Меню CARMA.KZ

General Motors-тың пилотсыз таксилері табыс әкеліп жатқан жоқ

Cruise стартапы Сан-Францискода енгізілгелі бері америкалық автоконцерн 5 млрд долларындай қаражат жоғалтты.

General Motors-тың пилотсыз таксилері табыс әкеліп жатқан жоқ / Фото: motor.ru
General Motors-тың пилотсыз таксилері табыс әкеліп жатқан жоқ / Фото: motor.ru

General Motors 2018 жылы Сан-Францискода іске қосқан пилотсыз такси жобасы оның бастамашыларын үлкен шығынға батырып жатыр, деп хабарлайды Reuters.

GM баспасөз қызметіне сілтеме жасаған агенттіктің хабарлауынша, автоөндіруші пилотсыз тасымалмен айналысатын Cruise стартапында жоба басталғаннан бері шамамен 5 миллиард доллар жоғалтқан. Сонымен бірге, пилотсыз таксилерге жұмсалатын шығындар өсіп жатыр: биылғы жылдың екінші тоқсанында ғана Cruise-дің шығыны 500 миллион долларды құрады, яғни концерн пилотсыз таксилердің кесірінен сәуір-маусым айларында күніне шамамен 5,5 миллион доллар жоғалтты.

Оның үстіне, егер бастапқыда бұл шығын Сан-Франциско тұрғындары мен қонақтарын жүргізушісіз жүруге дағдыландыру мақсатында жобаның ақысыз болуымен байланысты болса, биыл компания ақыры 1 миль тасымал үшін 1 доллар (1,6 шақырым) ақы ала бастады. Дегенмен, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында компания стартаптан 900 миллион доллар жоғалтты, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 300 миллион долларға көп.

Жобаның табыссыз болуының негізгі себептерінің бірі — бұрын роботакси идеясына қызығушылық танытқан үшінші тарап инвесторлар ойларынан айнып, басқа стратегияны таңдап, тәуекелді аймақтарға инвестиция салудан бас тартып отыр. Табыссыздықтың тағы бір себебі — Cruise қызметкерлерінің бәсекелестерге ауысып кетпеуі үшін жоғары жалақыны сақтап қалуы болса да, ең басты себеп  клиенттердің пилотсыз таксилерге сақтықпен қарауы.

«Cruise бірнеше жылдан бері қатынап жүрген Сан-Францисконың өзінде де оған таң қала қарайтындар бар. Мәселен, биылғы көктемге жергілікті полицей электрокарлардың бірін тоқтатып, оның рулінен жүргізушіні таппай көлікті ұзақ тексерген болатын. Жолаушылар да жүргізушісі жоқ машинаға отыруға құлықсыз», — деп жазды Reuters.

Жобаның күрделі қаржылық мәселелеріне қарамастан, GM бас директоры Мэри Барра әлі де Cruise-ден үлкен үміт күтетінін айтты. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай роботакси саласындағы ізашар концернге жылына 50 миллиард долларға дейін табыс әкелетін болады. Дегенмен, ол үшін компания реттеуші органдармен, соның ішінде жол полициясымен көптеген ресми мәселелерді шешуі керек, сонымен қатар таксидің батареясының қызмет ету мерзімін ұлғайтып, географиясын кеңейтуі қажет.

Бастапқыда американдық автоөндіруші жолаушыларды өзі басқаратын көліктерге жоспары зор болды. 2017 жылдың қарашасында GM қаржы директоры Чак Стивенс бұл сегменттегі пайда маржасы компанияның негізгі автомобиль жасау бизнесінің табыстылығынан шамамен 4 есе асып кетуі мүмкін деп мәлімдеді. Дегенмен, әзірге ол General Motors күткендегідей болған жоқ.

Егор Васильев

Егор Васильев, корреспондент
29.07.2022, 15:48