АвтоВАЗ автомобиль шығаруды қайта бастады
Алғашқы болып конвейерден 2022 жылғы LADA Granta Glassic моделі шықты. Аталмыш ұсынылған жиынтықтағы модель ресей нарығындағы ең қолжетімді жеңіл автомобильге айналмақ.
LADA-ның ресми сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, бұл модель импорттық құрамдас бөлшектердің тапшылығы әсер етпейтіндей, автомобильді барынша жерсіндірілген өндіріспен қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Glassic’22 пішіндемесі LADA Granta шоғыры үшін седан, лифтбек және универсал шанақтарымен, сондай-ақ Drive Active арнайы түрленімі үшін қолжетімді.
Стандартты LADA Granta Glassic-пен салыстырғанда Granta Glassic’22 жиынтығында стандарт қондырғылардың қатары өзгерген, атап айтқанда бұған дейін жоғары нұсқаларға ғана тән болып келген дизайн мен жүйенің жайлылығы қосылып отыр. Сонымен бірге есіктері молдингпен безендіріліп, айналарда жылыту жүйесі мен электржетек, ал опция ретінде 15-дюмдық жеңілқорытпалы дискілер қарастырылған.
Glassic’22 жиынтықтамасында сондай-ақ рөлді электркүшейткіш, алдыңғы есіктерде электрліәйнеккөтергіш, ISOFIX балалар орындығына арналған бекіткіш, күндізгі жүру шамдары, борт компьютері, орталық құлып, 4 динамикалы аудиотақтайша, декоративті қалпақтары бар болаттан құйылған 14-дюмдық дискілері бар.
Автомобиль механикалық берілу қорабымен бірге қуаттылығы 90 ат күшіне тең сенімді әрі үнемді қозғалтқышпен жабдықталған. Өзгермелі кең салон, жайсыз жерлерден оңай өтетін әрі энергия сыйымды аспа LADA Granta-ға тән сапа болып табылады.
Бүгін ұзақ үзілістен кейін АвтоВАЗ қайтадан автомобиль шығаруды бастады. Автозауыт ұжымын жұмыспен қамту — біз үшін басты міндеттердің бірі. Әрине, біз ресей нарығына аса сұранысқа ие және шетелдік құрамдас бөлшектердің тапшылығы әсер етпейтін қолжетімді автомобильдерді әрі қарай шығара беруге тиіспіз. Ол үшін кәсіпорын федералдық және аймақ басшыларымен бірлесіп ресей жеткізушілерінің біліктілігін арттыру жөнінде қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр», — деп пікір білдірді «АвтоВАЗ» АҚ президенті Максим Соколов.
Ұсынылған модельдің құны туралы әзірге ақпарат жоқ. Қазақстанда 5 айдың қорытындысы бойынша LADA маркалы автомобильдер аса сұранысқа ие бесеудің қатарына кіреді. Елімізде биылғы жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында 789 бірлік автомобиль сатылған. 2020 жылы 7 558-і сатылған LADA Granta сол жылы қазақстандық нарықтағы ең сұраныстағы модель болды. Қазіргі күні қазақстандық автосалондардағы Granta-ның бағасы 4 790 000 теңгеден басталады.
Лев Павлов, корреспондент
08.06.2022, 19:26