2030 жылы АҚШ-та сатылатын көліктің жартысы электрлі болмақ
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде АҚШ-та электромобильдерге отыратындар көбейеді.
BloombergNEF агенттігінің сарапшылары 2030 жылға қарай АҚШ-та сатылатын жаңа жеңіл көліктердің 52%-ы электрлі болып келеді деп болжайды. Олар инфляцияны төмендету туралы заң күшіне енгеннен кейін осындай қорытындыға келіп отыр. Сарапшылар бұған дейін 2030 жылға қарай жеңіл автомобильдердің 43%-ы электрлі болады деп есептеген еді.
Инфляцияны төмендету туралы заң аясында, климатты жақсартуға мемлекеттік қолдау шараларына 374 млрд доллар (179,4 трлн теңге) бөлінген. Солардың қатарында жаңа электромобиль сатып алуға 7,5 мың доллар (3,6 млн теңге) көлемінде субсидия да бар.
«Инфляцияны төмендету туралы заң америкалықтардың электромобильдерге көшу қарқынын тездетеді деп болжанып отыр», — делінеді BloombergNEF есебінде.
Естеріңізге сала кетейік, инфляцияны төмендету туралы заң америкалықтардың сатып алғаны үшін субсидия алатын электромобильдер пулын күрт қысқартпақ. Егер мемлекет бұған дейін электрлі қозғалтқышы бар кез келген көлікті сатып алуға қолдау жасаған болса, ал қазір тек Солтүстік Америка аумағында (АҚШ, Канада, Мексика) шығарылғандарына ғана субсидия төлейді.
Еуропаның көлік өндірушілері қауымдастығы АҚШ-та жаңа заңның қабылдауына қарсылық білдірді. Ұйымдағылар субсидиялаудың жаңа ережесі электромобиль саудасына еш ықпал етпейді, себебі АҚШ-та электрлі қозғалтқышты көліктер шығарылмайды, сондықтан компаниялар америка нарығынан айырылып қалмау үшін өз өндірісін жерсіндіруге тура келеді. Алайда оған бірнеше жыл уақыт қажет, ал бұл кезде АҚШ-та электромобильдерге сұраныс болмауы да мүмкін дейді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
22.09.2022, 10:46