«Москвич» үш модельді сертификаттады
Бұрынғы АЗЛК-да қытайлық JAC брендінің нұсқаларын шығарады.
Ресей Федерациясының техникалық реттеу және метрология жөніндегі «Росстандарт» федералдық агенттігі екі автомобильдің типін мақұлдады. Олар «Москвич 3» және «Москвич 3е» деп аталады.
Құжаттардың бірі «Москвич 3» деп аталатын көлікке рәсімделген. «Известия» басылымының айтуынша, бұл көлік JAC JS4 шағын кроссоверіне ұқсас. Ал екіншісі «Москвич 3е» моделі. Ол JAC iEVs4 электомобилінің көшірмесі және әдеттегі қозғалтқыштың орнына электрлі болады. Құжат бойынша олар Мәскеудегі «Москвич» (бұрынғы «Renault Ресей») автомобиль зауытында өндірілмек. Ал жобаның өнеркәсіптік серіктесі КАМАЗ болып тағайындалды.
Модельдердің өлшемдері бірдей: ұзындығы — 4410 мм, ені — 1800 мм, биіктігі — 1660 мм, дөңгелек базасы — 2620 мм. Алдыңғы жолтабанның ені — 1510 мм, артқы жағы — 1500 мм. «Москвич 3» атмосфералық және үрлемелі бензин қозғалтқыштары бар модификацияларда шығарылады. Біріншісінің қуаты — 109 а.к., ал екіншісі — 150 а.к. Турбо қозғалтқышқа алты сатылы «механика» немесе вариатор, атмосфералық қозғалтқышқа тек «механика» салынады. «Москвич 3е» қуаты 68 ат күші бар SY Power TZ200XSIEM1 электрлі қозғалтқышымен жабдықталады.
Аталмыш электрокар сыйымдылығы 187 А•сағ болатын, Sinoev 21011S4C4 тартым батареясынан қуат алады. Ол көлік еденінің астында орналасады. Қазан айының соңында «Москвичтің» бас директоры Дмитрий Пронин, бұл кәсіпорын осы жылдың соңына дейін 600-ге жуық көлік жинауға ниетті екенін айтты. Оның бір бөлігі электр қуатымен жүретін болады. Ал келесі жылы бұрынғы АЗЛК басшылығы 50 мың автомобиль шығармақшы және оның 10 мыңы электрлі көліктер болады.
2024 жылға қарай 100 мың автомобиль шығаруды жоспарлайды. Оның кем дегенде 20 мыңы электрл көлік болады. «Москвич» брендімен бес модель шығармақшы. Нақтырақ айтсақ, төрт кроссовер және бір седан. Бұған дейін Мәскеу үкіметі мен «КамАЗ» ЖАҚ «Москвич» зауытының капиталындағы үлестерді және оның дамуына 5 миллиард рубль көлеміндегі инвестицияларды тең бөлу туралы келісті. Сондай-ақ, ресейлік бірыңғай автокөлік платформасын жасау жөнінде жол картасы жасалып, сол платформа негізінде отандық автоөнеркәсіптің модельдік қатарын дамытылады.
Биылғы жылдың көктеміне дейін бұрынғы АЗЛК француздың Renault компаниясына тиесілі болды. Наурыз айының соңында басшылығы Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейдегі қызметті және Мәскеудегі кәсіпорында автомобильдер шығаруды тоқтату туралы мәлімдеді. Мамыр айының ортасында Француз концернінің ресейлік активтері мемлекеттік меншікке өтетіні белгілі болды. Зауыттың 100% үлесі Мәскеу үкіметіне өтті. «АвтоВАЗ» автоконцернінің 67,69% үлесі мемлекеттік мекеменің меншігіне айналды. Шілде айының басында Мәскеу мэрі Сергей Собянин мен «КамАЗ» ЖАҚ-тың бас директоры Сергей Когогин жеңіл көліктер саласын дамыту туралы келісімге қол қойды.
Егор Васильев, корреспондент
18.11.2022, 10:36