Меню CARMA.KZ

Mazda Владивостоктан кеткенімен, қайтып оралуы мүмкін

Көлік құрастыратын кәсіпорын 3 жыл ішінде кері сатып алу шартымен, құны 1 еуроға ресейлік «Соллерс» тобына табысталды.

Mazda Владивостоктан кеткенімен, қайтып оралуы мүмкін / Фото: riamediabank.ru
Mazda Владивостоктан кеткенімен, қайтып оралуы мүмкін / Фото: riamediabank.ru

Жапонның Mazda Motor көлік өндірушісі Владивостоктағы жапон маркасының автомобильдерін шығаратын зауыттағы үлесін ресейлік «Соллерс» тобына өткізу жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Интерфакс.

Ресейлік ресурс Mazda-ның кезекті қаржылық тоқсанының қорытындысы бойынша жасаған есебіне сілтеме жасап отыр. Тиісті келісім қазан айының 24-інде жасалған. Жапон концернінің 50%-ын сатып алу жөніндегі мәміледе үлес құны 1 еуроға сатылғаны және жапон көлік өндірушісі алдағы 3 жыл ішінде БК-дағы үлесті кері сатып алу құқығын сақтап қалатыны қарастырылған.

«Тапсыру шарасы тиісті органдардың мақұлдауын алғаннан кейін өте қысқа уақыт ішінде жүзеге асады», — делінген Mazda есебінде.

Концерн үлесті тапсыруға байланысты 12 млрд иен — қазіргі бағам бойынша 52 млн доллардан сәл асатын шығынды қайтаруды жоспарлап отыр. Mazda өкілдерінің айтуынша, наурыз айында көлік бөлшектерін жеткізу тоқтатылған соң және сәуірдің соңында бірлескен кәсіпорын қызметін тоқтатқаннан кейін «Соллерс» тобымен келіссөздерді жүргізе бастаған, бірақ бизнесті одан әрі жалғастырудың мүмкіндігі жоқ екенін аңғарған.

 «Соллерс» болса, бірлескен кәсіпорындағы жапон өндірушісінің үлесін сатып алу жөнінде келісім жасалғанын растады және келесі, 2023 жылы Владивостоктағы зауытта жаңа өнімдерді іске қосуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Биылғы наурызға дейін Владивостокта Mazda CX-9 және Mazda CX-5, сондай-ақ Mazda 6 седаны шығарылып келді. Былтыр кәсіпорын 29 мың көлік шығарған. Еуропаның бизнес қауымдастығының дерегі бойынша, Mazda Ресейде 2021 жылы 29,177 мың автомобиль сатыпты.

Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 10,6%-ға артық, сол жылы Mazda өзінің рекордын жасап, Ресейдегі жаңа автомобильдер саудасының 1,8%-ын иеленген болатын. Алайда биылғы он айдың қорытындысы бойынша Mazda Ресейде 8,494 мың бірлік көлік сатып, саудасы 63,7%-ға құлдырап кетті. Осының салдарынан оның ресейлік көлік нарығындағы үлесі 0,1%-дан 1,7%-ға қысқарып қалды. Mazda-Sollers зауыты 2012 жылы іске қосылды, оның жобалық қуаты жылына 100 мың автомобиль шығара алады, яғни рекорд орнатқан 2021 жылдың өзінде ол тек төрттен біріне ғана жүктеулі болған.

Ресейдің «Соллерс» автомобиль жасаушы тобы биылғы қыркүйектің соңында Mazda-мен Қиыр Шығыста БК аясында автомобиль шығаруды тоқтату және босаған қуаттылықтарды болашақта басқа брендтерді шығаруға жүктеу үшін жапондықтардың үлесін сатып алуды талқылап жатқандығын мәлімдеген. «Соллерс» өкілдерінің айтуынша, зауытты қайта жүргізу жөніндегі келіссөздер аяқталуға жақын, бірақ Mazda-ның орнына қандай марка келетіні әзірше белгісіз. 2022 жылдың шілде айында Қиыр Шығыстағы зауытқа құрамында Geely компаниясының өкілдері де бар Қытайдан делегация келген болатын. Ал оған дейін Chery-мен әріптестік туралы келіссөз жүргізілген еді. Алайда бұған қатысты қытайлық компания әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
11.11.2022, 15:01