Қазақстанның автомобиль нарығының 2021 жылғы қорытындысы – АТМО есебі
Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы Қазақстанның автомобиль нарығы 2021 жылдың қорытындысы туралы есепті жариялады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша шыққанына 2 жыл толмаған 128,7 мың жаңа автомобиль тіркелген. АТМО-ның алдын ала жасаған қорытындысында нарықты 128,5 мың бірлік деңгейінде болады деп болжаған еді. Болжамның дәлдігі 99,84%-ды құрап отыр.
Әлемдік автомобиль нарығында орын алып жатқан проблемаларға, атап айтқанда, электрондық құрамдастардың тапшылығынан автомобильдердің жетіспеушілігі, логистикамен байланысты проблемадан жеткізу тізбегінің қатты бұзылуына, материалдар құнының айтарлықтай өсуі мен жаһандық инфляцияға қарамастан қазақстандық автомобиль нарығы 2020 жылмен салыстырғанда 31%-ға өскен. Бұл ең алдымен 2020 жылғы төмен базаға, COVID-19 індетіне қатысты шектеу шараларына байланысты болды.
Десек те жаһандық автомобиль нарығы жеңіл автомобиль мен коммерциялық жеңіл автомобильдердің саны 81,3 млн-ға жетіп, 2020 жылмен салыстырғанда 4,6%-ға өсті.
«Автоөндірушілердің халықаралық ұйымы» (ОІСА) мәліметтері бойынша 2021 жылдың 9 айында (толық 2021 жылдың есебі әлі жарияланған жоқ) 53,8 млн автомобиль өндірілген, бұл 2020 жылға қарағанда 10%-ға көп (әлем бойынша қатаң «локдаун» болғандықтан), және 2019 жылмен салыстырғанда 19%-ға аз.
Есептің егжей-тегжейін және инфографикамен Орталықтың сайтынан танысуға болады.
Лев Павлов, корреспондент
10.02.2022, 19:57