Урал мотоциклдарының өндірісі Ресейден Қазақстанға көшіріледі
Арбалы ауыр мотоциклдар бұған дейін Свердлов облысында шығарылып келсе, енді олардың өндірісін Перопавлда жолға қою көзделіп отыр.
Арбалы ауыр мотоциклдар шығарумен айналысатын Ural Motorcycles компаниясы өндірісін Ресейден Қазақстанға көшіруде.
Санкцияға тап болған бірқатар жиынтықтардың жетіспеушілігіне, сонымен қатар Ресейден техника импорттауға салынған тыйымға байланысты осындай шешім шығарылған. Ural мотоциклдарының көп бөлігі батыс елдеріне, оның ішінде АҚШ-қа жөнелтіліп келді, деп жазады autonews.ru.
Ural Motorcycles кәсіпорнының жаңа құрастыру алаңы Ирбиттегі (Свердлов облысы) бұрынғы өндірістік алаңынан 600 шақырым қашықтықта орналасқан Петропавлда құрылады. Әйтсе де Ирбит мотоицкл зауытының өзінде де жұмыс жалғасын таппақ. Онда мотоциклдарға арналған рамалар мен корпустың бөлшектері жасалып, әрі қарай боялған түрінде Петрпавлдағы алаңға жеткізілетін болады.
Хаиттың айтуынша, компания бұрынғы кәсіпорындағы штат санын қысқартып, Петропавлдан жаңа қызметкерлер алуға мәжбүр. Десек те негізгі басқарушы құрам Ресейден Қазақстанға қоныс аударады.
ИМЗ биылғы жылғы сауда айтарлықтай азаяды деп болжап отыр әрі оны тек Украинадағы жағдаймен ғана емес, сонымен бірге көптеген өзге факторлармен байланыстырады.
«Біріншіден, «Урал» зауытына санкция салынбаған. Ресейлік компаниялардың барлығы бірдей санкцияға іліккен жоқ. Олардың нақты тізімін батыс елдері айқындаған. Менің білуімше, «Урал» бұл тізімде жоқ. Ендеше зауыт белгілі бір себептерге байланысты орнын ауыстырып, Қазақстан аумағында кәсіпорын ашпақ екен, біз неге оны теріске шығаруымыз керек? ИИДМ біздің мемлекеттеріміз арасында айқындалған қағидаларды ұстанады, сондықтан осында болуы тиіс емес кәсіпорындар болмайды, ал осында болуға құқығы бар кәсіпорындар, осында болады», – деп пікір білдірді БАҚ-қа ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.
Ural Motorcycles арбалы жол талғамайтын ауыр мотоциклдардың әртүрін шығаратын әлемдегі жалғыз компания. Олар 41 ат күшіне тең және айналу сәтін 52 Нм күшейте алатын 749-текшелік екіцилиндрлі қозғалтқышпен жарақтандырылған. Мотор бессатылы (төрт алдыңғы және бір артқы) беріліс қорабымен жұмыс істейді. Демек, Ural Motorcycles-ті кеңестік клиссикалық «Урал» маркасының ізін басушы деп атауға әбден болады. 2000 жылдары Ирбиттегі банкроттыққа ұшыраған кәсіпорынды араларында Илья Хаит та бар, бір топ инвестор сатып алған болатын.
Ural Motorcycles-тың негізгі сатылу нарығы – АҚШ. Ондағы барлық штатта дерлік компанияның бірнешеден дилерлік орталығы бар. Мысалы 2022 жылғы Gear Up жаңа моделінің бағасы 18,9 АҚШ долларынан басталады.
Лев Павлов, корреспондент
26.04.2022, 13:38