Меню CARMA.KZ

Сатып алу әлде жөндеу: қайсысы тиімді

Көлік сатып алу жоспарыңызда болса, онда дәл қазір сатып алғаныңыз жөн. Егер көлігіңізді ауыстыруға дайын болмасаңыз — сапалы сервис туралы ойлану қажет.

Ұзақ таңдай жасайтын адам, жағдайға қарай таңдауына тура келеді... — Ханте Томпсон.

Автокөлік — бұл шым-шытырық оқиғаға толы болатын дүние, көліктің әр кезгі қожайыны онымен неше түрліні басынан өткереді. Біреу темір тұлпарды досындай көреді, біреуге ол — отбасының бір мүшесі, тағы біреу сенімді көмекшісі әрі отбасының асыраушысы рет бағалайды. Автокөлікті таңдау мен оны сатып алу қай кезде де ұзақ ойланып-толғанып жасайтын үлкен оқиға болған.

Соңғы жылдарда автомобиль саласы індет, локдаун, микрочиптердің тапшылығы секілді түрлі кедергілерді бастан кешірді. Енді, міне, санкцияларға байланысты қиындықтарға тап келді. Бірқатар автоконцерн Ресейдегі өзінің бизнесін жапты. Көлік құрастыратын зауыттар қаңтарулы тұр. Логистика бұзылып, автокөліктерді тасымалдау күрделенді.

Мысалы, Бельгияда Ресейге жөнелтілген 5 000 автомобиль кеденде өтей тұр. Әрі олар жөнелтілетін басқа ел белгілі болмайынша сонда тұра бермек. Түбегейлі ресейлік саналатын АвтоВАЗ автоконцерні өзінің LADA модельдер желісін одан әрі құрастыруға мүмкіншілігі болмай қалды, себебі модельдердің бірде-бірі 100% жерсіндірілмеген.

Өндірушілер қиындықтарды алдымен бағамен еңсеруге әрекет етіп көрді. Яғни наурыз айында өндірушілердің бастамасымен және оған дилерлер қосылып, баға бірнеше рет көтерілді.

Ал тұтынушы не істеуі керек? Күтуі қажет пе? Нені күтуі қажет?

Қазір бағалардың төмендеуін күтудің қажеті жоқ. Сәуірде дилерлер арандарын тыйып, зауыттар ұсынған бағалар бойынша саудалай бастады. Бұған сатып алу қабілетінің төмендеуі мен несие мөлшерлемесінің жоғарылығы бәрібір рөл ойнады. Десе де олар бағаны ұсыныс етілген бөлшек сауда бағасынан төмендете алмайды, себебі дилерлер өзінің қоймаларын толтырып, қызметкерлеріне жалақы төлеу қажет. Оның үстіне несие мөлшерлемесінің жоғарылауы бизнеске үлкен әсер етеді.

Өндірушілер бағаларын қайта қарар немесе мысалы Қытайдан арзан автокөліктер тасымалдар деп әзірге күтпей-ақ қою қажет. Себебі жекелеген қосалқы бөлшектер немесе жиынтықтағыштарды, сонымен қатар дайын автокөліктерді жеткізудің құны 5 есеге өсті. Ал жеткізудің мерзімін нақты айтудың өзі қиын.

Ықтимал нұсқалардың бірі — LADA SE (SpecialEdition) қарапайым сериясының шығарылуын күте тұру. Иә, күтуге болады, бірақ маңызды бір нәрсені ескеру қажет... Автокөлік — бұл қауіпті құрал. Көлікті қауіпсіздік жастығы, ABS және ESP болмаған жағдайда пайдалану — қозғалыстың барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіпті. Аталмыш қауіпсіздік жүйелерін орнату туралы талаптардың әлем бойынша техникалық регламентттерге міндетті ретінде енгізілуі тегін емес.

Айтпақшы, техникалық регламент туралы: 2022 жылғы 25 сәуірде Ресейде «Дөңгелекті көлік құралдарының техникалық регламентіне» түзетулер күшіне енді. Ондағы талаптардың босаңсытулары кем дегенде 2023 жылғы ақпанның соңына дейін жалғасады. Олар Ресейде, Белоруссияда, Арменияда, Қазақстанда және Қырғызстанда көліктердің жайлылық пен қауіпсіздіктің кейбір жүйелерімен жарақтанбаған «қарапайым» нұсқаларын шығаруға мүмкіндік береді.

Бұдан шығатын қорытынды, өндірушілер жайлылық пен қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сай келетін автокөліктерді құрастыруды тек 2023 жылғы ақпанның соңында ғана қайта қолға алмақшы, соған сәйкес мұндай автокөліктер 2023 жылғы наурыз-сәуірде саудаға шыға бастайды. Тек бір жылдан кейін! Осы уақыт ішінде жиынтықтағыштардың балама жеткізушілерін іздеп тауып, логистиканы жолға қою қажет. Дегенмен олар бұған дейінгі жағдай секілді сенімнен шыққандар емес, баламалы жеткізушілер болары анық. Бұл өз кезегінде сапаға әсер етпей қоймайды: бәлкім жақсырақ болар, бәлкім ол керісінше болуы да мүмкін. Аталған автокөліктердің бағасы арзан болады деген ақпарат жоқ. Сондықтан көліктің қарапайым нұсқасы ақша жағынан үнемді деген сөз емес.

Егер көлік сатып алуды жоспарлаған болсаңыз, онда әзірге дилерлердің қоймаларында сенімді жеткізушілердің жиынтықтағыштарымен толық құрастырылған және әлемдік техникалық регламенттерге сәйкес келетін азды-көпті көліктің бірінен алып қалғаныңыз жөн. Оның үстіне дилерлерде trade-in, бөліп төлеу бағдарламасы, несие бойынша төлемді бірнеше айға шегеру секілді түрлі қаржылық құралдар бар.

Егер көлігіңізді ауыстыруға дайын болмасаңыз — онда сапалы сервис туралы ойланыңыз. Диагностикадан, жоспарлы немесе аралық ТҚ-дан, маусымаралық тексеруден өтіңіз. Көптеген ресми сервистер тиімді пакеттерді ұсынады. Қазіргі таңда дилерлерде түпнұсқа болып табылатын қосалқы бөлшектер қорын ұстап отыр және өз жұмыстарына кепілдік береді. Дилерлерде бейілділік бағдарламасы барын да назардан тыс қалдырмайық. Сол арқылы сіз алдағы уақытта алатын қызмет үшін қосымша кэшбек ала аласыз. Уақытылы әрі кәсіби сервис ешқандай несие жүктемесі жоқ көлігіңізді рахаттана тізгіндеуіңізге көмектеседі.

Сатып алу, жөндеу немесе күте тұру қажет пе — оны әркім өзі шешеді. Алайда автомобиль саласында жан-жақты өзгерістер болып жатқаны шындық. Қазір, заманауи электромобильдерге отыру туралы емес, өзіміз үйренген жайлылық пен қауіпсіздік, сенімділіктен амалсыз бас тарту жайын ойлайтын жағдай туындап тұр. Көпшілігімізге бағасына байланысты әдеттегіден төмен санаттағы автомобильге отыруға тура келмек. Сіз үшін қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс болатынын тезірек таразылайтын болсаңыз, таңдау мүмкіндігіңіз соншалықты көп.

Әр көліктің тарихы сәтті оқиғалармен өрілсін деп тілейік!

Ольга Харламова,
LADA операциялық маркетинг бөлімінің басшысы, Pragmatika Group

Авторский материал на CARMA.KZ

Авторский материал на CARMA.KZ, в котором позиция редакции может не совпадать с мнением автора
08.05.2022, 18:05