Меню CARMA.KZ

Қазақстанда көлік салығы 2023 жылы өзгере ме

Қазақстанның үкіметі ел президентінің тапсырмасы бойынша Салық саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

Қазақстанда көлік салығы 2023 жылы өзгере ме /Фото: pixabay.com
Қазақстанда көлік салығы 2023 жылы өзгере ме /Фото: pixabay.com

«Қазіргі уақытта көлік құралдарына арналған қолданыстағы мөлшерлемелерді өзгеру көзделмейді», — делінеді 2023 жылы көлікке салық мөлшерлемесінің ықтимал өзгерістері туралы CARMA.KZ-тің сауалына ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың қолы қойылған министрліктің жауабында.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанда көлік салығы қозғалтқыштың көлеміне, жүккөтергіштігіне немесе отырғыштардың орнына байланысты. Ол жылына бір рет төленеді және оның 2022 жылға арналған мөлшерлемесі келесідей:

— жеңіл автомобильдердің салығы қозғалтқыштың көлеміне байланысты:

  • 1100 текше сантиметрге дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
  • 1100-ден 1500 текше сантиметрге дейін — 2 АЕК (6360 теңге);
  • 1500-ден 2000 текше сантиметрге дейін — 3 АЕК (9540 теңге);
  • 2000-нан 2500 текше сантиметрге дейін — 6 АЕК (19 080 теңге);
  • 2500-ден 3000 текше сантиметрге дейін — 9 АЕК (28 620 теңге);
  • 3000-нан 4000 текше сантиметрге дейін — 15 АЕК (47 700 теңге);
  • 4 000 текше сантиметрден жоғары — 117 АЕК (372 060 теңге);

Қазақстанда 2014 жылғы 31 желтоқсаннан кейін өндірілген/құрастырылған немесе елге әкелінген қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдерге салынатын салық мынадай түрде есептеледі:

  • 3000-нан 3200 текше сантиметрге дейін — 35 АЕК (111 300 теңге);
  • 3200-ден 3500 текше сантиметрге дейін — 46 АЕК (146 280 теңге);
  • 3500-ден 4000 текше сантиметрге дейін — 66 АЕК (209 880 теңге);
  • 4000-нан 5000 текше сантиметрге дейін — 130 АЕК (413 400 теңге);

— Жүк көліктеріне салынатын салық жүк көтергіштігіне байланысты, тіркемелерді қоспағанда:

  • 1 тоннаға дейін қоса алғанда — 3 АЕК (9540 теңге);
  • 1 тоннадан 1,5 тоннаға дейін — 5 АЕК (15 900 теңге);
  • 1,5 тоннадан 5 тоннаға дейін — 7 АЕК (22 260);
  •  5 тоннадан жоғары — 9 АЕК (28 620 теңге);

— ауыл шаруашылығы техникасына салынатын салық 3 АЕК (9540 теңге) болады;

— автобустарға салынатын салық жолаушылар салонының сыйымдылығына байланысты:

  • 12 орынға дейін қоса алғанда — 9 АЕК (28 620 теңге);
  • 13-тен 25 орынға дейін — 14 АЕК (44 520 теңге);
  • 26 және одан жоғары орыннан — 20 АЕК (63 600 теңге);

– мотоцикл салығы ат күшінің мөлшеріне байланысты:

  • 75 ат күшіне дейін қоса алғанда — 1 АЕК (3 180 теңге);
  • 76 ат күшінен және одан жоғары — 10 АЕК (31 800 теңге).

Жеке тұлғалар салықты есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін, заңды тұлғалар салық кезеңінің 5 шілдесіне дейін төлеуге міндетті. Ал салық төлемеген жағдайда тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады.

Сонымен қатар салық органдары қарызды өндіріп алудың түрлі әдістерін қолданады. Көліктер ұсталғанға дейін. Сонымен, дәл қазір Алматыда «Салық берешегі жоқ қала» акциясы өтіп жатыр.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, 10 күнде көлік салығы бойынша берешегі бар 112 автокөлік айып тұрағына қойылған. Меншік иелері қазірдің өзінде 200 миллион теңге төлеп үлгерсе, Алматыдағы көлік салығы бойынша жалпы қарыз 4,8 миллиард теңгені құрап отыр. Салық төлемегендердің көпшілігі қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден асатын автокөліктердің иелері.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрлігінің жауабынан белгілі болғандай, келесі жылы көлік салығын төлемейтін тұлғалардың тізіміне өзгерістер енгізу жоспарланбаған. Салық кодексіне сәйкес қазіргі уақытта аталмыш салық салынбайтын бірқатар санаттар бар:

  • ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер;
  • шаруа және шаруа қожалықтарының басшылары;
  • орта білім беретін мемлекеттік мекемелер (мектептер, колледждер);
  • мүгедектігі бар тұлғалардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ мүгедектердің өздері;
  • ардагерлер мен түрлі мемлекеттік наградалардың иегерлері.

Рас, егер азаматтардың өзі көлікті пайдаланатын болса, жеңілдік жарамды, бірақ егер олар көліктерін жалға немесе лизингке беретін болса, онда ол үшін тиісті салық төлеуге тура келеді.

Сонымен қатар, жүк көтерімділігі 40 тоннадан асатын тау-кен жүк көліктері, мамандандырылған медициналық көліктер және мүлік салығы салынатын көліктер көлік салығынан босатылады.

Үкімет көлік салығын бұрынғы деңгейде қалдыруға уәде еткенімен, қазір салық заңнамасына әзірленіп жатқан өзгерістер автокөлік бизнесіне де, көлік иелеріне де әсер етуі ықтимал.

Дегенмен, CARMA.KZ сауалына Тимур Жақсылықов «мемлекет басшысы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз ететін салық саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғанын» айтты.

Өткен айдың соңында Мәжілістегі «Аманат» партиясы депутаттық фракциясының отырысында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — қаржы министрі Ерлан Жамаубаевтың сөзінен өзгерістердің болатынын және негізгі салықтарға қатысты өзгерістер жүретінін ұғуға болады.

Оның айтуынша, Салық саясаты тұжырымдамасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, бірақ «қазіргі уақытта негізгі тәсілдер әзірленген». Атап айтқанда, «әлеуметтік маңызы бар тауарларға (мөлшерлемелерді саралау) мөлшерлемені бір мезгілде төмендете отырып, ҚҚС-тың базалық мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру» ұсынылып отыр.

Қаржы министрінің айтуынша, бүгінде Қазақстандағы 12%. ҚҚС мөлшерлемесі әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Ол Ресейде, Беларусьте, Арменияда 20%, Өзбекстанда 15% болса, ЭЫДҰ елдерінде 27% барады. Жеңілдік ретінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесін белгілеу ұсынылып отыр. Вице-премьердің айтуынша, «бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеуге мүмкіндік береді».

ҚҚС бойынша тағы бір жаңалық – ҚҚС төлеуші ​​ретінде тіркелу үшін ең төменгі айналымды кезең-кезеңмен қысқарту.

«Ең жоғары межелердің бірі Қазақстанда қолданылады», — деді Ерлан Жамаубаев.

Сонымен қатар, үкімет ҚҚС-ты саралап қайтару мәселесін қарастыруды көздеп отыр.

«Бұл өнімді терең өңдеу үшін қосымша ынталандыру болады. Яғни, неғұрлым терең өңделсе, соғұрлым қайтарылатын қаржы да көп болады», — деді Ерлан Жамаубаев.

Реформалардың жоспарына сәйкес,  корпоративтік табыс салығы да қайта қаралатын болады.

«Бүгінде бізде КТС мөлшерлемесі 20%. ЭЫДҰ елдерінде ол 20%-дан 40%-ға дейінгі аралықта. Соңғы жылдары КТС тиімді мөлшерлемесі 2,9%-дан 3,8%-ға дейін өзгерді. Тиімді мөлшерлеменің төмен болуының бір себебі — түрлі жеңілдіктердің болуы», — дейді Ерлан Жамаубаев.

Сонымен бірге, оның ескертпесіне сүйенсек, мұнда ҚҚС жағдайындағы сияқты сараланған тәсілді қолдану керек.

«Көптеген елдерде табыс салығының мөлшерлемесі экономиканың салаларына байлаулы», — деді вице-премьер «Аманат» депутаттарына.

Бірақ азаматтар үшін табыс салығының прогрессивті шкаласына көшу мәселесі, ең алдымен құны белгілі бір көрсеткіштен жоғары автокөліктерді қамтитын «люкс заттарына» салық салуды енгізу «жалпыға бірдей декларациялауға көшуді ескере отырып қаралатын болады.

Ал тізіміне құны белгілі бір көрсеткіштен асып жығылатын автомобильдер енуі мүмкін «бақуатты тұрмыстың заттарына» салық салуды енгізу секілді азаматтардың табыс салығының прогрессивті межесіне көшу мәселесі «жалпыға ортақ декларациялауға көшу тұрғысынан қарастырылатын болады».

Ербол Казистаев

Ербол Казистаев, корреспондент
18.07.2022, 16:14