Меню CARMA.KZ

Электромобильдерге утиль алым туралы

Литер газетіне осы тақырып бойынша материал жарық көріп, онда автор «Электромобильдерге нөлдік баждан бас тарту туралы жаңалықпен қатар бір уақытта РОП Операторы 2020 жылғы 4 маусымнан бастап электр қозғалтқышты машиналар утильдік алымнан босатылады деп хабарлады» деп атап өткен.

Электромобильдерден алынатын утильдік алым 150 АЭК-ке тең, ал бүгінгі күні бұл мөлшерлеме 450 мың теңгені құрайтынын айта кетейік. Жалпы электромобильдердің старттық бағасы орташа алғанда 60-70 мың доллар немесе 30 млн теңге. Соған сәйкес, осынау баға тұрғысынан келгенде 450 мың сатып алу кезінде айқын фактор болып табылмайды.

Қалай болғанда да утильдік алымды жою ІЖҚ автомобильдер мен электромобильдердің арасындағы баға айырмашылығын айтарлықтай азайта алмайды. Қазіргі жағдайда электромобиль әдеттегі автомобильден 1,5-2 есе қымбатырақ. Аталған мәселені шешу үшін жаңа технологиялық шешімдер немесе батареялар мен электрқозғалтқыштардың бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін әлемдік масштабта жаңалықтар жасалуы керек.

Ал алым мен баж халықтың жаппай электромобильдерге отыруына ықпал ететін құралдар емес. Оған қоса жақын аралықта шешіле қоюы неғайбыл инфрақұрылым проблемасы тағы бар.

Артур Мискарян

Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
26.05.2021, 14:45