Меню CARMA.KZ

Қазақстанда Аи-95 бензинінің бағасы еркін саудаға жіберіледі

Бензиннің басқа түрлері мен дизель отынына шекті баға бұрынғысынша қалып және мемлекет тағы жарты жыл реттеп отырады.

Қазақстанда Аи-95 бензинінің бағасы еркін саудаға жіберіледі / Фото: liter.kz
Қазақстанда Аи-95 бензинінің бағасы еркін саудаға жіберіледі / Фото: liter.kz

«Бағасын мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензин 180 күнтізбелік күнге алып тастау ұсынылып отыр», — делінеді Энергетика министрлігі дайындаған бұйрықтың жобасында.

Мемлекеттік реттеудің ресми түрде алынып тасталуын Энергетика министрлігіндегілер аталмыш отын маркасын тұтыну үлесінің төмен, сонымен қатар оны өндіруде импорттық қоспалардың пайдаланылады деп түсіндірді.

«Қазақстанда өндірілетін автомобиль бензинерінің жалпы үлесінде Аи-92 80%-ды, ал Аи-95 және одан жоғарылары (әрі қарай Ат-95+) 20% үлесті құрайтындындықтан, Аи-95 маркалы бензин бағасы мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдері тізбесінен 180 күнтізбелік күнге алып тастау ұсынылды», — делінеді энергетика министрі бұйрығының жобасының ресми уәждемесінде.

Сонымен бірге министрліктегілер «Аи-95-ті өндіру барысында риформат, крекинг-бензин, изомерат және басқа да қымбат тұратын импорттық қоспалар мен жоғарыоктанды құрамдастарға шығыс көп екендігін атап өтті.

«Импорттық қоспарлардың бағасы мұнай бағасы мен айырбас бағамға қарай орнатылады, осыған сәйкес Аи-95+ автомобиль бензинінің өзіндік құны Аи-92-ге қарағанда жоғары», — деп санайды Энергетика министрлігі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның отын нарығындағы бағалар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы №22 қаулысымен реттеледі және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары бекітілген.

Жоспардың 24 тармағына сәйкес, 180 күнтізбелік күнге бензин мен дизель отынының бағасын реттеу қарастырылған, әрекет ету мерзімі – 2022 жылдың қаңтар-шілдесі.

Себебі, 2022 жылдың қаңтарында 180 күнтізбелік күнге бензин мен дизель отынының бағасын реттеуді енгізуді қарастыратын Қазақстан Республикасы энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығы қабылданған. Оның әрекет ету мерзімі 6 шілдеде аяқталатындықтан, үкімет бағаны еркін саудаға жібере ме, әлде алдағы 180 күнтізбелік күнге бензин мен дизель отынының бағасын реттеуді енгізе ме — айқындауы тиіс.

Қазіргі таңда мұнай өнімдерінің бөлшек саудасының шекті бағасы келесідей деңгейде бекітілген:

  • Аи-80 маркалы бензин — литрі 89 теңге;
  • Аи-92 маркалы бензин — литрі 182 теңге;
  • Аи-93 маркалы бензин — литрі 182 теңге;
  • Аи-95 маркалы бензин — литрі 215 теңге;
  • Дизель отыны (жазғы, маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында — литрі 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында — литрі 230 теңге.

Сонымен бірге Энергетика министрлігінің ақпараттық-талдау орталығының мәліметтері бойынша, жанармай құю станцияларындағы орташа бағалар биылғы 27 маусымда келесідей болды:

  • Аи-92 маркалы бензин — литрі 177,6 теңге;
  • Аи-95 маркалы бензин — литрі 207,5теңге;
  • Аи-98 маркалы бензин — литрі 233,4 теңге;
  • Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) — литрі 236,6 теңге;
  • Қысқы дизель отыны — литрі 332,3 теңге.

CARMA.KZ-тің Энергетика министрлігіндегі дереккөзінің пікірінше, мемлекеттік реттеуді алынып тасталған соң Аи-95 бензинінің бағасы «тым болмағанда Ресеймен шекаралас облыстарда жоғарылап, жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді». Олай дейтін себебі, теңге-рубль жұбында бір рубль үшін 5,5 теңгеден 8,5 теңгеге дейін бір ай ішінде бағамның күрт өсуі салдарынан Қазақстан мен Ресейдің ішкі нарықтарында бензин мен дизель отыны бағалары арасында баға тепе-теңдігі бұзылды.

Бүгінгі таңда Ресейде Аи-92 бензинінің орташа нарықтық құны литріне 49 рубльді, ал Аи-95-тің литрі 51-52 рубльді құрайды. Теңгеге есептегенде Қазақстанда бензин Ресейдегіден 2 есе арзан болып қалды. Дизель отынымен де дәл осы жағдай орын алып отыр. Елімізде бензин экспорттауға тыйым салынғанымен, алайда CARMA.KZ әңгімелескен адам «біздің нарықтан, әсіресе шекаралас облыстардан бензин әкетеліп жатыр» дегенді айтты.

Оның пікірінше, Аи-95 бағасы еркін саудаға жіберілген соң оның бағасы күрт өсіп, нарық тепе-теңдікке келмек. CARMA.KZ болжамынша, теңге/рубль жұбындағы қазіргі арасалмақ сақталатын болса, онда литрі үшін бағалар 275/300 болуы мүмкін.

Вадим Григорьев

Вадим Григорьев, журналист
30.06.2022, 15:25