Қытай пайдаланылған көліктерді экспорттауға рұқсат берді
Оларды Қазақстан мен Ресейге жеткізу үшін Қытай сертификаттау мәселесін шешуі тиіс.
ҚХР-да пайдаланылған көліктерді экспорттауға рұқсат етілген өңірлер саны артты, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі. Қытай 2019 жылдың мамырынан бері пайдаланылған көліктерді экспорттай бастады. Көліктерді жеткізуге алғашқы болып Бейжің, Тяньцзинь, Шанхай және Гуандун қалалары алды.
«Синьхуа» агенттігі сауда министрлігі, қоғамдық қауіпсіздік министрлігі және ҚХР-ның Бас кеден басқармасы бірлесіп жариялаған хабарламаға сілтеме жасайды. Оған сәйкес, тағы 14 аймақ шетелде пайдаланылған көліктерді саудалауға рұқсат алды. Солардың ішінде екі шекара провинциясы - Ляонин (КХДР-мен шектеседі) және Фудзянь (Тайвань бұғазы аймағында Оңтүстік Қытай теңізіне шыға алады) бар.
Аспанасты елінің үш ведомствосы бірлесіп жасаған хабарламада, мұндай рұқсатты алған өңірлер жергілікті кәсіпорындар үшін пайдаланылған көлік нарығына рұқсатнама стандарттарын әзірлеуі, іріктеу рәсімдерін реттеу және пайдаланылған автомобильдерге, шетелде өткізу арналарына қол жеткізе алатын және шетелдік тұтынушыларға сатудан кейінгі қызмет көрсетуге қабілетті компанияларға экспорттық бизнесті жүргізуде қолдау көрсетуі тиіс делінген.
Сондай-ақ, пайдаланылған көліктердің экпортына қолайлы жағдай жасау мақсатында, сату-сатып алу мәмілелерін тіркеу, лицензия алу және кедендік рәсімдеуді жеңілдету үшін көбірек күш салу қажет.
Салалық мәліметтерге сәйкес, Қытайда биылғы 10 айда 13,3 миллион пайдаланылған көлік сатылған. Соңғы он жылда қытайлық өндірушілер өнімдерімен ресей нарығын молайтты. Қараша айының соңында Ресейдегі қытайлық көлік маркаларын сататын дилерлердің жалпы саны мыңға жеткені белгілі болды. Мәселен, 2012 жылы Ресейде қытай маркаларын сататын 525 дилер болған. Бұған Ресейге қарсы енгізілген санкциялар себепші болып отыр. Соның салдарынан, көптеген шетелдік өндіруші елдің нарығынан кеткен. Бірақ әзірге Ресейдегі дилерлер Аспанасты елінде шығарылған тек жаңа көліктерді сатып жатыр.
Мұндай жағдай Қазақстанда да байқалады. Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының жетекшісі Артур Мискарянның айтуынша, елімізде Қытайдың ұсталған көліктерінің жаппай сатылмауының себебі — алдымен мұндай көліктерді сертификаттау мәселесін шешу қажет.
«Соңғы жылдары Қытайдағы мемлекеттік саясат автопаркті қарқынды түрде жаңартуға бағытталған. Атап айтқанда, оны ішкі жану қозғалтқышы бар көліктерді электромобильдермен алмастыру арқылы іске асырып жатыр. Сол себепті кейбір аймақтарда пайдаланылған көліктердің экспортына шектеулер біртіндеп алына бастады», — дейді Мискарян. — Қазіргі тапшылықты ескере отырып, қабылдаушы тарап ретінде Ресей мен Қазақстанды қарастыруға болады. Қытай талай жылдан бері еуропалық белді маркалардың өндірісімен айналысады, соның ішінде пайдаланылған VW, Audi және басқа брендтердің техникасы да бар. Олар біздің нарыққа жеткізілуі мүмкін, алайда екі маңызды мәселені ескеру қажет: бұл көліктің бағасы және оларды Қазақстанда және ЕАЭО-да сертификаттау мәселесі. Шындығында, қытай нарығында өзіндік техникалық сипаттамалар қолданылады. Мәселен, қытай нарығындағы Audi A4 мен Еуропадағы Audi A4 модельдері, тіпті дөңгелек базасы сияқты параметрлермен қарайтын болсақ, бұл көліктің құрлымында айтарлықтай айырмашылық бар деген сөз», — деп түйіндейді сарапшы.
Егор Васильев, корреспондент
08.12.2022, 16:00