Audi
Цвикаудағы Horch-Werke зауытының жаңа иелерімен талас-тартыстан кейін, Август Хорьх негізін қалаған, атаудың иесі Август Хорьх August Horch Automobilwerke GmbH жаңа компаниясын құруға мәжбүр болды. Хорхтың алдында енді осы компанияға атау беру міндеті тұрды.
Айтулардың бірінше, Хорьхтың бір серігінің үйінде атау беруге қатысты қызу пікірталас болған. Бұл кезде көрші бөлмеде үй иесінің ұлы латын тілін оқып жатқан. Ал акционерлердің бірі: «Екінші тарапты тыңдасаңдаршы» деп қалғанда, бала бұл тіркесті қалжыңдағаны ма, әлде шын ұқты ма екен белгісіз «Audiatur et altera pars» дауыстап латын тіліне аударып береді. Әлгі жерде отырғандар таң қалып, «хорх» (неміс тілінде — «тыңда, тыңда») латын тіліне «ауди» деп аударылатынын түсінеді.
Басқа нұсқа бойынша, Август Хорьхтың өзі жаңа, консервативті басшылықпен тіл табыса алмағандықтан Хорьх зауытынан кетіп, оның атауын өзімен бірге ала кететін айтып, дәл осындай атаумен басқа компанияны — Хорьхты құрды. Екі фирманың да «Хорьх» деген атпен аталуына қатысты сот болып, сот отырысына қатысушылар тұс-тұстан дауыстап, у-шу болған. Судья тараптардың өз пікірін айқайламай айтуды өтініп, «херен» (тыңдау) дейді, ал жиналғандардың бірі бұл сөзді латынша «audio» деп айтты. Осылайша бұл жиналғандарға ұнап, жаңа зауытты осы атаумен атау туралы шешім қабылданған делінеді.
«Мен қандай жағдай болмасын өте жоғары сапалы материалдан үлкен және жақсы автомобильдер жасауға тырыстым», — деді Хорьх жаңа фирмадағы шаруасын дөңгелете жүріп.
Хорьхтың жаңа кәсіпорны кербез әрі қуатты автомобильдер шығарудан бастады. 1910 жылдан бастап «Ауди-А10/22» шығарылды. Жұмыс көлемі 2612см3 құрайтын төртцилиндрлі мотор 22 ат күшіне жетті. Фирма өзін «Audi» сөзі жазылған және үлкен құлақтың суретімен үлкен плакаттарда жарнамалады. Бүгінгі таңға дейін аса сұраныстағы автомобиль маркасы міне осылай пайда болған еді.
1920 жыл — Audi Automobil-Werke AG жаңа Audi сауда белгісін енгізді. Сол кездегі сәнді іскерлік стильге сәйкес Люсиан Бернхардтың қолтаңбасы виньеткалармен безендірілген Audi эмблемасын алмастырды. Енді жаңа эмблема (сопақшадағы көк фонда алтын әріптер) Audi автомобильдерінің радиаторларында жарқырады (соғыстан кейінгі бірінші Audi нарыққа 1965 жылы шыққан кезде, онда осы ерекше сауда белгісі болды).
Ауди тарихының осы тұсында кішкене шегініс жасай кетейік: 30-шы жылдары Audi төрт фирманы біріктіретін Автоодақ концернінің құрамына кірді (осыған байланысты эмблемада тоғысқан 4 сақина пайда болды). Бұл қандай фирмалар? Олар Audi, Horch, DKW және Wanderer болатын. Бұл компаниялардың әрқайсысының тарихы жеке шолу жасауға лайық, бірақ ... Біз тек олардың біреуі — DKW туралы айтып берейік. Фирманың авторы, негізін салушы және бас дизайнері Джоген Скафт Расмуссен болды.
Йорген Скафт Расмуссен 1878 жылы Данияның Наксков қаласында дүниеге келген. Ол Германиядағы Миттвейд және Хемниц техникалық мектептерінде инженерлік білім алды. Шындығында, осынау көрнекті тұлғаның бүкіл өмір жолы сонымен байланысты. 1903 жылы Хемницте ол өзінің алғашқы кәсібі — арматура кәсіпорнын құрды, онда небәрі он жұмысшы жұмыс істеді. Дегенмен Расмуссеннің шаруасы жақсы жүріп, ол 1906 жылы Цшопауда 55 мың маркаға шағын тоқыма фабрикасын сатып алды.
Расмуссен бұл өнімдерге тапсырыс соғыс аяқталған соң азаятынын жақсы түсініп, 1916 жылы эксперименталдық бу машинасын жасады. Оның мұндай көлікті жасауына елдегі бензин тапшылығы және зауытта жинақтаған бу жабдықтарын өндіру тәжірибесі түрткі болды. Ол бу машинасын жасауға бұрын АҚШ-та танымал «White» бу машиналарын құрастырған инженер Матиссенді тартты. Расмуссен жеңіл және жүк көліктерін шығаруға дайындалып жүрген, әйтсе де оның біраз жоспары іске аспай қалды. Дегенмен, олардың бір бөлігі, нақтысы тіркелген «DKW» сауда белгісі — «бу машинасы» (Dampf Kraft Wagen) әлі де қолында болатын.
Соғыс аяқталып қалған тұста Расмуссен сол кездегі танымал неміс дизайнері Уго Руппемен ойда жоқта жолығысып қалды. Ол 1908 жылдан бері әкесінің «Пикколо» және «Апполо» автомобильдерін шығарған бизнесі үшін төрт тактілі мотор құрастырған кезінде бензинді шағын қозғалтқыштар жасап көріп жүрген болатын. Руппе ауамен салқындататын қозғалтқыштарды алғаш жасағандардың бірі болды, сонымен қатар өзінің тұтану дизайнын әзірлеп, патенттеген еді. Осы патентті пайдалана отырған ол өзімен бірге Расмуссенге келген Г.Ризнер бар, барлығы бірігіп 1919 жылы жұмыс көлемі 25 см3 екі тактілі ауамен салқындататын қозғалтқышты жобалады. Балалар көліктеріне арналған осы қозғалтқыштардың бір мыңы Цшопауда шығарылып, «DKW» аббревиатурасы «баланың арманы» (Des Knaben Wunsch) деп оқыла бастады.
Расмуссен алғашқы толыққанды көліктің жобасын дизайнер Эмиль Фишерге сеніп тапсырды. Прототиптің корпусы ағаштан қиылып, корпус алдыңғы жағында – екі жартылай эллиптикалық серіппеге, артқы жағында бір көлденең серіппеге бекітілді. Екі цилиндрлі екі тактілі оппозитті ауамен салқындатылатын қозғалтқыштың жұмыс көлемі 500 см3 болды. Алдымен қозғалтқышты, беріліс қорабын және дифференциалды бір блокқа біріктіру керек болды, автомобильдің құнын өсіретіндіктен бұл шешімнен көп ұзамай бас тартты. Автокөлік өндірісінің басталуы кейінге қалдырылып, Фишер басқа компанияға ауысып, ол жерде 1921 жылы олар электромобильдер жасалды. Дегенмен DKW автомобильдеріне эксперимент жасау жалғаса берді. Нәтижесінде Берлиндегі автосалонда қозғалтқышы артқы жағына орнатылған және V-белдік жетегі бар прототип көрсетілді, ал 1926 жылы профессор Клигенберг жасағанғ DKW, AEG және AFA бірлескен туындысы – «DEW» электр қозғалтқышы бар жеңіл автомобиль ұсынылды. Оның корпусы фанерадан жасалып, көлденең серіппелер пайдаланылған. Барлығы осындай 500 электромобиль сатылды.
Расмуссеннің жұмысы қанатын кеңге жайған фирмамен шектелмеді. 1928 жылы ол сол кезде қиын жағдайда болған Aуди зауытының бақылау пакетін иемденді және сонымен бірге алты және сегіз цилиндрлі Rickenbacker қозғалтқыштарын шығару үшін Детройтта лицензия мен өңдеуші жабдықты сатып алды. Бастапқыда бұл қозғалтқыштарды бөгде өндірушілерге сату жоспарланды, бірақ сатып алушылар болмағандықтан, олар Audi-ге қойыла бастады. Сонымен қатар, сегіз цилиндрлі «AUDi SS Zvikkau» өзінің алдындағы алты цилиндрлі «P Imperator»-дан 5000 маркаға арзан болып шықты.
1930 жылдың қазан айында AUDI конструкторлық бюросы DKW мотоцикл қозғалтқышы (350 см3) және Tracta ілмектерін, көлденең серіппелерді және тар жақтауды қолданып алдыңғы доңғалақты автомобиль жасауды бастады. Алты айда біреуі қозғалтқышы 350 см3, ал қалған екеуі 500 см3 қозғалтқышы бар үш прототип жасалды. Дегенмен Расмуссен AUDI-ді дағдарыстан шығарудың жылдам әдісін тапқандай — ол Peugeot-5/25CV қозғалтқышына лицензия сатып алды. Бұл қозғалтқыш «AUDI-P 5/30» деп аталатын жаңадан пайда болған «DKW» алдыңғы доңғалақ жетектеріне қойылды және 1931 жылы нарыққа шығарылды.
1931 жылы Берлин автосалонындағы ең арзан көлік алдыңғы жетекті DKW Front болды. Екі тактілі екі цилиндрлі қозғалтқыш (600 см3) 18 ат күшіне дейін жеткізе алды. Ол беріліс қорабы мен дифференциалы бар бір блокқа біріктірілді. Рас, конструкция жағынан қарапайым жасалған жақтау автомобильдің әлсіз тұсы болып шықты және одан кейін де бірнеше рет берік етіп жасалды. 1932 жылдан жақтауы мықты және тежегіштері ұлғайтылып түрленген «DKW-F2»-ні жасау басталды. Әу бастан көліктер тек Цвикауда емес, «AUDI» зауытында да құрастырыла бастады. 1932 жылы Расмуссен Саксония мемлекеттік банкінің директоры доктор Брунмен келіссөздерді қарқынды жүргізді.
Келіссөздердің нәтижесі ретінде 1933 жылы 1 қаңтарда атақты Автоодақ концерні дүниеге келді, оның құрамына Хорьх, Уондерер, AUDI және DKW зауыттары кірді. Екі жылдан кейін Расмуссеннің бастамасымен AUDI автомобильдерінің өндірісі Хорьх зауытына ауыстырылды, ал AUDI зауытының өзінде алдыңғы жетекті DKW ғана жасалды.
1934 жылдан бастап Германияда дистрибьюторлық жүйенің енгізілуіне байланысты Үшінші рейхтің автомобиль зауыттары металл, резеңке және басқа материалдарға тапшылықты қатты сезе бастады. DKW зауыты айына 5500 автомобильді оңай шығара алатын әрі бұл көрсеткішті 10 000-ға дейін жеткізуге қауқарлы еді, бірақ бар болғаны 5200 машина жасады. Металл тапшылығы Auto Union басшылығында пластикалық корпус жасау идеясын тудырды.
Пластмассадан алғашқыда жүк қақпағы мен есіктер жасалды. Алдыңғы жетекті «DKW»-ға сұраныс күрт артты. 1938 жылы қарапайым, қымбат емес, бірақ біршама төзімді және берік машиналарды сатып алушылар алты ай бұрын алдын ала төлеп сатып алып жатты. Бұл көліктер — басқа олжалардың қатарында — соғыстан кейінгі кезеңде біздің елде аса танымал болды. «DKW» сөзін қалжыңдап «дурак, кто выдумал» деп тарқатып айтып жүрді. Машиналардың дизайны біз үшін шынымен де ерекше болды.
1950 жыл — Соғыстан кейінгі алғашқы Auto Union жеңіл автокөлігін шығару басталды. Нақтысы DKW моделдері: седан түріндегі F 89 P мастер-классы және төрт орындық айырбасталатын Karmann туралы сөз болды. Ингольштадтта жеңіл автокөліктерді шығару үшін өндіріс орны жеткіліксіз болғандықтан, Auto Union Дюссельдорфтағы бұрынғы Rheinmetall-B or sing AG аумағын алып, сол жерде шамамен 1961 жылдың соңына дейін DKW жеңіл автомобильдері шығарылып келді.
1969 жылы NSU Motorenwerke AG және Auto Union компаниялары бірікті. Міне, Audi NSU Auto Union AG осылайша құрылды.
1970 жыл — Audi Америка Құрама Штаттарына кеңінен экспорттала бастады. Алғашында АҚШ-қа экспорт тек Audi Super 90 (седан және универсал), сондай-ақ жаңа Audi 100-бен шектелді. 1973 жылдан бастап оларға Audi 80 қосылды, және оның еуропалық нұсқадан айырмашылығы — Audi 80 универсалы ретінде қолданыста болды (шын мәнінде ол жоғары деңгейде жиынтықталған VW Passat болатын). Кейінірек Audi модельдері АҚШ нарығында өз белгілерін: Audi 80 үшін Audi 4000, Audi 100 үшін Audi 5000 дегендерді иеленді. Дегенмен, 80-жылдардың ортасынан бастап өндірушінің өз өнімдеріне жауапкершілікті қайта-қайта бұзуы АҚШ-қа Audi жеткізуді құлдыратып жіберді.
1977 жыл — NSU өндірісінің аяқталуымен қызыл-қоңыр сопақшадағы Audi шрифті корпоративтік логотип ретінде қосымша енгізілді (1982 жылдан бастап корпоративтік сопақ автомобильдер қанаттарының бүйір беттерін де безендірді).
1980 жыл — Женева автосалонындағы Audi стендінде төрт доңғалақты спорттық купе көптің назарын өзіне аударды. Осы уақытқа дейін тек жүк көліктері мен жол талғамайтын көліктерде ғана қолданылған жетек тұжырымдамасы бар, толық жетекті және жоғары қуатты жеңіл автомобиль Audi quattro ретінде алғаш рет ұсынылды. Мұндай жеңіл автокөлік идеясы 1976-77 жылдың қысында бундесвер үшін әзірленіп жатқан VW Iltis жол талғамайтын көлігін сынақтан өткізу кезінде пайда болды. Бұл көліктің мұз бен қарда тамаша жүретіндігі толық жетекті VW Iltis-ті Audi 80 өндірісіне біріктіру идеясын тудырды. Сондай-ақ 1979 жылдың күзінде бес цилиндрлі 2,2 литрлік турбо қозғалтқыш 147 кВт / 200 а.к. бар қуаты жоғары нұсқасы әзірленіп, өндірілді.
1981 жылы — Аустриядағы қаңтар раллиінде Audi quattro-ның мотоспорттық дебюті өтті. Сол сәттен бастап Ингольштадттан келген осы көлік түрі халықаралық ралли мен жарыс әлемінде төңкеріс жасады.
1982 жыл — Audi 80 quattro тұрақты толық жетекті кең ауқымды өндірісін іске қосты. Біртіндеп quattro концепциясы Audi-ның басқа модельдер серияларына да ұсынылды.
1990 жыл — Audi AG алғаш рет Германияның туристік автомобильдер чемпионатына (DTM) қатысты. Сол маусымда Audi V8 көлігін тізгіндеген Ханс-Йоахим Стук жеңімпаз болды. Келесі жылы сол модельдің рулінде Фрэнк Биль бар Audi тағы жеңімпаз болды. 1990 жылдың желтоқсанында жаңа Audi 100 (ішкі белгісі C 4) ұсынылды, ол компания тарихында алғаш рет алты цилиндрлі V-қозғалтқышпен бірге ұсынылды. Сыйымдылығы 2,8 литр болатын ықшам (128 кВт, 174 а.к.) қуатты блок өз класындағы ең қысқасы және ең жеңілі болды.
2021 жыл — Гуанчжоудағы автосалонда Audi A8L Horch келісті автомобильдер санатына жататын седан ұсынылды. Аудидің жоспарлары бойынша, модель алғашында Қытай нарығында ғана сатылып, Mercedes Maybach-тың бәсекелесіне айналды.
A8L Horch-тың басты ерекшелігі — доңғалақ базасы 130 миллиметрге ұлғайған. Бірақ егер Mercedes-Maybach бір уақытта есік ойықтары мен артқы шатыр тіректерін өзгертсе, Audi тек артқы есіктерді созды — тіректер бұрынғысынша қалып отыр.