Меню CARMA.KZ

Ресми дилерлер неліктен жүрілген көліктер нарығына бет алды

Себебін қысқа қайырар болсақ – ол да нарық. Негізі осымен-ақ талқылауды доғара салуға болар еді, бірақ біздің бұл жайында айтарымыз бар.

Жүрілген автокөліктер нарығының көлемі жаңа автокөліктер саудасының көлемінен бірнеше есе үлкен екенін айта кеткен жөн. 2013-2014 жылдары елімізде 2-3 дилер ғана трейд-ин (ескі көлікті жаңасына айырбастау) немесе автокөлікті сатып алу қызметін ұсынды. Қазір жағдай басқаша — ұсталған көліктер нарығында барлық дилерлік топтар бар. 
Жаңа автокөліктердің сауда соңғы жылдары өсіп барады, бірақ бұл динамикаға халықтың кіріс деңгейі, жаңа автокөліктердің тапшылығы және бағаның өсуі кері әсер етіп жатыр. Орташа табыс табатын сатып алушы үшін бұл нені білдіреді?
Адам белгілі бір ақша сомасын жинап бола берген кезінде өзіне қандай көлік қажет екенін айқындай бастайды. Осылайша клиент бар ақшасын қалтасында салып автосалонға келгенінде, келесідей жәйттерге қанық болады: 
1.    Іздеген автокөлігінің бағасы өзгеріп кеткен (баға жиі өзгереді, себебі нарықта тапшылық бар).
2.    Көздеген автокөлігі сатылымда жоқ, ал бірнеше ай күтуге мүмкіндік/ниет жоқ және іздеген автокөлігі сатылымға келген кезде бағасы өсуі ықтимал. 
Ал көлікті қалай да алу қажет. Сондықтан әрекет етудің екі нұсқасы бар:
1.    Іздеген автокөлігі қандай болуы тиіс деген ойын өзгертіп, санаты төмен автокөліктер бойынша ұсыныстарды қарастыру қажет, бірақ бұл жерде б тармағынан проблема туындауы ықтимал (әсіресе бюджеттік сегментте тағы да тапшылық болуы мүмкін)
2.    Қайталама нарықтағы ұсыныстарды қарап көру, ол жерден негізі қай кезде де өзің іздеген көліктен санаты әлдеқайда жоғары автомобильді табуға болады, алайда ұсталған автокөлікті сатып аларда тәуекелге баруға тура келеді. 
Дилер жағдайға қарай әрекет етеді, сондықтан жүрілген көліктер нарығында өздерін барынша көрсетуге тырысатынын соңғы уақыттарда аңғарып та жүрміз. Бизнес үшін бұл өсуге мүмкіндік, ал тұтынушыға — жүрілген автокөлікті сатып алу барысында ықтимал тәуекелдің төмен болуы, себебі кез келген автосалонда саудаға түскен жүрілген автокөліктердің құжаттары мен техникалық жағдайы жіті тексеруден өтетіні белгілі.

Артур Мискарян

Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
11.03.2021, 14:47