Оңтүстік Кореяда қытай электромобильдерінің саудасы өсіп келеді
Жергілікті электромобиль өндірушілер мемлекеттік бағдарламаның талаптарына сәйкес келе алмауда.
Оңтүстік Кореяда электромобиль сатып алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның шарттарына наразы. Қазір жергілікті үкімет келесідей субсидияларды ұсынып отыр:
- құны 41,3 мың долларға (193 млн теңге) дейінгі жеңіл электромобильдер үшін субсидия 5,3 мың долларды құрайды (2,5 млн теңге);
- құны 41,3 мыңнан 60 мың долларға (28 млн млн теңге) дейінгі жеңіл электромобильдер үшін субсидия 2,6 мың долларды құрайды (1,2 млн теңге);
- электрлі автобустар мен жүк көліктерін сатып алуға субсидия 10,5 мың (1,9 млн теңге) және 52,5 мың долларды (24,5 млн теңге) құрайды.
Алайда кореялық өндірушілер өнімдерінің бағасын мұншалық төмен етіп ұстап тұра алмауда. Ал аталған критерийлерге арзан батареялар пайдаланатын тек қытай электромобильдері ғана сәйкес келеді.
2022 жылдың қаңтары мен тамызы аралығында Оңтүстік Кореяда қытай электрлі жүк көліктері мен автобустарының саудасы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7 еседен артық өсті. Қазір олар кореяның электрлі жүк көліктері мен автобустары нарығының тең жартысын еншілейді.
Сонымен қатар Қытайдың BYD компаниясы 2023 жылы оңтүстіккореялық нарыққа шығатынын жариялады. Олардың өнімінің құны 31,5 мың доллардан (14,7 млн теңге) асады.
Шын мәнінде, Кореяның элекромобильдерге арналған субсидиялары шетелдік автоөндірушілерге өзінің нарықтағы үлесін ұлғайтуға ықпал етіп отыр. Корея жергілікті автомобиль өндірушілеріне көмектесу үшін мемлекеттік қолдау жүйесін қайта қарауы қажет, деп жазады Chosunilbo.
Оған қоса кореялық электромобиль өндірушілерге өзге елдердің нарықтарына шығу қиын, себебі ол жақтарда өз кәсіпорындарын ғана қолдайды. Мысалы, қытай үкіметі тек қана аккумуляторларды ауыстыру қызметі мен қуаттау станциялар желісі бар компанияларға ғана субсидия береді. Ал олар тек жергілікті өндірушілерде ғана бар. Нәтижесінде, оңтүстіккореялық Hyundai Қытайдың электромобиль нарығының 0,06%-ын ғана иеленеді.
АҚШ пен Жапонияны мысалға алайық. Оларда мемлекеттік бағдарлама талаптарына тек жергілікті өндірістен шыққан электромобильдер ғана сәйкес келеді.
Ербол Мухамбаев, корреспондент
26.08.2022, 17:05