Меню CARMA.KZ

2021 жылдағы өндірістің алдын ала қорытындылары: 68 мың жеңіл көлік шығарылған

11 айдың нәтижелері бойынша Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындары жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, автобустар, арнайы техникалар мен тіркемелерді қоса алғанда 83 941 бірлік техника шығарған.

Санын есепке алғанда есептік кезеңде өндірістің өсуі 20,4%-ды құрады. Осы параметр бойынша 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде қазақстандық көлік өнеркәсібі 53,9%-ға өсім көрсетті, деп жазады «ҚазАвтоӨнеркәсіп» қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Артур Мискарян өзінің телеграм-арнасында.

Техника түрлері бойынша өндіріс:

  • Жеңіл көлік — 68 328 бірлік;
  • Жүк көліктері — 9 205 бірлік;
  • Автобустар — 1 019 бірлік;
  • Тіркемелер — 686 бірлік;
  • Арнайы техника — 4 703 бірлік.

Дайындаушы-зауыттар бойынша өндіріс:

  • СарыарқаАвтоПром — 50 012 бірлік;
  • Hyundai Trans Kazakhstan — 22 636 бірлік;
  • СемАЗ — 3 782 бірлік;
  • КАМАЗ- Инжиниринг — 1 388 бірлік;
  • Hyundai Trans Auto — 689 бірлік;
  • Daewoo Bus Kazakhstan — 245 бірлік;
  • УральскАгроРемМаш — 90 бірлік;
  • Stahlbau — 70 бірлік.

2021 жылдың қарашасының нәтижелері бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 12 636 бірлік техника шыққан, бұл қазандағы көрсеткіштен айтарлықтай көп.

«Жыл бойына нарық пен тұтынушылар елдің ішіндегі өндірістік қуаттылықтардың жетіспеушілігіне, құрамдастардың тапшылығы мен жеткізу тізбегіндегі кідірістерге мойынсұнуға тура келді. Алдын ала бағалаулар бойынша жылдың соңына қарай Қазавтоөнеркәсіп кәсіпорындары жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, тіркемелер мен арнайы техниканы қоса алғанда 94-97 бірлік техника шығаратын болады», — деп жазады Артур Мискарян.

Олжас Сабитов

Олжас Сабитов, журналист
29.12.2021, 11:16