Ресми дилерлердің саудалаған көлігі 31 мыңнан асты
Төрт айдың қорытындысы бойынша жаңа көліктердің саудасы 8,5%-ға төмендеді.
Ресми дилерлер жыл басынан бері 31 189 бірлік техниканы саудалаған, олардың қатарында жеңіл көлік, жүк көліктері, автобустар, арнайы техника, тіркемелер және LCV бар. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 34 100 бірлік техниканы құрады. Осылайша, есептік кезеңде нарық 8,5%-ға төмендегенін көрсетті, деп хабарлайды Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының жетекшісі Артур Мискарян өзінің телеграм-арнасында.
Сәуірдегі ҮЗДІК-5 бренд:
- Chevrolet — 3 004 бірлік.
- Hyundai — 1 802 бірлік.
- KIA — 968 бірлік.
- Toyota — 950 бірлік.
- LADA — 798 бірлік.
Сәуір айының қорытындысы алғашқы ондықтағы сұранысқа ие брендтер бойынша сауда айтарлықтай азайғанын көрсетіп отыр. Мысалы, Nissan 81%-ға, Volkswagen — 81%-ға, GAZ — минус 78%-ға, Renault — минус 67%-ға азайды.
4 айдағы ҮЗДІК-5 бренд
- Hyundai — 8 675 бірлік.
- Chevrolet — 5 893 бірлік.
- KIA — 3 326 бірлік.
- LADA — 3 121 бірлік.
- Toyota — 3 094 бірлік.
Сарапшының пікірінше, тапшылық пен логистикалық мәселелерге қолайсыз геосаяси жағдай қосылып, нарықтың кейбір қатысушыларының жұмысына әсер етіп жатыр, қазақстандық нарықта сұраныстың тұрақты болуы — осының нәтижесі деуге болады.
«Қазіргі жағдайларда елімізде құрастырылған автомобильдерді сатып алушыларға біршама тиімді болып отыр: бір жағынан — импорттық автомобильдер бойынша ұсыныстармен салыстырар болсақ, бағалар шамалап қана өсті, екінші жағынан мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңіл шарттармен автомобиль алуға мүмкіндік бар», — деп санайды Артур Мискарян.
Валюта нарығындағы өзгерістерді атамай кетуге болмайды. 1 рубль үшін бағам 7 теңге болған жағдайда ресейлік тұтынушылардың Қазақстаннан автомобиль сатып алуды ойластыруына болады. Егер соңғы бір-екі айда «Ресейден сатып алушылардың ағылуы» ертегі боп көрінсе, ал қазір егер баға біраз уақыт бойы қазіргі деңгейде сақталатын болса, онда ресейліктерден сұраныс шындыққа айналуы мүмкін.
Олжас Сабитов, журналист
26.05.2022, 11:12