Меню CARMA.KZ

БАҚ және қазақстандық нарыққа «ентелеген» ресейліктер туралы

Қазақстандық телеарналардың бірінің эфиріне «Қазақстанда ресейліктерден автокөліктерге сұраныс 10 есе өсті» деген тақырыппен жаңалық берілді.

Қазақстандық телеарналардың бірінің эфиріне «Қазақстанда автокөліктерге ресейліктерден сұраныс 10 есе өсті» деген тақырыппен жаңалық берілді.

Сюжетте спикер ретінде сөз алған «Автодом-Қостанай» сауда бөлімінің жетекшісі Евгений Бибердің сөзімен телеарна келесіні мәлім етті:

«Жаңа автокөлік іздеген Ресей азаматтары қазақстандық нарыққа тұра ұмтылды. Көрші ел тұрғындарынан елімізде құрастырылған машиналарға сұраныс биылғы жылғы ақпанмен салыстырғанда 10 есе өсті. Және бұл Қостанайдағы бір дилерлік орталықтағы көрсеткіші».

Кейбір қазақстандық БАҚ дәйек ретінде келтірген телеарнаның хабарламасында «сарапшылар (қандай сарапшылар екені нақтыланбайды) ресейліктердің мұндай қызығушылығын Еуропадан дайын машиналардың жеткізілуі мен әлемдік автоөндірушілердің Ресей аумағындағы зауыттарының жұмысы тоқтауымен байланысты екенін түсіндіреді».

CARMA.KZ редакциясының пікірінше, бұл жағдай қазақстандық журналистиканың, оның ішінде іскерлік журналистиканың жалпы мән-жайынан хабар береді. Ең біріншіден жаңалықта шынайы мәмілелер туралы ешбір нақты сан жоқ — тек қызығушылық артқаны туралы ғана сөз етілді.

Ресейліктер Қостанайға 2022 жылғы ақпанда бір рет, ал наурызда 10 рет қоңырау шалды деп болжайтын болсақ, онда әрине бұл тенденция. Әділбек Жақсыбеков индустрия министрі болған сол бір жылдары машина жасау 800%-ға өсті деп баяндағаны есімізде. Шын мәнісінде Павлодар трактор зауыты соған дейін бір жылда 1 трактор, ал есептік жыл ішінде 8 трактор шығарғаны белгілі болды.

Жекелеген бизнестердің нені қай жерден арзандырақ сатып алуға болады деген қызығушылық танытуы мүмкін екені түсінікті. Тіпті CARMA.KZ редакциясы нақты оқиғалардан хабардар. Алайда ресейліктер автокөлік сатып алуға Қазақстанға қарай жөңкілді (10 есе көп!) деу — мағыналық тұрғыдан ақымақтық, БАҚ тұрғысынан хайп және жекелеген қатысушылар тарапынан нарықта айла-шарғы жасау болып табылады.

Жаңа көліктердің бағасының өскенін ескерген күннің өзінде, егер кросс-бағам бойынша есептеу жүргізсек, әсіресе сатып алатын көлікке ілеспе шығыстарды қоса есептейтін болсақ Қазақстанда автокөлік арзан емес.

Павел Федотов

Павел Федотов, технический директор CARMA.KZ
18.03.2022, 09:00