Меню CARMA.KZ

Мәскеу «Москвичті» қайта қолға алмақшы

Сергей Собянин «Автофрамос» алаңында өндірілетін автомобильдердің түрлері бойынша федералдық және аймақтық биліктің бірлескен шешімі туралы хабарлады.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің сайтындағы авторлық бағанында «Автофрамос» активтерінің мэрияға өтетіндігіне қатысты жағдайды түсіндірді. «Мен зауытты қаланың қарамағына алып, «Москвич» тарихи брендімен жеңіл автомобиль өндірісін қалпына келтіру туралы шешім қабылдадым. Оған «шетелдік меншік иесі Мәскеудегі «Рено» зауытын жабу туралы шешім қабылдауы себеп болып отыр. Бұған оның құқығы бар, бірақ біз мыңдаған жұмыскердің жұмыссыз қалуына жол бермеуіміз керек».

«Сондықтан біз тікелей зауытта және онымен байланысты жұмыста істейтін жұмыскерлердің басым бөлігін сақтап қалуға тырысамыз», — деп түйіндеді Сергей Собянин.

«Автофрамостың» өндірістік активтері 1998 жылдан бері цехтарда орналасқан. Ленин комсомолы атындағы Автомобиль зауытына қарасты бұл цехтарда кеңес заманында ең негізгі автомобиль маркаларының бірі болған — «Москвичті» шығарған. Цехтардың 2001 жылы жұмысы тоқтаған соң олар Мәскеу үкіметі мен Renault-тың бірлескен автомобильжасау кәсіпорнына берілген. Кәсіпорын бастапқыда «Автофрамос» деп аталып, кейін Рено Ресей компаниясының қарамағына өтті.

Оның берген ақпараты бойынша, қайта өмірге келген Мәскеудің «Москвич» автомобиль зауытына КАМАЗ негізгі технологиялық серіктес болмақ. Бірінші кезеңде ішкі жану қозғалтқышы бар классикалық автомобильдер өндірісі қолға алынса, әрі қарай электромобильдер шығару ұйымдастырылады.

Сонымен қатар қала әкімшілігі КАМАЗ бен Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігімен бірлесіп автоқұрамдастардың өндірісін барынша жерсіндіруді көздеп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Renault тобымен және ресей үкіметімен арада қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Renault АвтоАаздағы үлесін Ресей үкіметінің атынан әрекет ететін «ҒАМИ» Орталық ғылыми-зерттеу автомобиль және автомотор институтына», ал мәскеулік Автофрамос кәсіпорнындағы үлесін Ресей астанасының мэриясына тапсырады.

«Волгоград даңғылындағы автозауытының тарихы терең әрі көпке мәлім. Зауыт өзінің өндірісін осыдан жүз жыл бұрын Ford автомобильдерін шығарудан бастады. Ал 1998 жылдан бастап ол «Реномен» ынтықтастық орнатып, конвейерінен «Логандар», «Дастерлер» мен «Сандеролар» шығып келді. Біз 2022 жылы «Москвич» тарихының жаңа бетін ашатын боламыз», — деп санайды Сергей Собянин.

Зауыт жұмысы дүрілдеп тұрған кезінде жылына 150-170 мың автомобиль шығарып тұрды. Оның жұмысы 2001 жылы біржола тоқтады. Renault пен Мәскеу үкіметінің «Автофрамос» деп аталатын бірлескен кәсіпорнының негізі 1998 жылы құрылды. Компания 2005 жылы Renault автомобильдерінің толық циклын құрастыруды бастады. 2007 жылы — 69 мың, 2012 — 167 мың автомобиль құрастырылса, ал 2014 жылы конвейерден 200 мың автомобиль шығарылып, рекорд орнатылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Renault Ресейде барлық көлік өндірушілердің арасында сатылым бойынша төртінші орынды иеленді. Сондай-ақ бүгінде мәскеулік Renault зауытында Renault Duster, Renault Kaptur, Nissan Terrano кроссоверлері, Renault Arkana купе-кроссовері шығарылады. 2021 жылғы желтоқсанда конвейерден 1,5-миллионыншы автомобиль түсірілді.

Лев Павлов

Лев Павлов, корреспондент
05.05.2022, 19:00