Монополияға қарсы қызмет автодилерлерге ескерту жасады
Қосымша опцияларды тықпалағандары үшін оларға 600 теңгеден 4,5 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Монополиция қарсы орган автодилерлерге тұтынушыларға қосымша қондырғыларды тықпалау фактілеріне жол берілмейтіндігі туралы ескерту жасап, жеңіл автомобильдердің алғашқы бөлшек саудасы нарығын талдау шараларын бастағанын хабарлады. Автомобильді сату барысында қосымша қондырғыларды тықпалау фактілеріне тап болған тұлғаларды тұтынушылар құқығы қорғау және антимонополия органдарына жүгінуді сұрайды.
«Егер көрсетілген әрекеттер нарықтың басқа субъектілері — аталған қондырғыны жеткізушіге шығын келтірген немесе келтіретін болса, онда ол монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылады және ол үшін сомасы 200-ден 1500 АЕК (612,6 мыңнан 4 млн 594,5 мың теңге аралығында) аралығында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады немесе субъекті нарықта басым орынды иеленуші деп танылған жағдайда монополиялық кірісі тәркіленумен қатар кірісінің 3-тен 5%-ы аралығында көлемде айыппұл салынады», — деп Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеме жасады.
Бұнда мәлімдеме жасаудың себебі, БҚДА деректері бойынша, бүгінгі күнде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстары беттерінде сатушылардың (автоорталықтардың) автомобиль сатып алу кезінде қосымша қондырғыларды сатып алуға күштейтіндігі туралы көп айтылып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, 16 мамырда Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу мемлекеттік бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарламаның операторы Өнеркәсіпті қолдау қоры болып табылады. Оператордың мәліметі бойынша бағдарлама бойынша қаржыландырудың лимиті — 100 млрд теңге.
Бағдарлама 30 жылға есептелген және ол «револьверлік» несиелеуге негізделген, яғни банк несие алған жеке тұлғалардың негізгі қарызды өтеуден түсетін қаражаты есебінен автомобиль сатып алуға жаңа қарыз беретін болады.
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының басты шарттары:
1 автомобильдің құны — 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден артық емес;
Қаржыландыру мерзімі — 7 жылдан артық емес;
Бастапқы жарна 0%;
Несиелеу валютасы — теңге;
Сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 4%, бірақ жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының сақтандыру және автокөлікті рәсімдеу шығындарын (оның ішінде кепілге) қоса есептегенде 7,5%-дан аспауы тиіс ;
Түпкілікті қарыз алушы отандық өндірістен шыққан жеңіл автокөлікті сақтандыру мен кепілге рәсімдеу шығыстарын өзі төлейді.
Бағдарламаға қатысушы автоөндірушілер:
- «САРЫАРҚААВТОӨНЕРКӘСІП»
- «HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN»
Отандық көлік өндірушілерді қолдауға бағытталған банкаралық несиелеу бағдарламасы аясында түпкілікті қарыз алушы-жеке тұлғалардың сатып алуына ұсынылатын отандық өндірістен шыққан жеңіл автокөлік модельдерінің тізімі:
«САРЫАРҚААВТОӨНЕРКӘСІП» ЖШС: Chevrolet Spark, Chevrolet Nexia, Chevrolet Cobalt, Chevrolet Malibu, Chevrolet Tracker, Chevrolet Trailblazer, Chevrolet Equinox, Kia Picanto, Kia Rio, Kia Cerato, Kia K5, Kia Soul, Kia Seltos, Kia Sportage, JAC S3, JAC S5, JAC S4, JAC J7, JAC S7, Lada Granta, Lada Vesta, Lada XRAY, Lada Largus, Lada 4х4, Lada Niva.
«Hyndai Trans Kazakhstan» ЖШС: Hyndai Accent, Hyndai Creta, Hyndai Elantra, Hyndai Sonata, Hyndai Tucson.
Отандық автоөндірушілерді қаржыландыруға қатысатын ЕДБ тізімі:
- «Еуразиялық банк» АҚ;
- «Банк ЦентрКредит» АҚ;
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ;
- «Forte Bank» АҚ.
Бұл тізім түпкілікті емес, екінші деңгейлі банктердің өтінімдерді қарастыру барысына қарай «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ бағдарламаның серіктес-қатысушыларын қосатын болады.
Екінші деңгейлі банктер түпкілікті қарыз алушылардың төлем қабілетіне сараптама жүргізіп, қарыз беру жөнінде шешім қабылдайды. Жеке тұлғаларға қарыз берудің кезегін екінші деңгейлі банктер жүргізеді.
Бағдарлама аясында қарыз беру үшін екінші деңгейлі банктердің қаражаты бар болған жағдайда банктер жеке тұлғалардың өтінімін мақұлдау жөніндегі ақпаратты «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ-ға жолдайды. Бөлінген қаражат аясында «Өнеркәсіпті қолдау қоры» АҚ келіп түскен өтінімдерді бағдарламаның шарттарына (автомобильді екі жылда бір рет сатып алу) сәйкес келетіндігін тексеріп, екінші деңгейді банктердің шоттан қаражатты шығару мүмкіндігін растайды.
Вадим Григорьев, журналист
31.05.2022, 12:18