Orbis Нұр-Сұлтанда автозауыт құрылысының екінші кезеңін дайындап жатыр
Кәсіпорынның KIA коммерциялық техникасын жинау жоспары бар.
Фаррух және Сухраб Махмудовтарға тиесілі Orbis компаниясы бүгінгі таңда «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында KIA корея брендінің шағынтоннажды коммерциялық техникасын шығаратын зауыт салып жатыр.
Кәсіпорын айына шамамен 300 машина шығаруды және бес жыл ішінде аталған өндірістің жерсіндірілуін 80%-ға жеткізуді көздейді. Бұл қысқа уақытта көшу болып табылады, егер біз зауытпен бірлесіп осыған қол жеткізе алсақ — бұл зор жетістік», — деді 24 шілдеде құрылыс алаңына барған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жобаның болашағына қатысты.
ҚР ИИДМ мәлімдеуінше, бірінші кезеңде кәсіпорынның қуаттылығы арнайы техникаға арналған 11 мың бірлік жиынтықтауыш шығаруға және 250 жұмыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаның екінші кезеңін 2025 жылға қарай іске асыру жоспарланған.
Зауытта көлік құралдарын дәнекерлеу, бояу және жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жобаның жалпы құны 9 млрд теңге шамасында. CARMA.KZ редакциясына ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгінгі күні министрлік пен Orbis Auto арасында өндірістік құрастыру туралы келісім (ӨҚТК) жасалмаған. Мұндай келісімшарттың жасалу мүмкіндігі мен ықтимал мерзімдері туралы айтылмайды.
Өндірістік құрастыру келісімі мемлекет атынан әрекет ететін осы саланы реттеуші — ҚР ИИДМ мен автоөндіруші компания арасында жасалады. Мұндай келісімнің болуы кедендік баж салығынан, ҚҚС-тан босату, сондай-ақ утильдік алым бойынша төлемдерді қайтару секілді жеңілдіктерге қол жеткізуге негіз болады. Одан бөлек, ол мемлекеттік сатып алуларда ұзақмерзімдік келісімшарттар жасасуға және лизингтік қаржыландыру бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Мұндай келісімді жасасу үшін кәсіпорын инвестиция көлемі, игерген техникалық операцияларының саны мен өндірістік активтерінің көлемі бойынша бірқатар критерияларға сәйкес келуі тиіс.
Осындай критериялардың ішінде Қазақстанда ең бастысы — жылына 10 мың бірлік техника шығара алатындай өндірістік қуаттылығы, сондай-ақ шамамен 11 млрд теңге болатын 3 500 000 АЕК көлемінде инвестиция көлемі болуы шарт.
Ал кәсіпорынды мұндай келісім шығаратын техникасын баға тұрғысынан, импорттаған жағдайда саудалайтын техниканың құнына қосылған салықтар мен төлемдердің бірқатарынан босатылатындықтан, импортпен салыстырғанда тартымды етеді.
Еліміздегі бұған дейін тәжірибе көрсеткендей, келісімнің бұзылуы өндірісінің табысы төмен болуына байланысты кәсіпорынның жабылуына әкеп соғады.
Orbis Auto – Orbis Kazakhstan компаниялар тобының автомобиль бөлімшесі, компанияның негізі 2012 жылы құрылған. Алғашқы Orbis автоорталығы Қостанай қаласында ашылды. Бүгінгі күні Orbis Auto Toyota, Volkswagen, Nissan, Cadillac, Audi, Porsche, Infiniti, Mitsubishi және Exceed автомобиль брендтерін импорттаушы болып табылады.
Олжас Сабитов, журналист
26.06.2022, 18:48