Сегменттер бөлінісіндегі автомобиль нарығы: 2020 жылдың қорытындысы
Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының «ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы 2021 жылдың қорытындысы бойынша сегменттер бөлінісіндегі жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобильдердің сауда динамикасын жариялап отыр.
Есептік кезеңнің нәтижелері бойынша ресми дилерлер 89 097 автомобильді саудалаған, бұл 2019 жылғы нәтижеден 24,8%-ға жоғары.
Қазақстандық нарықтың ең ірі сегменті — компакт санаттағы автомобильдер (В-сегмент), олардың үлесі 45,8%, немесе 40 777 бірлікті құрады. 2019 жылмен салыстырғанда нарықтың аталған сегменті 76,9%-ға өскен. Үздік үштікті Lada Granta (7 558 бірлік; +50,1%), Ravon Nexia (5 945 бірлік; +98,9%) және Hyundai Accent (5 160 бірлік; +47,6%) құрады.
Қазақстандықтар арасында салыстырмалы түрде алғанда кроссоверлер мен жол талғамайтын көліктер аса сұранысқа ие. SUV санаттағылардың үлесі 35,9% немесе 31 975 бірлікті құраған, өсім 6%. Бұл жерде Hyundai Tucson (4 903 бірлік; +4,8%), Hyundai Creta (3 495 бірлік; +28,3%) және Lada 4х4 (3 188 бірлік; -14,8%) көш бастап тұр.
Toyota Camry (4 297 бірлік; -32,9%), Hyundai Sonata (943 бірлік; өсім 4,7 есе) және Chevrolet Malibu (305 бірлік.) автомобильдері D-санаттағы (6,7%; 5 929 бірлік) отбасылық автомобильдер арасында аса сұранысқа ие көліктердің үштігіне жатады.
Коммерциялық жеңіл автомобильдер (LCV) сегменті нарықтың 5,6% үлесіне ие, немесе 4 998 бірлік техника. Бұл жерде GAZ Next (2 682 бірлік; +32,6%), UAZ 3909 (597 бірлік; -2,1%;) және UAZ 3962 (262 бірлік; +30%) алдыңғы орында тұр.
Жағымсыз динамиканы С-сегмент немесе гольф-санат көрсетті (3,5%; 3 155 бірлік), мұндағы сауда 39,4%-ға төмендеген. Көшбасшылардың барлығының саудасында айтарлықтай құлдырау болған салғыз сегмент осы. Оның рейтингісі келесідей болды: Hyundai Elantra (2 027 бірлік; -23,3%), Toyota Corolla (693 бірлік; -49,7%) және KIA Cerato (318 бірлік; -42,5%).
Қалған сегменттердің үлесі 2% межеге жетпейді. Үлесі өте мардымсызы спорткупе болды, S сегментке сауданың 0,03% тиесілі.
ҚР автомобиль нарығы сегменттерінің рейтингі, 2020
Сегменттер/модельдер |
Саны, бір. |
Үлес, % |
Динамика, % |
B (компакт санат) |
40 777 |
45,8 |
76,9 |
Lada Granta |
7 558 |
8,5 |
50,1 |
Ravon Nexia |
5 945 |
6,7 |
98,9 |
Hyundai Accent |
5 160 |
5,8 |
47,6 |
SUV (кроссоверлер мен жол талғамайтындар) |
31 975 |
35,9 |
5,9 |
Hyundai Tucson |
4 903 |
5,5 |
4,8 |
Hyundai Creta |
3 495 |
3,9 |
28,3 |
Lada 4x4 |
3 188 |
3,6 |
-14,8 |
D (отбасылық санат) |
5 929 |
6,7 |
-16,6 |
Toyota Camry |
4 297 |
4,8 |
-32,9 |
Hyundai Sonata |
943 |
1,1 |
373,9 |
Chevrolet Malibu |
305 |
0,3 |
- |
LCV (коммерциялық жеңіл авто) |
4 998 |
5,6 |
31,5 |
GAZ Next |
2682 |
3,0 |
32,6 |
UAZ 3909 |
597 |
0,7 |
-2,1 |
UAZ 3962 |
234 |
0,3 |
30,0 |
C (гольф-санат) |
3 155 |
3,5 |
-39,4 |
Hyundai Elantra |
2 027 |
2,3 |
-23,3 |
Toyota Corolla |
693 |
0,8 |
-49,7 |
KIA Cerato |
318 |
0,4 |
-42,5 |
PickUp (пикаптар) |
1 179 |
1,3 |
-7,2 |
Toyota Hilux |
746 |
0,8 |
-27,4 |
JAC T6 |
237 |
0,3 |
189,0 |
UAZ Patriot Pickup |
75 |
0,1 |
63,0 |
MPV (минивэндер) |
561 |
0,6 |
190,7 |
Chevrolet Damas |
521 |
0,6 |
- |
Volkswagen Caravelle |
21 |
0,02 |
16,7 |
Volkswagen Transporter |
19 |
0,02 |
-48,7 |
E (бизнес-санат) |
300 |
0,3 |
-17,4 |
Lexus ES |
212 |
0,2 |
-11,7 |
BMW 5 |
46 |
0,1 |
-27,0 |
Audi A6 |
15 |
0,02 |
87,5 |
A (микроавтомобильдер) |
134 |
0,2 |
31,4 |
Ravon R2 |
85 |
0,1 |
2025 |
KIA Picanto |
49 |
0,1 |
-50 |
F (өкілдік санат) |
65 |
0,07 |
-21,7 |
BMW 7 |
18 |
0,02 |
50 ,0 |
Jaguar F-Type |
15 |
0,02 |
-28,6 |
BMW 8 |
10 |
0,01 |
233,3 |
S (спорткупе) |
24 |
0,03 |
-17,2 |
PORSCHE Cayman/Panamera |
13 |
0,01 |
- |
PORSCHE Taycan |
5 |
0,01 |
- |
PORSCHE 911 Turbo |
3 |
0,003 |
- |
Барлығы (сегменттер бойынша) |
89 097 |
|
24,8 |
Лев Павлов, корреспондент
03.02.2021, 08:55