Меню CARMA.KZ

Қаржы нарығын реттеу қызметі көлікті сақтандыруға икемді тарифті енгізуді ұсынды

Сенат көлікті сақтандыруды реттейтін заңға түзетулерді бірінші оқылымда қабылдады.

Көлікті сақтандыруға қатысты ұсынылған өзгерістердің қысқаша мазмұны міндетті сақтандыру бойынша икемді тарифке көшу, сонымен қатар сақтандыру оқиғаларын мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып реттеудің оңай тәртібіне қатысты болып отыр.

ҚР ҚНРДА есептеуінше, бүгінгі қолданыстағы сақтандыру тарифтері заңнамалық тұрғыдан 2007 жылы бекітілгендіктен, сол кезеңнен бері жаңартылмаған. Тарифтеудің икемді жүйесіне көшу тарифтерді еліміздің аймақтары бойынша нақты апаттарды есептей отырып жаңартуға және маңызын арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар агенттіктегілер мобильдік қосымшаның көмегімен көлікті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайын реттеудің оңай тәртібі енгізілсе жол-көлік оқиғасы бойынша сақтандыру төлемдерін полиция мен сотқа жүгінбей-ақ жылдам ала алатын болады деп санайды.

«2019 жылдың басынан бері көлікті міндетті сақтандыру шарттары электронды форматта онлайн режимде жасалып келеді. Цифрландырудың келесі кезегінде сақтандыру жағдайы онлайн-реттеуді енгізу тұр», — деді депутаттарға ҚНРДА басшысы Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін Freedom Finance Insurance сарапшылары өз клиенттері арасында жүргізілген зерттеудің деректерін келтірген болатын. Аталмыш компания АҚЖМС (Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру-қысқ.) полистерін рәсімдеудің үш әдісін ұсынып отыр. Атап айтқанда: сақтандыру агенттері арқылы, арнайы ХҚО-ларда орнатылған арнайы терминалдардың көмегімен және сақтандыру компаниясының сайтында өз бетінше. Компания клиенттері арасында электронды полистерді көлік иелерінің 82%-ы рәсімдеген. 2022 жылы АҚЖС полистерін көбіне 2013 және 2014 жылғы көлік құралдары рәсімделген. Олар осындай әдіспен сақтандырылған көліктердің жалпы санының 12%-ын құрайды.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
09.06.2022, 18:06