Жеңілдетілген несиелеу өтініміне VIN-код талап етілмейді
Жеңілдетілген автонесиелеуге VIN-код талабы алынып тасталды. Бұдан былай жеңілдетілген автонесие оңай әрі жылдам рәсімдей аласыз, ал жеңілдік алушылардың құқығы бағдарлама шарттарында белгіленген.
Азаматтар Өнеркәсіпті дамыту қорына КАСКО-ның 4 пайызбен несиелеу бағдарламасына қатысушыларына арналған сақтандыру шарттарына қатысты азаматтар шағым жиі жасап келді. Сондықтан бағдарламаға қатысушы банктер үшін аталған шарттар өзгертілді. Ендігі жерде қарыз алушы сақтандыруды қандай кезеңге алатындығын өз таңдауға құқылы. Міндетті сақтандыру полисі құнының көлемі де қарыз сомасының 0,95%-ына дейін етіп шектелді.
«Қор қатысушы банктердің азаматтарға салынатын қаржылай жүктемені азайтуы үшін барлық кезең үшін бір реттік емес, жылсайынғы негізде сақтандыру туралы шартты ұсынып отыр», — деп хабарлады Жанар Ибрашева.
Бұлан былай автосалон клиенттің келісімінсіз автомобильге қосымша қондырғылар орнатуға құқығы жоқ, ал автомобильдің өзі біржарым айдың ішінде берілуі тиіс. Сонымен бірге, жеңілдетілген несиелеу берілген өтінімде автомобильдің нақты VIN-кодын көрсету талабы жойылды.
«Бағдарламаны іске асыру басталғалы бері азаматтардың өтініштерінің қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктерге төлемге шот ұсыну үшін VIN-код болу керек деген талап алынып тасталды», — деп мәлімдеді ОКҚ өткен баспасөз жиынында Өнеркәсіпті дамыту қорының төрағасы Жанар Ибрашева.
Естеріңізге сала кетейік, жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жұмыс істеген бір аптаның ішінде 14507 өтінім түссе, оның 4834 өтінімі мақұлданды. Бөлінген 100 млрд теңгенің 35,7 миллиарды бөлінді.
Лев Павлов, корреспондент
25.05.2022, 16:06