Tesla Қытайдағы өндірісін ұлғайтпақшы
Маусым айында америкалық өндіруші Шанхайда 79 мыңға жуық электрлі көлік шығарып, Қытайдағы өндірісі бойынша өз рекордын қойды.
Tesla Қытайдағы өндірісін ұлғайтпақшы, деп хабарлайды Tesla Inc.-тің басқарма төрағасы Робин Денхольдқа сілтеме жасаған Bloomberg.
Электромобиль шығаратын америкалық компанияның басқарма басшысы Қытайда қуаттылықтарды сақтап қалудың себебі — компания 2030 жылға қарай 20 миллион автомобиль шығаруды мақсат етеді, сондықтан ол үшін барлық құрлықта өндірістік қуаттылықтар қажет болады деп мәлімдеді.
«Біз әлем бойынша зауыт салып жатырмыз. Әлем электромобильдер мен литий-ионды аккумуляторларға көшіп жатыр, сондықтан біз әлем бойынша барлық негізгі нарықтарда болуымыз керек деп санаймыз. Сол себепті әр құрлықта өндірістік қуаттылықтарымыздың болуы маңызды», — деп келтіреді Денхольмның Канберрада жасаған мәлімдемесін Bloomberg.
Tesla жақында Берлин мен Техаста зауыттарын ашты, ал оның алдында Шанхай мен Калифорнияда кәсіпорындарын іске қосқан болатын. Биылдың басында коронавирус індетінің қайта бой көтеруіне байланысты Шанхайдағы екі айға созылған шектеуден соң мұндағы өндірісі баяулап қалған еді.
Десек те, америкалық көлік алпауыты шектеу кезінде де Шанхайдағы зауытта жұмысты сақтап қалуға біраз күш салды: зауыт жұмыскерлері 12 сағаттан аптасына алты күн жұмыс істеді, оларға зауыт аумағында ұйықтауға арнайы орын қарастырылды.
Tesla сонымен қатар Шанхайдағы зауыттың өндірістік желісін жаңғыртудан өткізіп, нәтижесінде маусым айында бұл бөлімшесі 78 906 көлік шығарып, өз рекордын қойды. Тамыз айына таман көрсеткіш аздап төмендеп, шығарған көліктің саны 76 965-ті құрады.
«Әр құрлықты өндірістің болғаны маңызды, өйткені тізбекті ұзақмерзімдік перспективаға құратын болсаңыз, тұтынушыға дейінгі дистанция қысқа болғанын қалайсыз. Оған қоса, бұл жеткізу мен теңізбен тасымалдау, яғни күкірт қышқылы бөліністерін арттыратын процестер болмауы керек», — деді Денхольм.
Ол Tesla 2030 жылға қарай 20 млн электромобиль шығаруды мақсат етіп отырғанын қайталап өтті. Компания 2021 жылы 1 млн-ға жуық автомобиль шығарған және бұл көрсеткішке Қытайдағы өндірісінсіз қол жеткізе алмасын атап өтті: Шандайда жүргізген бір жаңғартудың өзі зауыттың жылдық қуаттылығын шамамен 1 млн бірлікке еселеген.
Сонымен бірге Tesla-ның «басы» АҚШ пен Қытай арасындағы стратегиялық бәсекелестікке кірістіріліп, оның салдары оған деген көзқарасқа әсер етті: бастапқыда, 2018 жылы ҚХР билігі америкалық компанияны салық жеңілдіктерімен және арзан несиемен қамтып, сондай-ақ Шанхайда өте ірі фабрика салуға көмектесті. Осыдан соң Қытай Tesla-ның АҚШ-тан басқа елдердегі ең маңызды нарығына айналды.
Алайда соңғы уақытта көңілі толмаған клиенттердің наразылығы мен жергілікті тұрғындардың Tesla автомобильдеріне орнатылған камералар тыңшылық үшін пайдаланылуы мүмкін деген қаупінен кейін шетелдік өндіруші мен жергілікті билік қарым-қатынасы салқындап кетті. Осы жағдайлар бар, сонымен бірге карантин кезіндегі үстеме жұмыстар реттеуші органдар тарапынан тексеру жүргізумен аяқталды.
Егор Васильев, корреспондент
15.09.2022, 14:33