 77 және 86 автобустан.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
30.06.2022, 11:21