«АВТОВАЗ» АҚ жаңа президенті бекітілді
Директорлар кеңесі Максим Соколовты «АВТОВАЗ» АҚ президенті лауазымына бекіту туралы бірауыздан шешім қабылдады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, негізгі акционерлері Ресей Федерациясы мен «Ростех» мемлекеттік корпорациясы болып табылатын ресейлік жеңіл автомобильдердің алпауыт өндірушісі «АВТОВАЗ» АҚ-ның директорлар кеңесі Максим Соколовты акционерлік қоғамның президенті лауазымына бекіту туралы бірауыздан шешім қабылдады.
«Бүгін мен мыңдаған адам еңбек ететін «АВТОВАЗ» ұжымының бір мүшесі болғаныма қуаныштымын және ел басшылығы мен акционерлерге сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Компания 50 жылдан бері отандық жеңіл автомобильдерді әзірлеу мен өндіруде алдыңғы орында келеді, ал LADA бренді Ресейде әрқайсымызға және көптеген елдерде таныс. Сыртқы факторлардың әсері мен санкциялық қысымның жағдайында басты міндет кәсіпорынның еңбек ұжымын сақтап қалу, оны жұмыспен қамту және жұмыскерлердің алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау деп санаймын», – деп мәлімдеді «АВТОВАЗ» АҚ Президенті Максим Соколов.
Максим Юрьевич Соколов 1968 жылы 29 қыркүйекте Ленинградта туған. Ғылым кандидаты, оқытушы, кәсіби басқарушы. 2012 жылғы мамырда Ресей Федерациясының көлік министрі болып тағайындалған. 2018-2019 жылдары «Группа ЛСР» ӨАҚ жоғары лауазымдарды атқарды. 2019 жылдың соңында Санкт-Петербург вице-губернатор лауазымында болып, ол жерде Санкт-Петербургтің Көлік инфрақұрылымын дамыту, туризм, көлік, инвестиция жөніндегі комитет пен Өнеркәсіп саясаты, инновациялар мен сауда жөніндегі комитеттің жұмысына жетекшілік етті.
Лев Павлов, корреспондент
23.05.2022, 15:37