Әлемдік көлік өнеркәсібінде 2023 жылы сұраныс мәселесі туындауы мүмкін
Boston Consulting Group сарапшылары болжамды III тоқсанның қорытындысы бойынша жаңа көлік тапшылығы күрт төмендейтінін негізге алып жасап отыр.
Boston Consulting Group алдағы 6-12 айда әлемдік нарықта жаңа көліктерге сұраныс төмендеуі мүмкін деп болжайды. Бұл туралы Welt am Sonntag ресурсы жазды.
Boston Consulting Group (BCG) мамандары 2024 жылдың басында жартылай өткізгіштердің жетіспеушілігінен туындаған жаңа көліктерге сұраныс қалпына келеді деп болжайды. Бұл болжам 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша алғашқы жартыжылдың соңына таман сатып алу сұранысын қанағаттындыру үшін жетіспеген 3,5 миллион жаңа автокөліктен 2,5 миллион көлікке дейін төмендеп кеткен соң жасалып отыр.
Бірақ жартылай өткізгіштерді жеткізуді тұрақтандырудың да кемшіл тұстары бар. Консалтингтік агенттіктің сарапшылары, келесі 6 айдан 12 айға дейінгі мерзім ішінде тапшылықты төмендетудің жоғары келтірілген динамикасымен қазіргі сұраныс орнына келеді деп есептейді. Алайда бұдан кейін автомобиль өндірушілері тағы бір қиындыққа тап болады . BCG-дің айтуынша, ол – өнімдеріне алдағы бірнеше жыл бойы сұраныстың төмендеуі.
Сондықтан агенттік автомобильдердің әлемдік өндірісі 2025 жылға қарай баяғы көрсеткіштерге жете алмайтынына сенімді. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 95 миллион автомобиль шығарылды. BCG болжамы бойынша, 2022 жылы әлемде 79 миллион автомобиль шығарылады, ал 2023 жылы олардың шығарылу көлемі 83 миллионға дейін артады. 2025 жылы автомобиль өндірісі 88 миллион автомобильге дейін артады деп болжанып отыр.
Жартылай өткізгіштер мәселесін біртіндеп шешу қатысты консалтингтік құрылымның есептеулерін жетекші автомобиль өндірушілерінің әрекеттерінен байқап отырған жоқпыз. Қазанның басында Honda мен Toyota жинақтауыштарды жеткізудегі мәселеге байланысты ішкі өндіріс көлемін күрт төмендететіні белгілі болды. Ал тамыз айында дәл осы себеппен Hyundai Trans Kazakhstan елімізде аса сұранысқа ие Hyundai Accent және Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтату туралы жариялады.
Чиптерді жеткізу мәселесі осыдан екі жыл бұрын, пандемия кезінде басталды. Одан кейін логистикалық тізбектер бұзылып, автоөнеркәсіптің кейінге қалдырылған сұранысы әлі де қалпына келтірілмеген. Өйткені ол тұрмыстық техника мен гаджет өндірушілерімен бәсекелесуге мәжбүр. 2022 жылдың басында чип тапшылығы Украинадағы жағдай әсерінен әлемнің әртүрлі елдеріндегі құрамдастар өндірушілерінің кәсіпорындарына қойылған шектеу шараларына байланысты күшейе түсті.
Егор Васильев, корреспондент
22.10.2022, 11:41