Меню CARMA.KZ

Қазақстандық ресми дилерлер 117 мыңнан астам жаңа автомобильді саудалады

Бір жылда жаңа автомобильдердің саудасы жалпыәлемдік тапшылық жағдайында 30%-ға дерлік өсті.

2021 жылғы желтоқсанда қазақстандықтар ресми дилерлерден жеңіл көліктер, LCV, жүк көліктері, автобустар мен арнайы техниканы қоса алғанда 10,8 мың бірлік техника сатып алған. Бұл 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 10,5%-ға көп, деп хабарлайды «ҚазАвтоӨндіріс» басқарма төрағасының орынбасары Артур Мискарян өзінің телеграм-арнасында.

Былтыр төрт ай қатарынан сауда айына 10 мың деңгейінен жоғары болды, яғни сұраныс тұрақты болғанын дәлелдейді.

Желтоқсандағы 5 үздік бренд:

  • Hyundai — 2 409 бірлік.
  • Chevrolet — 1 919 бірлік.
  • LADA — 1 202 бірлік.
  • Toyota — 1 106 бірлік.
  • KIA — 934 бірлік.

Қазақстан нарығында алдыңғы орында болған LADA жылдың қорытындысы бойынша аса сұраныстағы бес брендтің бірі болып қала берді, әйтсе де өткен жылда саудасы 100%-ға төмендегенін байқадық.

2021 жылғы 5 үздік бренд:

  • Chevrolet — 29 112 бірлік.
  • Hyundai — 22 736 бірлік.
  • Toyota — 13 847 бірлік.
  • KIA — 9 707 бірлік.
  • LADA — 9 358 бірлік.

«Болжамдарға сәйкес, өткен жылы қазақстандықтар автосалондардан 117,6 мың жаңа автомобиль сатып алып, нарық 30%-ға жуық өскенін көрсетті. Әлем бойынша автомобильдерге тапшылық туындап отырған жағдайда Қазақстан саудада өсім көрсеткен санаулы нарықтардың бірі.

Сонымен бірге  жаңа автомобильдердің жалпыәлемдік сауда өсімі 5%-ды құрады, әлемде өткен жылы 81,3 млн автомобиль сатылған. 2022 жылы әлем бойынша, сонымен қатар қазақстандық автонарықтағы жағдайды негізінен өндірушілердің мүмкіндігі айқындайтын болады деп біршама сенімді түрде болжай беруге болады» — деп жазады Артур Мискарян.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
31.01.2022, 10:38