Ford әлем бойынша 630 мыңнан астам «өрт қауіпті» жол талғамайтын көлікті кері қайтармақшы
Олардың бір бөлігі биыл осымен екінші мәрте кері алынып отыр.
Ford компаниясы 634 мың Bosco Sport және Escape жол талғамайтын көлігін қозғалтқыш бөліміндегі өртке алып келетін қауіпті ақауға байланысты кері қайтарып жатқанын жариялады, деп жазады Reuters басылымы.
Ford компаниясына 2020-2023 жылдары шыққан Bronco Sport және Escape жол талғамайтын көліктерінің үш цилиндрлі 1,5 литрлік моторынан от ұшқындағаны туралы 54 хабарлама келген соң, компания оларды кері қайтармақшы. Бұл жәйт ешкімге айтарлықтай залал әкелмегендіктен де болар, америкалық компания жүздеген мың көлік иесіне ақау жойылғанға дейін көлікті пайдаланбай қоя тұрыңдар демеген. Өйткені олар ақаулы автомобильдер санаулы ғана деп есептейді. Алайда АҚШ-тағы 520 мың және одан тыс жердегі 114 мың көліктің ақауын жою үшін кері қайтарып алу туралы жариялады.
Ford мамандары түсіндіргендей, бұл модельдердің автомобильдерінде май бөлгіштің корпусы жарылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда май ағып кетіп, ыстық бөлшектерге таматын болса, капот ішінде өрт туындауы мүмкін. Бір уақытта 634 мың көліктің май бөлгіш корпусын ауыстыру қиынға соғары анық. Сондықтан Ford ақауды анықтайтын бағдарламалық жасақтаманы шығармақшы. Егер БЖ жанармай рампындағы қысымның төмендегенін анықтаса, ол бірден хабарлама беріп, қозғалтқыштың кері кетуін автоматты түрде төмендетеді.
Осылайша, клиенттер қауіпсіз жерге жеткен соң көлікті тоқтатып сервистік қызметке хабарласатын болады, деп түсіндірді өндірушінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар, қазір кері қайтарылған көліктердің басым бөлігі (345 мың 451 бірлік) 2022 жылдың сәуірінде дәл осы себеппен қайтарылған болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың жол қозғалысы қауіпсіздігінің ұлттық басқармасы көктемгі акция аясында жөнделген көліктер де кері қайтарылады.
Сондай-ақ, осы көктемде Ford тіркеме тежегішін басқару модулі жұмысын дұрыс атқармаған соң, кері қайтарып алды. Нақтырақ айтсақ, Ford F-150, Maverick, Expedition, Super Duty және Lincoln Navigator модельдерінің 391 мың 836 көлігі кері қайтарылған. Бұл көліктерде электрлі немесе электрлі гидравликалық тежегіш жүйесімен жабдықталған тіркеменің тежегішті басқару модулі дұрыс жұмыс жасамағаны үшін қайтарылған. Яғни ол тіркеменің тежеу жолының ұлғаюына, салдарынан апатқа әкелуі мүмкін еді.
Ford 2021 жылдың мамырында дәл осындай ауқымда көліктерді кері қайтарған болатын. Одан соң сервиске 2016-2019 жылғы 661 мың Explorer автомобилі жөнелтілген. Бұл жол талғамайтын көліктердегі бекіткіштердің әлсіреуіне байланысты, багаж рельстері шығып, басқа көліктерге тиіп кетуі мүмкін еді. Бір қызығы, Ford сол кезде көлік иелеріне әлсіреген қосылыстарды өздері анықтап, «сомынды бұрап бекетуге» кеңес берген. Алайда Ұлттық жол қозғалысының қауіпсіздік басқармасы үш елге: АҚШ, Канада және Мексикадан көліктерді кері қайтарып алуды талап етті.
Егор Васильев, корреспондент
29.11.2022, 16:00