Меню CARMA.KZ

Микрочиптер нарығындағы дағдарыс аяқталуға жақын ба?

Volkswagen концерні өзінің аса сұранысқа ие модельдерінің бірқатар функциясынан бас тартып жатыр. АҚШ-та сатылып келген Volkswagen маркалы автомобильдер үшін бұған дейін стандартты саналған бірқатар опциялар микрочиптер нарығындағы дағдарысқа байланысты алынып тасталмақшы.

General Motors концернінің басшысы Мэри Барраның микрочиптер дағдарысы аяқталуға жақын деп мәлімдегеніне қарамастан, микрочиптерді жеткізудегі мәселені шешу үшін өз автомобильдерінің жиынтықтарына түзету жасайтын компаниялардың тізіміне Volkswagen де енді. Опциялар жоқ па, яғни мәселе де жоқ.

Атап айтсақ, Edmunds дереккөзінің хабарлауынша, VW-ның бірден бес моделінде (Atlas және Atlas Cross Sport, Taos, Tiguan, сондай-ақ Jetta седаны) АҚШ нарығы үшін соқыр аймақты мониторингілеу функциясы болмайтын болды. Golf GTI және Golf R модельдері тоғыз динамиктен тұратын Harman Kardon акустикалық жүйесімен қош айтысады. Бұл өзгерістер тек базалық жиынтықтағыларға ғана қатысты, ал ілкімді нұсқалар бұрынғысынша жарақтандырыла бермек деп отыр.

Соқыр аймақтарды мониторингілеу және кілтсіз қол жеткізу секілді белгілі функциялардан бас тартып отырған VW концернінің еншілес компаниясы Audi тіпті оларды барлық модельдеріне орнатпайтын болып шешті.

Мұндай әрекеттер өндірушілердің нарықтағы микрочиптердің тапшылығын айналып өтуге көмектесуге тиіс, десек те шетелдік сарапшылар мұны микрочиптерге деген сұраныс құрылымындағы өзгерістермен және мобильді гаджеттердің сатылу көлемінің азаюымен байланыстырады.

Лев Павлов

Лев Павлов, корреспондент
29.04.2022, 22:42