Меню CARMA.KZ

Toyota акциялары 3%-ға құлады

Бұл әлемдегі ірі автоөндіруші операциялық кіріс болжамын 2,4 трлн иена (18 млрд доллар) көлемінде сақтағаннан кейін орын алды.

Toyota Motor Corp. инвесторларды алаңдатып, биылғы кірісін сақтап қалды. Қытайдағы пандемияға байланысты материалдар құны өсіп және жеткізуде іркілістер туындап, қосалқы бөлшектер жетіспей жатқан тұста автомобиль өндіру мүмкіншілігіне қатысты өндірушінің қаупі болса да, әлсіз иена өзінің ұлттық валютасында кірісін ұлғайтып жатыр, деп жазады Bloomberg.

Әлемдегі ірі көлік өндіруші наурыз айында аяқталған қаржы жылына 2,4 трлн иена (18 млрд доллар) көлемінде операциялық кіріс болжамын сақтап қалғаннан кейін Toyota-ның акциялары құлдырады. Кіріс 3,3 трлн иена болады деген сарапшылардың болжамынан орташадан төмен болды.

Иена долларға шаққанда әлсіреп, ал компания болжамын бір доллар үшін 155 иенадан 130 иенаға дейін жаңартқаннан кейін, Toyota басшылары экономикаға төмендетуші қысым және өзге елдерде пайыздық мөлшерлемелердің ықтимал көтерілуі секілді алда «көп белгісіздіктер» тұрғанын мәлім етті.

«Кірістің болжамын арттыруға соншалықты сенімді емеспіз», — деп мәлімдеді Toyota-дағылар.

Консервативтік болжам бойынша, Toyota әлі де алдағы бірнеше айда өндірістік мәселелерді бастан кешпек.

«Жалпы алғанда қаржы жылындағы операциялық кіріс валютаның әлсіреуіне байланысты 670 миллиард иенаға артады», — деп мәлімдеді Toyota.

Дегенмен де, екінші тоқсандағы шынайы қаржылық нәтижелер де күткендегідей болмады. Операциялық кіріс көлемі болжанған 808 миллиард иена емес 579 миллиард иена болды.

Біршама әлсіз валюта 195 миллиард иена көлемінде есептік кірісті көбейтуге көмектескенімен, материалдарға бағаның күрт өсіп кетуі оны мардымсыз етіп тастады. Toyota-ның деректеріне сүйенсек, материалдар бағасының өсуі компанияға 315 миллиар иена көлемінде жағымсыз әсер еткен.

Әйтсе де тоқсандық болжамдар 8,5 трлн иенаны құрап, талдаушылар айтқан 8,2 трлн теңгеден асып түсті. Бір жылғы пайдаға жасалған болжам 33 трлн иенадан 34,5 трлн иенаға дейін артты. Талдаушылар жалпы қаржы жылының сауда көлемі 35,2 трлн иена болады деп отыр.

«Олар нарықтың бағалауларға жете алмады, бұл жеткіліксіз болды, ол күткендегідей емес, — деп келтіреді Tokai Tokyo Research орталығының сарапшысы Сэйдзи Сугиураның сөзін Bloomberg. — Әлдеқайда әлсіз иенадан пайда көре алған жоқ, олар автомобильді көптеп шығармады, шығындарды азайту шаралары айтарлықтай ықпал етпеген сияқты».

Toyota үш ай бұрын «соңғы жағдайларға көбірек үйлесу үшін» сәуір мен маусым аралығында өндірісте «әдейі үзіліс» жасайтынын мәлімдеген болатын. Шанхайда індетке байланысты бұғаттау мен Аити префектурасында судың жетіспеушілігі соңғы айларда компанияның өндірістік жоспарларын бұзып жіберді.

«Консервативтік көзқарас — Toyota-ның стилі, бірақ, егер жақын тоқсандарда тосын жайттар орын алмайтын болса, жақсырақ көзқарастарды көріп қалуымыз мүмкін», — деп санайды Bloomberg Intelligence сарапшысы Тацуо Йошида. Нәтижелер көрсеткендей, «Toyota жеткізушілерінің шығындардың басым бөлігін жаба отырып, операциялық және қаржылық жағынан да тұрақты болып қалғанын қалайды», — деді ол.

«Жартылай өткізгіштер секілді бөлшектерді жеткізуде әлі де сенімсіздік бар, бірақ біз жеткізушілерімізбен тығыз ынтықтастық орнатып, болжамымыздан асып түсетін өндіріске жетуге тырысамыз», — делінеді Toyota-ның таныстыру материалдарында.

Жартылай өткізгіштіктердің тапшылығы, шикізаттың тым қымбаттығы және Қытайда Covid-19-бен байланысты шектеулер әлем бойынша көлік құрастыру желілерінде бей-берекет тудырды. Осыған қарамастан, автомобиль өндіруші биылға 9,7 млн автомобиль құрастыру жоспарын өзгертетін ойы жоқ.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
08.08.2022, 08:15