Меню CARMA.KZ

Ресейде нарықтан 400-ден астам Lexus NX кроссоверін кері қайтарады

Оған автомобиль компьютерінің дұрыс жасақталмауынан қозғалыс жолағын қадағалау және тайғанауға қарсы жүйесінде іркілістің туындауы себеп болды.

Ресейде нарықтан 400-ден астам Lexus NX кроссоверін кері қайтарады / Фото: Lexus
Ресейде нарықтан 400-ден астам Lexus NX кроссоверін кері қайтарады / Фото: Lexus

Ресейде Toyota Motor компаниясы 19 қыркүйекте 2022 жылдың 16 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін сатылған 419 Lexus NX 250 және NX 350 кроссоверлерін кері қайтарып алатынын жариялады, деп хабарлайды Росстандарт сайты.

Бұл көліктерді кері қайтарып алудың негізгі себебі басқару компьютерінің дұрыс жасақталмауы болып отыр. Соның салдарынан жолақты бақылауға көмектесу жүйесі дұрыс жұмыс істемей,  рульдік бұрыштың жоғарғы шегінің жасақталған мәніне жүргізуші өзі күткеннен де ерте жетуі мүмкін. Сондай-ақ тежегіш жетегіндегі сырғанауға қарсы жүйе электронды тұрақ тежегіш жетегінің шамадан тыс ток жағдайын қате анықтап, қауіпсіз режимге өтуі мүмкін.

Бұл режимде көп функциялы дисплейде «Тұрақ тежегішінің дұрыс жұмыс істемеуі, дилерге хабарласыңыз» ақпараттық хабарламасы пайда болып, панельдегі ақаулық индикатор шамы жанады. Бұл ретте жүйе электронды тұрақ тежегішінің жетегінің іске қосылуын немесе ажыратылуын бұғаттайды. Росстандарттың мәліметі бойынша, электрондық пошта немесе телефон қоңыраулары арқылы хабарландырылатын барлық 419 көліктің басқару компьютері жолақты бақылауға көмек көрсету жүйесімен және сырғанауға қарсы жүйе басқару блогымен қайта жасақталмақ.

Сонымен қатар, иелері өкілетті дилердің хабарламасын күтпестен, өз көлігінің VIN кодын Росстандарт веб-сайтындағы тізіммен салыстыру арқылы  кері қайтарылатын көліктер тізімінде бар-жоғын анықтай алады. Егер көлік кері қайтарып алу бағдарламасына енген болса, көліктің иесі жақын маңдағы дилерлік орталыққа хабарласып, баратын уақытын келісуі керек, көлік иелерінен жасаған жұмыс үшін ақы алынбайды.

Бұл Ресейдегі Toyota Motor компаниясының биылғы екінші рет кері қайтарып алу науқаны, шілде айында өткен бірінші науқан әлдеқайда кең көлемде жүрді. Онда былтырғы 1 шілдеден бері сатылған 3864 бірлік Toyota LC 300, Lexus LX 500D және LX 600 автокөліктері кері қайтарылған еді.

Сонымен қатар, биылғы сәуір айында Toyota Motor Corporation әлем бойынша 500 мыңнан астам автокөлікті кері қайтарып алатынын хабарлады. Ақау Toyota және Lexus маркалы он моделінде, атап айтқанда, гибридті Toyota RAV4, сутегімен жүретін Mirai, Lexus NX, LX және LS, іштен жанатын қозғалтқыштары бар «әдеттегі» автомобильдерден — Land Cruiser 300 және Harrier-ден, сондай-ақ Venza, Sienna және Highlander модельдерінен табылды. Барлық проблемалық автомобильдер 2020-2022 жылдары шығарылғандар және сәуірдегі кері қайтару тек екі — америка (шамамен 460 мың автомобиль) және жапон (шамамен 88 мың бірлік) нарықтарына қатысты болды.

Сонымен қатар, 2022 жылдың көктемінде аустралиялық сот Hilux, Prado және Fortuner модельдерінің жергілікті иелерінің жапон концерніне қарсы талап арызын қанағаттандырды, компания енді рамалық жол талғамайтын көліктердің иелеріне миллиард доллардан астам өтемақы төлеуі тиіс. Аустралияның федералдық соты жапондық өндірушіні ақаулы сүзгісі бар дизель көліктерді сатқаны үшін кінәлі деп тапты. Ал жалпы барлығы Toyota Hilux, Land Cruiser Prado және Fortuner үлгілерінің 264 000 мыңы сатылған. Шағымданушылар сапасыз сүзгілер қозғалтқышты тез тоздырады деп мәлімдеді.

Австралияның соты Toyota-ға мұндай әрбір көліктің иесіне орташа бөлшек бағасының 17,5% төлеуіне ұйғарым шығарды, өйткені ақаудың салдарынан жүргізушілер жанармайды көбірек тұтынған. Ал шағымданушылар, болса сапасыз сүзгілер қозғалтқыштың тозуын жоғарылататынын алға тартады.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
20.09.2022, 16:27