Меню CARMA.KZ

Франция мен Германия еуропалық электромобиль өндірушілерді қорғау шараларын қабылдамақшы

Париж бен Берлин ұлттық өнеркәсіпті дамыту үшін Еуроодақ көп жағдай жасауы қажет деп санайды.

Франция мен Германия еуропалық электромобиль өндірушілерді қорғау шараларын қабылдамақшы / Фото: vedomosti.ru
Франция мен Германия еуропалық электромобиль өндірушілерді қорғау шараларын қабылдамақшы / Фото: vedomosti.ru

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-пен және Қытаймен бәсекелестікте еуропалық көлік өндірушілерді қолдау жоспарын іске асыруда Германия канцлері Олаф Шольцтың қолдауынан үмітті. Ол мұндай ниетін АҚШ президенті Джозеф Байден Солтүстік Америкада өндірілген электромобильдерге ірі субсидиялар төлеуді заңмен бекіткен соң білдірді, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Париж бен Берлин арасында қорғаныс және энергетика саясатында түсінбеушілік бола тұрса да, олар Еуропалық одақ ұлттық өнеркәсіпті дамыту үшін көп нәрсені жасауы қажет деп мәлімдеді, деп жазады агенттік екі елдің ресми өкілдерінің мәлімдемесі жайлы.

Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде Олаф Шольцпен кездесуден кейін сәрсенбі, 26 қазан күні France 2 телеарнасына берген сұхбатында ЕО-ның автомобильдерге арналған субсидиялары еуропалық өндірістен шыққан автомобильдерге берілуін қамтамасыз етуге қатысты екі ел басшысының пікірі ортақ деді. Мұндай жеңілдік Солтүстік Америкада шығарылған электромобильдер үшін субсидия ұсынып отырған АҚШ-тың инфляцияны төмендету туралы Заңының салдарын азайтуға көмектесуі мүмкін.

«Өз өнеркәсібін қорғап отырған Қытай мен АҚШ бар, бірақ Еуропа барлығына ашық болып отыр, біз өзгеруге тиіспіз, — деді Эммануэль Макрон France 2 эфирінде. — Франция мен Германия бірге болуы тиіс, өйткені біз тым ашықпыз, өйткені біздің көлік өндірушілеріміздің көбі Қытайда көп саудалады және біз нарығымызды жапқымыз келмеді».

Bloomberg агенттігінің неміс басшысының түйсігінен хабардар дереккөзінің сөзінше, Олаф Шольц бұл көзқарасты қолдаған.

Эммануэль Макрон 2017 жылы Еуропаның мемлекеттік сатып алу заңы өндірісінің жартысынан астамы Еуроодаққа тиесілі компанияларға қолдануы тиіс деп талап қойғаны бар. Бірақ Еуроодақ басшылығынан ыққан ол, бұл идеясынан айнып қалды.

Қытаймен және АҚШ-пен, әсіресе Volkswagen AGMercedes-Benz Group AG және BMW AG секілді көлік өндірушілерінің сауда жасауына әсер етеді деген Германия да бұл жоспарға қарсы болды.

Алайда сол уақыттан бергі аралықта коронавирус індеті Еуропаның шетелдік жеткізу тізбегіне тәуелді екенін айғақтап беріп, енді ЕО мемлекеттік қолдауға қатысты кейбір ережелерін жеңілдетті. Ондағы компанияларды бәсекелестіктен қорғау жөніндегі жаңа бастамалары Брюссельден қолдау тауып қалуы мүмкін деген ой болатын.

Дей тұрғанмен «Еуропалық автомобильдерді сатып алдыруға ынталандыру» идеясын қайта тірілтуі, тіпті Германиямен бірлесе қолға алған күннің өзінде де, оңайға соқпайды, деп санайды Bloomberg агенттігі. Ол үшін Еркін сауда келісін қайта қарау қажет, ал бұл шара ЕО-ның қолданыстағы ережелеріне немесе Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне қайшы келуі мүмкін. Ол сондай-ақ өзге елдер қарсы шаралар қабылдаған жағдайда сауда соғысын туындатуы ықтимал.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
01.11.2022, 12:16