Автомобиль әлеуметтік маңызға ие
«Халық партиясы» фракциясының мәжілістегі депутаттары үкіметтен «Автомобиль нарығын одан әрі дамытудың экономикалық негізделген көрінісін» әзірлеуді талап етті.
Мәжілістің отырысында еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайыловтың атына сауал жолдай отырып сөз алған «Халық партиясы» фракциясының жетекшісі депутат Айқын Қоңыров «халық үшін автомобильдердің шын қолжетімділігін және экономика үшін тиімділігін арттыру қорытынды нәтиже болуы тиіс» деді. Ол Қазақстанда «автомобильдің әлеуметтік мәні артып бара жатқанын» айтты.
«Бір жағынан алғанда, бұл ондаған, жүздеген мың азаматтың табыс құралы. Бәлкім, жеке адамдардың тасымалмен айналысуы экономика үшін аса бір өндірістік қызмет түрі болып табылмайтын шығар. Бірақ есесіне адамдар өз нәпақаларын өздеріп тауып жүр», – деп мәлім етті Қоңыров мырза.
Екінші жағынан алғанда, оның айтуынша, әсіресе қоғамдық көлік жеткілікті дамымаған аймақтар мен ауылдық жерлерде, сонымен қатар жолаушылар тасымалы біртіндеп тоқырап бара жатқанда «автомобиль баламасы жоқ көлік түріне айналып отыр».
Осы тұрғыдан келгенде «Халық партиясының» депутаттары үкімет «автомобиль нарығын одан әрі дамытудың экономикалық негізделген көрінісін түрлі даму нұсқаларын көрсете отырып» ұсынуы тиіс деп талап етеді. Олардың пікірінше, «автомобильдерге сұраныс артқан қазіргі жағдайда нарықтың әдеттегі әдіс-тәсілдері баяғыда есірген».
«Қазақстанда автомобильдердің қолжетімділік индексі жасалмайды. Алайда болжалды бағалаулар бойынша, жаңа көліктердің қолжетімділігі бойынша еліміз төменгі орындардың бірінде тұр», — деп атады Айқын Қоңыров.
Сонымен бірге «Халық партиясы» франкциясының депутаттары жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде үкіметтің қимыл-әрекетін сынға алды. Атап айтқанда, мысалы «қарапайым азаматтар үшін жаңа автомобильдердің қолжетімділігін арттыру, адамдарға көмектесу игі мақсатымен құрылған бағдарламаға бюджеттен қыруар қаражат бөлінді», нәтижесінде «оны ұйымдастыруда кеткен көптеген кемшілік әлеуметтік шиеленісті күшейтіп, мемлекетті тағы да ақталып, қателіктерді түзеуші қылып шығарды».
«Жағдайды түзеуге және түсіндіру жұмыстарына үлкен күш жұмсалып жатыр», — деп мәлімдеді Айқын Қоңыров.
Депутаттар «олқылықтан сабақ алып, мемлекеттік бюджет пен қарапайым қазақстандықтардың қалтасын қағатын қателіктерді қайталай беруді доғару қажет» деп санайды. Әсіресе, «ықтимал салдардың, оның ішінде пилоттық жобаларды енгізу арқылы жалпы кешенді модельдеуді алдын ала жүргізбестен мемлекеттік бюджеттен қаржыландыра отырып ірі бастамаларды іске асыруға тыйым салу қажет» деді.
Вадим Григорьев, журналист
30.05.2022, 07:48