Conamix өкілі әдеттегі қозғалтқыштан бас тарту әзір мүмкін емес екенін айтады
Тартым батареялары саласындағы зерттеулермен айналысатын компанияның басшысы электрлі тартым жаппай бұқара үшін қымбатқа түседі деп санайды.
Тартым батареялары саласында зерттеулерге маманданған Conamix компаниясының басшысы Шарлотта Гамильтон Venture Beat басылымына мақала жариялап, онда Еуропа мен АҚШ-тың 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштарынан бас тарту жоспарының іске асатындығына күмәнмен қарайтынын айтқан.
Өз мақаласында сарапшы қазіргі таңда орта таптың мүмкіндігі жететін баға бойынша электромобильдерді жаппай енгізуге қажетті қолжетімді технологиялар жоқ. Электрокарлардың бағасының қымбат болуының басты себебі — ол оның батареялары. Кобальт пен никельді пайдалану есебінен оларды арзандату электромобильдерге ІЖҚ жүретін автомобильдерінікідей жүріс қорын бере алмайды деп жазды.
«Қазіргі заманғы технологияларға арқа сүйеген әлем Калифорния мен Еуропаның 2035 жылға қарай бензин қозғалтқышты жаңа автомобильдер мен жеңіл жүк көліктерін сатуға тыйым салу мақсатына бір табан да жақындай алған жоқ. Салада осы мақсатқа жету үшін кірістің жол картасы әлі айқындалмаған», — деп атап өтті Гамильтон.
Оның айтуынша, көп жағдайда электромобильдердің «багын» жасауға пайдаланылатын кобальт пен никель сұраныстың артуына байланысты тапшы әрі қымбат болып барады. Оған қоса әлемдік кен өндіруші компаниялардың қазіргідей сұраныс артып бара жатқан тұста аталған материалдарға сұранысты өтеу қабілеті белгісіз.
«Никельдің бір тоннасының бағасы 2022 жылдың наурызындағы 100 мың доллардан 29 мың долларға өсті және баға әлі де құбылып тұр. Кобальтті өндіру өте қиын, өйткені Конго Демократиялық Республикасында ол негізінен балалар еңбегі мен жемқорлықтан қорғау ережелері қарастырылмаған заңсыз кеніштерде өндіріледі», — деп атап өтті Conamix басшысы.
Қымбат электрокарлардың өндірісі нарық қағидаттарына сай жүргізілетін болса, яғни сатып алушы көлік өзіндік құнын да, өндірушінің маржасын да өзі төлейді, ал бұқараның тұтынуы үшін электромобильдердің арзандатылуы қазіргі таңда әлемнің қай жерінде болсын мемлекеттік субсидияға есебінен жүріп жатыр. Ал күшейіп бара жатқан экономикалық дағдарыста ел үкіметтері аталған субсидияларды одан да өзекті мәселелерге жұмсауы мүмкін, деп болжайды сарапшы.
«Көлік өндірушілер электромобильдерге арналған аккумуляторлардың қазіргі технологияларымен қолжетімді автомобиль шығара алмайды. Жаппай енгізуге қол жеткізу үшін батареяның өзіндік құны төмендеуі тиіс», — деп жазады Гамильтон.
Батареяның анод бөлігінің шығындарын төмендету арқылы арзандатуға болады. Ол үшін кремнийді, ал катод ретінде күкіртті пайдалануға болады, бірақ батареяларды аталған элементтермен байқап көрген жағдайдың өзінде оларды жаппай өндіру үшін үш жылдан алты жылға дейін уақыт қажет. Мұндай батареяларға бағдарланған стартаптар енді ғана пайда болып жатқанын ескерсек, 2035 жылға қарай жаңа автомобильдерде ІЖҚ бас тарту тіпті мүмкін емес, деп түйіндейді Conamix басшысы.
Биылғы жазда Еуроодаққа мүше 27 елдің қоршаған ортаны қорғау министрлері Еуропада 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа автомобильдерінің саудасын тоқтатуды мақұлдады, сонымен қатар «бензинді» және «дизель» автомобильдердің өндірісі 2030 жылдың өзінде 50%-дан артық қысқаруы тиіс екені мәлім болды. Осы жылдың тамызында бұл жоспарға АҚШ-тың Калифорния штаты да қосылғаны белгілі.
Егор Васильев, корреспондент
06.10.2022, 14:32