Қазақстан нарығында автомобильдердің орташаға құны 2021 жылы қалай өзгерді
2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша жаңа автомобильдің орташа құны 11,3 млн теңгені құрады.
Жаңа автомобильдің ұлттық валютадағы орташа құны 2015 жылдың соңы — 2016 жылы айтарлықтай өскен. Аталған кезеңде ол + 84%-ды құрады, оған себеп — теңгенің девальвацияға ұшырауы. 2017 жылы бағалар тағы 16%-ға көтеріліп, әрі қарай 2020 жылға дейінгі уақытта баға жыл сайын орташа 8%-ға өсіп отырған, деп хабарлайды Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы (АТМО) өзінің 2021 жылғы қазақстандық автонарыққа алдын ала жасалған қорытындылар туралы есебінде.
2020 жылы автомобильдер 1% «арзандады», бұл ең алдымен «БИПЭК АВТО - АЗИЯ АВТО» МК (1-бағдарламасы: «LADA Granta дұрыс таңдау» 2 700 000 теңгеге; 2-бағдарламасы: «LADA 4x4 сұраныстағы жол талғамайтын көлік» 3 400 000 теңгеге) және «Аллюр» Компаниялар Тобы» АҚ-ның «Ravon Nexia от 2 990 000 теңгеден» бағдарламасына байланысты болды.
Жаңа LADA Granta-ның қазіргі ең төменгі құны kolesa.kz сайтында 5 300 000 (+96%) құрайды (дистрибьютердің сайтында бағасы көрсетілмеген), дистрибьютордың сайтында LADA 4x4-тің құны 5 390 000 теңге (+59%), Chevrolet Nexia-ның құны 5 290 000 теңге (+77%) деп көрсетілген.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда 2021 жылы орташа құнының өсуі +24%-ды құрады, бұл ең алдымен өнім құнының жалпы әлем бойынша өсуіне байланысты болды. Ресейде, РФ өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуровтың сөзінше, шетелдік автомобильдердің құны 20%-ға өскен.
АТМО зерттеулерімен орталықтың сайтынан толығырақ танысуға болады.
Лев Павлов, корреспондент
31.12.2021, 11:09