Меню CARMA.KZ

Қазақстанда жерсіндірілген автомобильдер саудасының нарықтағы үлесі 80%-ға өсті

Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығы (АТМО) Қазақстанның жаңа автомобильдер нарығы мен автопаркінің 2022 жылдың алғашқы жартыжылындағы жағдайына шолу әзірледі.

Қазақстанда жерсіндірілген автомобильдер саудасының нарықтағы үлесі 80%-ға өсті / Фото: atpress.kz
Қазақстанда жерсіндірілген автомобильдер саудасының нарықтағы үлесі 80%-ға өсті / Фото: atpress.kz

2022 жылдың алғашқы жарты жылдығында Қазақстанда ең көп сатылған Hyundai, Chevrolet, Kia, Lada, Toyota автомобильдері болды, деп хабарлайды CARMA.KZ редакциясы алған Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының 2022 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа автомобильдер нарығы мен автопаркіне жүргізген шолуында.

«Қазақстандық сатып алушылардың сұранысындағы бес брендтің қатарында Hyundai, Chevrolet, Kia, Lada, Toyota автомобильдері бар. Нарықтағы ҮЗДІК-5-тіктің құрамы өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ, десек те Toyota-ның саудасы 35,6%-ға төмендеді. Ол Санкт-Петербургтен Camry мен RAV4 модельдерін жеткізудің тоқтауымен байланысты болып отыр», — делінеді АТМО-ның шолуында.

Атап айтқанда, Қазақстанда Hyundai биылғы 6 айда 12,9 мың бірлік, Chevrolet дәл сондай кезеңде 12,6 мың бірлік, Kia — 5,6 мың, Lada — 5 мыңнан сәл артық, Toyota – 4,5 мың автомобиль сатқан. 2022 жылдың алғашқы 6 айындағы ҮЗДІК-5-тіктегі маркалардың үлесі еліміздегі жаңа автомобильдерге деген жалпы сұраныстың 78,5%-ын құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 73,8%-ды құраған болатын.

Бұлай болудың себебі, Қазақстанда автомобиль саудасы алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2021 жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда 7%-дан артық төмендеген: Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығының деректері бойынша, 2022 жылдың қаңтар-маусымында еліміздегі ресми дилерлер 51,8 мың жаңа автомобиль саудалаған (жеңіл автомобиль, LCV, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустарды қоса есептегенде), бұл 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сауданың тек 92,3% құрайды.

Әйтсе де ақпан мен наурызда сауда былтырғы деңгейден асып түсті. Қаңтарда, сәуірде және мамырда көрсеткіштер былтырғы деңгейден төмен болып шықты. Маусымда жаңа автомобильдердің саудасы былтырғы деңгейге жетті, — делінеді зерттеуде. — Қазақстан нарығындағы жағдайға Ресей Федерациясынан автомобильдер мен машина жиынтықтарын жеткізудің күрт қысқаруы үлкен әсер етті, — делінеді осы еңбекте.

Мұнымен қатар, сауда көлемінің төмендеуін әлемдік автомобиль нарығын әлі де қыспаққа алып отырған электронды құрамдастардың тапшылығы, жаһандық инфляция, Шығыс Еуропадағы геосаяси тұрақсыздық пен логистикалық тізбектің ажырап кетуі секілді факторлармен байланыстырады. Әлемдік нарықта барлығын қосқанда жыл басынан бері әлемде 38 млн 468 мың автомобиль сатылған, бұл былтырғы 6 аймен салыстырғанда 8,5%-ға төмен.

Зерттеу авторлары Қазақстанда жерсіндірілген автомобильдердің нарықтық үлесі 80%-ға дейін өсуімен қатар, елдің ішіндегі өндіріс көлемінің айтарлықтай өскенін атап өткен. Мәселен өндірісті СарыарқаАвтоӨнеркәсіп былтырғы 23 мың 962 бірлікпен салыстырғанда 2022 жылдың алғашқы алты айында 31 992 бірлікке дейін, Hyundai Trans Kazakhstan — былтырғы 12,3 мыңмен салыстырғанда 16,8 мыңға дейін, Hyundai Trans Auto — былтырғы 433 бірлікпен салыстырғанда 556 бірлікке дейін, Daewoo Bus Kazakhstan — былтырғы 96 бірлікпен салыстырғанда 111 бірлікке дейін өсіре алған.

СемАЗ-да өндіріс төмендеген (былтырғы 2113 бірлікпен салыстырғанда 1200 бірлік) және «КАМАЗ-Инжиниринг (704 бірлікпен салыстырғанда 626 бірлік), бірақ жалпы жағымды сальдоға айтарлықтай әсер еткен жоқ. Оның үстіне, КАМАЗ-Инжинирингте көлемнің азаюы QazTehna-да жолға қойылған өндіріспен өтелді. Мұнда қаңтар-маусымда 97 бірлік техника шығарылды. Өндірісі 9,4%-ға қысқарған жүк автомобильдерінен өзге техникалардың барлық түрлері бойынша шығару көлемінде өсім бар.

Қазақстанда жүк көліктерінің өндірісі түсінікті себеппен азайып кеткенін ескерген жөн. Яғни, осы көлік түрлеріне тұтынушылық сұраныс аз. Автонарықты талдау және мониторингілеу орталығындағылар ішкі өндірістің төмендеуімен қатар, кедендік-тарифтік кедергілердің жеңілдетілгеніне қарамастан көліктің бұл санатында импорт та төмендегенін атап өтеді.

Зерттеуде Қазақстанның автомобиль нарығының жағдайына айтарлықтай әсер ететін көрші Ресейде өндірістің динамикасында өзгерістер бары айтылады. Ресейде 2022 жылдың алты айында 281 мың жеңіл автомобиль шығарылған, бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 61,8%-ға төмен. Оған қоса, жалпы алғанда, 2022 және 2023 жылдарға әлемдік автомобиль өндірісінің базалық болжамы 2,6 млн-ға: сәйкесінше 81,6 млн-ға және 88,5 млн-ға дейін төмендетілген.

АТМО-ның алдын ала бағалаулары бойынша, саудадағы қазіргі динамика сақталып және логистика жұмысы реттелетін болса, автонарықтағы сауда былтырғы деңгейге тағы 10% өсім көрсететін болады. Зерттеу авторларының айтуынша, болжамның орындалу ықтималдығы елдегі макроэкономикалық жағдайға және құрамдастар мен техниканы тұрақты жеткізілуіне байланысты болмақ.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
24.08.2022, 17:35