Меню CARMA.KZ

Қазақстанда Қытайдың жүк көліктерінің «көлеңкелі» импортымен қалай күресіп жатыр

Жыл сайын Кеден Одағының техникалық регламентінің талаптарына сай келмейтін көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы 200-дей куәліктің күші жойылады.

Қазақстанда Қытайдың жүк көліктерінің «көлеңкелі» импортымен қалай күресіп жатыр / Фото: drikus.club
Қазақстанда Қытайдың жүк көліктерінің «көлеңкелі» импортымен қалай күресіп жатыр / Фото: drikus.club

«Егер 2017 жылы қытай жүк көліктерінің импорты 2016 жылмен салыстырғанда 59%-ға өссе, ал 2022 жылы 2020 жылмен салыстырғанда 52%-ға өскені байқалды», деп мәлімдеді Машина жасаушылардың Х форумында «Жүк көлік құралдарының көлеңкелі тасымалының проблемалары» тақырыбына баяндама жасаған «СемАЗ» ЖШС бас директорының орынбасары Қыдыролла Жұмағұлов.

Оның айтуынша, қытай көлік техникасының күрт артып кетуінің себебі ҚХР-дан әкелінетін өнімнің (негізінен ауыр жүк көліктерінің) өзіндік құнының арзандығында. Яғни экологиялық 2 санаттағы жаңа автомобильдерді экологиялық 4 және 5 санат ретінде әкеліп сатуда.

«Ол үшін отын жүйесінің муляжын орнатады», — деп түсіндірді Жұмағұлов мырза.

Ол «2018 жылдан бері «көлеңкелі» импорттаушылар техниканың қауіпсіздігі туралы куәліктің орнына экологиялық 5 санаттағы автомобильдерге берілетін көліктің типін мақұлдайтын құжаттың көшірмесін пайдаланып тасымалдайтын тәсіл тауып алған. Ал ондағы мәліметтер импортталатын техниканың нақты параметрлеріне сәйкес келмейді».

Осыдан соң 2019 жылы ЕАЭО СЭҚТН 8701, 8704, 8705 кодтары бойынша тауар топтарына жататын көлік құралдарын Қазақстан Республикасына тасымалдау барысында Кеден Одағының 018/2011 Техникалық регламенті талаптарын сақтауды қамтамасыз ету жөнінде МКК мен ТРМК бірлескен бұйрығы шықты.

Қыдыролла Жұмағұловтың келтірген деректері бойынша, МКК және ТРМК қызметкерлері шекарада көлік құралдарын бірлесіп тексеру барысында 39 бірлік қытай техникасы еуро 5 экологиялық санаттың нормаларына сай келмейтінін анықтады. Аталған автомобильдер қайтадан елден шығарылды.

Дегенмен, аталған бірлескен бұйрықтың күші еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдай кезінде уақытша тоқтатып қойылды. Бірақ ЕАЭО СЭКТН 8701, 8704, 8705 кодтарының көлік құралдарын қайтадан тасымалдау қаупі қалып отыр, сондықтан кеден қызметінің қызметкерлері қадағалап, құжатқа сәйкестігін тексеріп отырады. Жұмағұлов мырзаның мәліметтері бойынша, бірлескен тексеру аясында 2000-дай техника тексерілген.

Сонымен қатар Техникалық реттеу және метрология комитетінде сәйкестігін бағалау туралы берілген құжаттарға қатысты заң бұзушылықтарды анықтайтын мониторинг тобы құрылған.

Сондай-ақ Жол карталары құрылды. Олар: ҚР аумағында сертификатталмаған импорттық өнімді болдырмауға бағытталған техникалық реттеу, стандарттау және сәйкестігін растау саласында алдыңғы кезектегі шаралар (МКК мен ТРМК 2017 жыл) және ҚР аумағына көлік құралдарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бойынша.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі «Шартты шығару рұқсат етілмейтін тауарлар тізімін бекіту туралы» №442 қаулысындағы көрсетілген тізімге көлік құралдарын енгізуге қатысты, сондай-ақ контрафактілік өнімдердің жолын кесуге бағытталған «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына өзгертулер енгізілді.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
29.09.2022, 14:53