Қазақстандағы автомобильдер паркі мен оның жасы — зерттеу
2021 жылдың басында автомобиль паркі (жеңіл автомобильдер + коммерциялық жеңіл техника) 3,76 млн автомобильден тұрса, олардың орташа жасы20 жылды құрайды.
Автонарықты талдау жән мониторингілеу орталығының хабарлауынша, Пайдаланудан шыққан көлік құралын кәдеге жарату бағдарламасының жұмыс істеп жатқанына қарамастан парктің қартайып бара жатқаны байқалады. 2017 жылдың басында автомобильдердің жасы биылғы жылмен салыстырғанда 1,5 жылға төмендеп, 18,5 жылды құрады, ал парк саны 3,78 млн автомобильді құрайды.
Сонымен бірге айта кетер жайт, парктің 50%-ы — 1,9 млн автомобиль 20 жылдан асқан болса, тағы 21%-ының шыққаны 10 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты құрайды (олардың саны 800 мың). Шыққанына 10 жылға дейінгі автомобильдердің үлесі — 29% немесе 1,1 млн автомобиль (оның ішінде 5 жылға дейінгілері — 322 мың автомобиль).
АТМО зерттеулерімен толығырақ Орталықтың сайтынан танысуға болады.
Лев Павлов, корреспондент
05.01.2022, 11:05