Жеңілдетілген несие бағдарламасымен 974 автомобиль сатылды
Өнеркәсіпті қолдау қоры бағдарлама бойынша екі аптаның қорытындысын шығарды.
Бағдарлама 16 мамырдан басталғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтінім түскен. Олардың ішінде сомасы 65,1 млрд теңгенің 8 795 өтінімі расталды, деп хабарлады Өнеркәсіпті қолдау қорының баспасөз қызметі Instagram-дағы өзінің парақшасында. Осыдан бір апта бұрын, 24 мамырда қазақстандықтар аталған бағдарлама аясында 34 автомобиль сатып алып үлгерген, ал 4 834 жеке тұлға сомасы 35,7 миллиард теңгенің жағымды қорытындысына ие болған.
Бүгінгі күні, баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жалпы елімізде жеңілдетілген несиелеудің көмегімен 974 автомобиль өз иесін тапты. Жаңа көлік мінгендердің дені Алматыда (201 машина) болса, ең азы Алматы облысында (7) екені белгілі болды.
Жалпы алғанда аймақтарға бөлгенде жағдай келесідей болып отыр:
Қала, өңір | Автомобильдердің саны |
Алматы қ. |
201 |
Нұр-Сұлтан қ. |
111 |
Шымкент қ. |
108 |
Шығыс Қазақстан | 92 |
Қарағанды | 81 |
Қостанай | 65 |
Жамбыл | 54 |
Түркістан |
46 |
Павлодар |
37 |
Ақтөбе |
35 |
Батыс Қазақстан |
34 |
Маңғыстау | 29 |
Атырау | 26 |
Ақмола |
18 |
Қызылорда |
16 |
Солтүстік Қазақстан | 14 |
Алматы | 7 |
Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламаның операторы Өнеркәсіпті қолдау қоры болып табылады. Оператордың мәліметі бойынша бағдарлама бойынша қаржыландырудың лимиті – 100 млрд теңге.
Бағдарлама 30 жылға есептелген және ол «револьверлік» несиелеуге негізделген, яғни банк несие алған жеке тұлғалардың негізгі қарызды өтеуден түсетін қаражаты есебінен автомобиль сатып алуға жаңа қарыз беретін болады.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының басты шарттары:
- 1 автомобильдің құны — 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден артық емес;
- Қаржыландыру мерзімі — 7 жылдан артық емес;
- Бастапқы жарна 0%;
- Несиелеу валютасы — теңге;
- Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бірақ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының сақтандыру және автокөлікті рәсімдеу шығындарын (оның ішінде кепілге) қоса есептегенде 7,5%-дан аспауы тиіс;
- Түпкілікті қарыз алушы отандық өндірістен шыққан жеңіл автокөлікті сақтандыру мен кепілге рәсімдеу шығыстарын өзі төлейді.
Бағдарламаға қатысушы автоөндірушілер:
- «САРЫАРҚААВТОӨНЕРКӘСІП»
- «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN»
Отандық көлік өндірушілерді қолдауға бағытталған банкаралық несиелеу бағдарламасы аясында түпкілікті қарыз алушы-жеке тұлғалардың сатып алуына ұсынылатын отандық өндірістен шыққан жеңіл автокөлік модельдерінің тізімі:
«САРЫАРҚААВТОӨНЕРКӘСІП» ЖШС: Chevrolet Spark, Chevrolet Nexia, Chevrolet Cobalt, Chevrolet Malibu, Chevrolet Tracker, Chevrolet Trailblazer, Chevrolet Equinox, Kia Picanto, Kia Rio, Kia Cerato, Kia K5, Kia Soul, Kia Seltos, Kia Sportage, JAC S3, JAC S5, JAC S4, JAC J7, JAC S7, Lada Granta, Lada Vesta, Lada XRAY, Lada Largus, Lada 4х4, Lada Niva.
«Hyndai Trans Kazakhstan» ЖШС: Hyndai Accent, Hyndai Creta, Hyndai Elantra, Hyndai Sonata, Hyndai Tucson.
Отандық автоөндірушілерді қаржыландыруға қатысатын ЕДБ тізімі:
- «Еуразиялық банк» АҚ;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ;
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
- «Forte Bank» АҚ.
Бұл тізім түпкілікті емес, екінші деңгейлі банктердің өтінімдерді қарастыру барысына қарай «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ бағдарламаның серіктес-қатысушыларын қосатын болады.
Екінші деңгейлі банктер түпкілікті қарыз алушылардың төлем қабілетіне сараптама жүргізіп, қарыз беру жөнінде шешім қабылдайды. Жеке тұлғаларға қарыз берудің кезегін екінші деңгейлі банктер жүргізеді.
Бағдарлама аясында қарыз беру үшін екінші деңгейлі банктердің қаражаты бар болған жағдайда банктер жеке тұлғалардың өтінімін мақұлдау жөніндегі ақпаратты «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ-ға жолдайды. Бөлінген қаражат аясында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ келіп түскен өтінімдерді бағдарламаның шарттарына (автомобильді екі жылда бір рет сатып алу) сәйкес келетіндігін тексеріп, екінші деңгейді банктердің шоттан қаражатты шығару мүмкіндігін растайды.
Вадим Григорьев, журналист
31.05.2022, 19:40