Меню CARMA.KZ

Hyundai Tucson: дизель моторлы кроссоверге назар салыңыз

Кореялық кроссовердің адамдар мен жүктерді тасымалдау мүмкіндіктері туралы — CARMA.KZ шолуында.

Жоспар бойынша Hyundai Tucson-ға сынақ-драйв келесідей тәсілде құрылуы тиіс болатын: қала ішінде бірнеше күн күнделікті пайдаланыста жүру, жүріс сипаттамаларын бағалау үшін қала сыртындағы тас жолға шығу, бөгде адамдардан оңаша тыныш жерде фото және бейнетүсірілім жасау.

Hyundai Tucson 2.0D / Фото: CARMA.KZ
Hyundai Tucson 2.0D / Фото: CARMA.KZ

Шын мәнінде келесі күні таңертең автмобильді автоорталықтан алып кеткен соң курьерлік қызмет хабарласты: Алматыға тапсырыс жасалған 215/85/R16 өлшемді алты дөңгелек уақытынан бұрын келіп тұр – енді тапсырысты алып кету қажет. Одан соң туыстар қонаққа келе жатыр — оларды күтіп алып, сөмкелерімен бірге сыйғызып, әуежайдан үйге алып келу керек. Үйде де тосынсый күтіп тұрды — 100 литрлік бойлер істен шыққан — жаңасын сатып алып, дереу үйге әкелу керек.

Қысқасы Hyundai-дың кроссоверін сынақ кезінде бірден нақты тұрмыстық жағдайларда пайдаланудың бірнеше сценарийінде байқап көрдік.

Сынақтама автомобиль

Біздің сынақтама өткізуімізге қара түсті, шанақтың түсіне сәйкес қара түске боялған жеңіл қорытпалы R18 дискілі, экотерімен қапталған, руль мен отырғыштары жылытқышпен, қозғалыс жолағын бақылау және бейімді круиз-бақылаумен жабдықталған автомобиль тап болды. Мұндай автомобиль 16,4 млн теңге тұрады. Ірі опциялардан оған отырғыштардың желдеткіші және панорамалық төбе жетіспейді.

Сырттай қарағанда «D» қарпі капот астында дизельді мотор екенінен еш сыр бермейді. Салон ішінде дизель жайында тек тахометрдің шкаласындағы белгі бойынша ғана аңғаруға болады — қызыл аймақ 4,5 мың айналымнан басталады, оған қоса салондағы дыбыстан дизельді тек үдету барысында ғана білесіз.

Екілитрлі дизельді моторды марканың басқа модельдеріне де қояды / Фото: CARMA.KZ
Екілитрлі дизельді моторды марканың басқа модельдеріне де қояды / Фото: CARMA.KZ

Бізде сынақтама болған бірнеше күнде дизельді Tucson 9 литр деңгейінде орташа шығындады. Бұл негізінен Нұр-Сұлтан мен Қосшыдағы кептелістерде тұрған уақыттарды есептегендегіміз. Қосшыда көлік көп болмаса да, қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты кептеліс туындайтын болған. Дегенмен біздің сынағымызға 70 шақырым жүрілген кроссовер тап болғандықтан, жүріп бейімделгенген кейін дәл осындай жағдайларда отын шығыны аз болады.

Салон мен жүк салғыш

Дизельді Tucson-ның интерьері заманауи Hyundai-дың фирмалық стилінде жасалған: егер, мысалы Elantra немесе Sonata таныс болса, онда мұнда батырмалардың орналасуы, түрлі бөліктері мен мультимедиасының жұмыс істеуі бірден түсінікті болады. Модельдік қатардың бір шоғырлы болуы — кәрістердің соңғы жылдары ие бола бастаған брендтің есею белгісі деп атауға болады.

Жаңа Tucson-ның интерьері / Фото: CARMA.KZ
Жаңа Tucson-ның интерьері / Фото: CARMA.KZ

Ал жаңа Hyundai-лардың интерьерін бұрын білмейтін болсаңыз, онда бір нәрсеге көзіңіз бірден түсетіні анық — ол әдеттегі иінтіректің орнына батырмалары бар блок түрінде жасалған «автоматтың» селекторы. Алғаш қарағанда ұнамауы мүмкін, бірақ қала ішінде тұрақтар мен аулаларда әрлі-берлі қозғалыстардан соң оған үйреніп кетесің.

Жаңа Tucson-ның интерьері / Фото: CARMA.KZ
Жаңа Tucson-ның интерьері / Фото: CARMA.KZ

Алдыңғы панель қара жылтыр етіп жасалған және бұл туралы екі фактіні бөліп айтуға болады: жуылған соң көзге әдемі көрінеді, бірақ мультимедиа мен климат-бақылаудың сенсорлық батырмаларын қайта-қайта басқаннан кейін іздер қалып, көзге сүйкімсіз көрінеді. Сынақ-драйв кезінде фотосуретке түсірмес бұрын лайфхак таптым — целлюлоза майлықтарды сулап, суын құрғатып сүртсеңіз айғыз қалдырмайды екен.

Артқы орындықтары кең / Фото: CARMA.KZ
Артқы орындықтары кең / Фото: CARMA.KZ

Үйрену қиын болған бір нәрсе — ол рульдегі мультимедианы басқару блогы болды. Дауыс зорайтқышты реттеу қиындық тудырған жоқ — бәрі ұғынықты: «+» – зорайту, «-» — азайту болса, ал радиостанцияларды немесе тректерді ауыстыру керісінше жүреді екен, яғни, «+» – алдыңғы трек, ал «-» бассаңыз келесі трек қосылады.

Бұл санаттағы кейбір автомобильдердің, оның ішінде Tucson-ның артықшылығы — артқы диванның теп-тегіс болып жататын арқалығы. Ол ыңғайлы және тыйымды жүксалғышқа немесе ұйықтайтын орынға айналып шыға келеді.

Жүксалғыштың сыйымдылығы төлқұжат бойынша – 1 903 литр / Фото: CARMA.KZ
Жүксалғыштың сыйымдылығы төлқұжат бойынша – 1 903 литр / Фото: CARMA.KZ

CARMA.KZ-тың сынағында болған күндері жүксалғышпен 215/85/R16 өлшемдегі алты (!) дөңгелекті тасымалдауға тура келді. 100-литрлік бойлер де, алты жолаушы да еш қиындықсыз сыйып кетті.

Жаңа Tucson-ның жүксалғыш бөлігі / Фото: CARMA.KZ
Жаңа Tucson-ның жүксалғыш бөлігі / Фото: CARMA.KZ

Сондықтан Tucson-ның салоны сыйымдылық пен трансформация тұрғысынан жақсы танылды.

Жаңа Tucson-ның жүксалғыш бөлігі / Фото: CARMA.KZ
Жаңа Tucson-ның жүксалғыш бөлігі / Фото: CARMA.KZ

Динамика және басқарымдылығы

Қалада немесе тас жолда жүріс кезінде дизельді қозғалтқыш өзінің санатындағы көрсеткіштер бойынша лайықты динамикамен қамтамасыз етеді. Бензинді дизельді нұсқаларының отын багының сыйымдылығы бірдей — 55 литр, бірақ төлқұжат бойынша дизельді Tucson 2 литрге үнемді: көлемі 2,5 литрлік бензин қозғалтқышты нұсқасымен жүз шақырымға 9,7 литрмен салыстырғанда 7,7 литр шығындайды. Кейбіреулерді ЖҚС-тардағы солярка құны да қызықтыратын шығар деп ойлаймын. Қазіргі баға бойынша АИ-95 бензинін толық бак құю үшін 10 600 теңге төлеу қажет, ал дизель отынының толық багы — 11 850 теңге. Жылы маусым кезінде 1 250 теңге айырмашылық бар. Қысқы солярка пайдаланатын кезде айырмашылық өседі. Қаншалықты өсетіні маусым жақындағанда белгілі болмақ.

Жаңа Tucson-ның салоны / Фото: CARMA.KZ
Жаңа Tucson-ның салоны / Фото: CARMA.KZ

Дизельдік нұсқаның артықшылығы 186 а.к. мен 416 Н.м кез келген режимде: тұрған орнынан, кідірместен екпіндеуде, ұзақ дөңдерге көтерілуде және толық жүктемемен бірдей жақсы тартады. Бұл жерде айналу сәтінің көрсеткіші назар аударуға тұрарлық. Салыстырар болсақ, 4 литрлік бензин моторлы Toyota Land Cruiser Prado-да 249 а.к. мен 381 Нм бар.

Штаттық режимдерде жүру кезінде тежегіш жүйесі жақсы өнімділік пен болжамды ақырындауды қамтамасыз етеді, алайда көлік иелері форумдарда жоғары жылдамдықпен келе жатып қатарынан бірнеше рет тежеуден кейін тежегіш механизмдерінің қызуға бейіл екенін жазды. Ал ол қасиетін отбасылық автомобильмен жылдамдық үдеткісі келетіндер болса, жадыларына түйіп алғаны жөн шығар.
Көліктің аспалары жолдағы шамалы кедір-бұдырлардан жұмсақ өтеді. Алайда жасанды кедергілерден өткен кезде артқы аспасы шамалы селкілдейді. Артта отырған жолаушыларға сезілуі мүмкін, ал алдында отырғандарға еш әсері жоқ.

Түйіндеме

Қазақстандық нарықта дизель моторлы Hyundai Tucson — бәрінен де осы моторымен де ерекше. Дәл осындай немесе тұтынушылық сипаттамалардың салыстырмалы жиынтығы бензин қозғалтқышты Tucson бере алады. Оның 2 және 2,5 литр көлемді нұсқалары бар. Балама ретінде — Tucson секілді өзге маркалардың ұсыныстары Қазақстанда жерсіндірілген. Ресейден кейбір маркалардың көліктерін жөнелту қысқарғанымен, 12-19 млн баға сегментінде таңдау бар.

Шыны керек, түсініксіз бір нәрсесі бар, ол дизельді қозғалтқыш үшін маңызды да — ол отынның сапасы, нақтысы — оның қысқы уақытта тұтқырлығы. Tucson-ның біздің соляркамен қыста қалай жұмыс істейтінін тексерудің бір ғана әдісі бар — бәлкім қаңтар айында ма, әйтеуір суық айлардың бірінде сынақ-драйв өткізу.

Артур Мискарян

Артур Мискарян, независимый автомобильный эксперт
20.08.2022, 09:00