Еуропада коммерциялық техниканың саудасы төмендеп кетті
2022 жылдың тамыз айында коммерциялық техника саудасында тек Испанияда ғана өсім байқалды.
2022 жылдың қаңтар және тамыз айлары аралығында Еуропада 1 млн коммерциялық техника сатылды. Бұл 2021 жылдың дәл осындай кезеңіндегіден 18,8%-ға аз. Аймақтағы төрт ірі нарықта, атап айтқанда Испания (-25,2%), Франция (-21,5%), Германия (-17,1%) және Италияда (-11,1%) сауда төмендегені байқалды.
Еуропада коммерциялық техниканың саудасы 14 ай қатарынан құлдырап барады. 2022 жылдың шілде-тамызында айларында сәйкесінше 17,4% және 8%-ға төмендеген, деп хабарлайды Еуропаның автомобиль өндірушілерінің қауымдастығы (ACEA).
Жаз маусымында Еуропаның барлық ірі нарықтарында сауда мардымсыз болды. Тек жалғыз Испания ғана биылғы тамызда (+11,5%) өсім көрсеткен.
2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Еуропа одағы елдерінде 838,6 мың коммерциялық жеңіл автомобиль сатылған, бұл былтырғы алғашқы сегіз айдағыдан на 22,3%-дан аз. Ауыр жүк көліктеріне келер болсақ, 8 айда 165,9 мыңы сатылып, ол 2021 жылдың көрсеткішінен 2,7%-ға көп болып шықты.
Сондай-ақ автобустың саудасы да азайып кеткен — 2022 жылдың қаңтар-тамызында Еуроодақта 18 мың бірлік автобус саудаланған. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 5,4%-ға аз.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
27.09.2022, 11:24