Импорттаушылар Ресейдің Қиыр Шығысындағы автонарықта дүрбелең туындағанын айтуда
Рубльдің нығаюы Корея мен Жапониядан жеткізілетін автомобильдердің бағасын құлдыратып, сұранысты күрт арттырып жібеді.
Владивостоктың кедені жариялаған мәліметтер бойынша, биылғы жылдың наурыз, сәуір және мамыр айларында Владивосток арқылы жеке тұлғалардың пайдалануы үшін 31 865 автомобиль тасымалданған. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп деп хабарлайды PrimaMedia ақпарат агенттігі.
«Динамика тұрақты. Автомобиль биыл наурызда, ал былтыр сәуірде ең көп тасымалданған болып тұр. Биылғы жылғы маусым айының өзінде жеке тұлғалардың пайдалануына арналған жеті мыңнан артық автомобиль жеткізілді», — деп хабарлады Владивосток кеденінің баспасөз қызметі.
2022 жылдың бес айының қорытындысы бойынша, Еуропалық бизнес қауымдастығының деректеріне сәйкес, Ресейге жеңіл автомобильдер мен коммерциялық жеңіл көлік сату 52%-ға, 318114 бірлікке дейін азайған. Бірақ ресей нарығындағы импорттық автомобильдердің үлесі биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өсіп, 18,6%-ды құрады. 2021 жылғы қаңтар-наурызда көрсеткіш 16,1%-ды құрады, яғни 2,5 пайызға төмен.
PrimaMedia сайтында жарияланған материалға сүйенсек, рубльдің рекордтық нығаюы Жапония мен Кореядан тасымалданатын автомобильдердің қайталама нарығында дүрлігіс тудырды.
Агенттік пікірін келтіріп отырған импорттаушылардың айтуынша, ресей нарығы жаңа жағдайларға икемделіп жатыр. Сұраныс Азия-Тұнық мұхит аймағы елдеріне қарай ойысуда. Нарықтағы өзгерістер бәрінен бұрын қытай көлік өнеркәсібі үшін пайдалырақ болатын секілді. Болжамдар бойынша, Ресей аумағынан кеткен Америка мен Еуропа дилерлерінің орнына Аспанасты елі жайғасуы мүмкін.
«Дилерлік орталықтармен салыстырғанда жапон аукциондарындағы баға айырмашылығы екі-үш миллион және одан да жоғары болуы мүмкін. Сирек болып тұратын мұндай жағдай дүрлікпе сұранысты тудырып отыр», — дейді нарыққа қатысушылар PrimaMedia агенттігіне.
Ақпарат агенттігі атап көрсеткендей, импорттаушылар көрсеткіштердің өсуін бағамдық айырмашылықтың нәтижесі деп түсіндіреді. Ұлттық валютаның рекордтық нығаюына байланысты жүрілген шетелдік көліктердің рубльмен есептелген бағасы төмендеді. Ал автонарыққа санкция енгізілгеннен кейін сұраныс Жапония, Корея және Қытайға ойысты.
«Қазір доллар мен иенаның бағамына байланысты машиналар арзандап жатыр. Бұған дейін иена100 рубльдің айналасында болса, қазір 50-дің төңірегінде. Осыған сәйкес импорттық автомобильдерге сұраныс артты. Осыдан бір-екі күн бұрын Кореядан солжақ рульді BMW тиелген пароход келді. Дилерлік орталықтардағы бағамен айырмашылығы жер мен көктей – дилерде Lexus 10 млн рубль тұратын болса, оны төртеуге алып келеді. Көп автомобильдер бойынша жағдай дәл осындай», — деді импорттаушылардың бірі PrimaMedia агенттігіне.
Қиыр Шығыс аймағының журналистері Ресейге автомобиль импорттауға кәсіптенген Priority Auto компаниясының басшысы Константин Тарасовтың айтқанын келтірген. «Бұрын дилерлерден сатып алып келген машиналарды қазір Жапония мен Кореядан тасып жатырмыз. Мысалы, дилерде 6-7 млн рубль тұратын Land Cruiser 200-ді Жапониядан 4 миллионға әкеліп жатыр» депті ол.
PrimaMedia-ның материалында нарықтың өзге де қатысушыларының пікірі келтірілген.
«Қазір жапон аукциондарындағы, қалай болғанда да өзін қызықтыратын сегменттегі бағаны Ресей қалыптастырып отыр. Біз ол жақта өз-өзімізбен саудаласып жатырмыз. Ал бізден жалпы еліміз сатып алады», — деп пікір білдірді ADN GROUP компаниясының өкілі Сергей Островский.
Десек те Ресей мен Қиыр Шығыста аса сұраныс болмаған кореялық бағытта да сауда өсіп келеді, деп атады қиыршығыстық журналистер.
Корея негізінен сол рульділер. Нарық өте кішкентай, тар — ол жақта Жапониядағыдай таңдау мен олардың аукциондарындағыдай ашық жүйе жоқ. Солай бола тұрса да, корея бағыты бойынша сұраныс артып келеді, себебі санкциядан кейін автомобильдердің бірқатарын әкелетін жер болмай қалды. Еуропа жабық, жаңа машина сатып алуға мүмкіндік жоқ, өндіріс тоқтап тұр, Америка эмбарго енгізді, Жапонияда Ресейге құны 6 млн иеннен асатын автомобильді экспорттауға шектеу бар. Демек Корея мен Қытай ғана қалды», — деп түсіндірді Сергей Островский.
Carwin компаниясының директоры Дмитрий Забора бағамның төмендігі Кореядан өте қолайлы бағаға машина сатып алуға мүмкіндік беретінін растайды: «Кореядан қазір бәрін тасып тасып жатыр — тіпті «немістікін» де, «америкалықты» да. Біз де осы бағытқа бет бұратын едік, оның үстіне жеті жыл бұрын жұмыс істеп көргенбіз. Бірақ үлгермей жатырмыз — «жапондықтар» бойынша әкелуге тапсырыстың көптігі сонша, Кореяға уақыт жоқ, әйтсе де ол да табысты бағыттың бірі».
Оның айтуынша, жапон аукциондарында солжақ рульді премиум-санаттағы еуропалық машиналарды көптеп ұсынады, алайда 6 млн иеннен асатын экспортқа шектеу мұндай машиналарды сатып алуға мүмкіндік бермейді. Алты миллион иенге дейін бағаға жапондық өндірістің кез келген автомобилін әкелуге болады.
«Мысалы, бүгін ғана бензинмен жүретін Toyota Land Cruiser 200-ге келісімшарт түсті. Құны 4 млн рубль. Алайда шектеуге байланысты салоны велюр, қарапайым жиынтықтағысын сатып алуға тура келеді. Ал жалпы алғанда бүгінде бұрындары әкелу тиімсіз болған автомобильдердің өзіне сұраныс бар», — дейді Дмитрий Забора.
Ол сонымен қатар Ресей нарығында аса сұраныста емес автомобильдерді сатып алған жөн екенін, өйткені Жапонияда ең өтімді модельдердің бағасы өсіп кеткенін айтады.
«Toyota Land Cruiser Prado алатын болсақ, соңғы біржарым айда бағасы бір млн иенге қымбаттады. Жапонияда бағамның төмендігі бағаның өсуін жойып жібереді. Қазір Land Cruiser Prado-ны жылдан басымен салыстырғанда қазір сатып алған, әрине, тиімді, бірақ олар бір жыл бұрынғыдан біршама арзан тұрады. Сондықтан мен аса сұраныста емес автомобильдерді қарауға кеңес беремін. Мысалы, неміс машиналарының бағасы мүлдем өзгерген жоқ. BMW X3 немесе BMW X5-ті өте тиімді бағаға алуға болады — дилерлік орталықтармен салыстырғандағы баға айырмашылығы бұрынғыдай 500-700 мың рубль емес, біржарым-екі миллион рубльге жетеді», — деп айтып берді Дмитрий Забора.
«Жүрілген автомобильдер Жапония мен Кореядан әкелінетін болады. Салондар бұрын BMW, Audi және Mercedes деп аталған қытайлық машиналарға толады. Оларды жақын арада қытайлық брендтердің атауына ауыстырады деп ойлаймын. Рубльдің бағамы құлдырайтын болса онда дүрлігіс басылады, бірақ жалпы алғанда егер жапондар азаматтық автомобильдерді тысқары шығаруға санкция енгізбейтін болса, онда бұл ұзақмерзімдік тренд болады деп санаймын. Біз бәлкім Land Cruiser Prado-ны шамалап, керісінше «приус» пен «филдерлерді» көбірек сатып алатын болармыз, бірақ қашан да сұраныс болады. Жұртқа мінетін көлік қалай да керек».
«Қиыр Шығыстағы дүрлігіс қазақстандық нарыққа соншалықты әсер етуі екіталай. Біріншіден, және ең бастысы, бағамның айырмашылығы рубль-иен, рубль-доллар жұбындағыдай теңгенің рубльге арақатынасына да әсер етті. Егер 1,5 ай бұрын бағам 1-ге 5,5-6, тіпті 1-ге 3,5 болған болса, қазір бағам бір рубль үшін 8,5 теңгеге дейін өсті. Мұндай жағдайда бізден гөрі, Қазақстанға жүрілген автомобиль нарығына көлік іздеп ресейліктер келеді деуге болады. Екіншіден, Қазақстанда оңрульді автомобильдерге тыйым салынған және және ондағы логистика Еуропадан автомобиль импорттауға лайықталып құрылған», — деп санайды Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының директоры Алмас Дүйсембай.
Вадим Григорьев, журналист
27.06.2022, 09:12