«Кімді не мазалайтынын түсіну үшін баяндаманың тақырыбына немесе баяндамашылардың екпініне назар аударсаңыз жеткілікті»
Астанада өткен Қазақстанның Машина жасаушыларының X форумы жайлы Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының жетекшісі Артур Мискарян өз пікірін білдірді.
Соңғы бірнеше жылда іс-шараға алғаш рет үкімет басшысы қатысты. Көптеген шетелдік қонақтар, негізінен ресейлік серіктестер болды. Бірде-бір панельдік сессия кесте бойынша, жоспарланған уақытта аяқталған жоқ. Талқылайтын тақырыптар мен сұрақтар көп, ал форумның уақыты шектеулі болды. Қызықты мәлімдемелерден:
- Әлемдік өнеркәсіптік өндірістің 40%-ы машина жасауға тиесілі. Дамыған елдерде 50-70% болса, Қазақстанда 10%-дан төмен.
- Импортқа тәуелділікті азайту — мемлекет пен бизнестің стратегиялық міндеті.
- Геосаяси жағдай кері әсерін тигізіп жатыр.
- Қазақстанда машина жасау өнімдерінің импорты — $17 млрд, экспорт — $2 млрд. Бұған барлығы алаңдаулы.
- Саланы дамыту жөнінде кешенді жоспар мен бағдарламалық құжат қажет.
- Несие ресурстары қол жетімді болуы керек. Ол үшін мөлшерлемелерді субсидиялау қажет.
- Жерсіндіру — жалпы міндет. Мамандарды дамыту және жерсіндіруді келісілген түрде қолға алған жөн.
- Егер еліміз жетістікке қол жеткізгісі келсе, қаржыны білімге құйған жөн. Бұл — негізгі іргетас.
- Салада 3,5 мың кәсіпорын бар, жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны — 114 мың адам.
- ИИДМ есептеулері бойынша, машина жасау саласындағы 1 жұмыс орны — аралас салаларда 5-7 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
- Сала құрамдастар базасын дамыту жағдайына көшуге дайын тұр.
-- Жұмысшы мамандықтар бойынша біліктілікті кезең-кезеңімен дамыту қажет (жалпы білім туралы көп айтылды).
- Салада не болып жатқанынын және НАҚТЫ мәселелер жайлы түсінік болу үшін, форумға келгеніңіз абзал. Таңертең келсеңіз, тіпті жақсы.
- ЕАЭО елдерінен автомобильдерді заңдастыру және ресейлік тұтынушылар тарапынан сұраныс, жыл соңына қарай автопарктің орташа жылына әсер етуі мүмкін.
- 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жеңілдетілген автонесиелеу бойынша 13,3 мың өтінім мақұлданды.
- ЖНБ (Жеңілдетілген несие бағдарламасы) жұмыс істейтін 30 жылда 60 мың көлік беру жоспарланып отыр.
- Басқарушы мамандар мен тиімді менеджерлердің болмауы — саладағы соңғы кезде туындаған мәселелердің бірі.
- Жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығының төмендігі — барлық жерде бар мәселе.
- Бизнес пен білім беру жүйесі арасында тиімді байланыс жоқ.
- Ғылыми ізденістер мен жаңалықтарды бизнесті дамытуға бағыттау қажет.
- Мамандықтарды жасау кезінде автоөнеркәсіптің дамуына қатысы барын ескеру қажет.
Бұл қызықты және нәтижелі форум болды. Уақыт өте келе, кімді не мазалайтыны, қандай мәселелер шешілді, ал қайсысы шешілу үстінде екенін түсіну үшін, баяндаманың тақырыбын көру немесе баяндамашылардың дауыс екпініне назар аударсаңыз жеткілікті.
Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
25.09.2022, 14:00