Меню CARMA.KZ

АҚШ-тың жолдарында жылдамдық режимі қалай бақыланады

Жақында мені мұнда полицей тоқтатты. Қара көзілдірікті, мотоцикл мінген сымбатты сақшы екен. Қысқасы, голливудтық фильмдердегіден еш кемі жоқ.

Ол мені сағатына 45 миль жүру рұқсат етілген жерде 55 мильмен келе жатқанымды ескерту үшін тоқтатқан екен. Ол өзінің кімді тоқтатқанын білген жоқ, сондықтан әрі қарайғы 15 минутта менің сұрақтарыма жауап берумен болды. «Таяқша жүйесі» туралы сұрақтан басталған осындай бір қызықты оқиғаны бастан кешкен едім.

Фотосуреттің өзін жасаудың ыңғайы болмағандықтан, оны интернеттен алып отырмын. Жолдағы 2 кабельдің мән-жайы туралы сөз қозғағалы отырмын. Оларды шынымен де біресе ана жерге, біресе мына жерге жиі құрады. Үлкен-кіші жолдардың бәріне де. Шамамен 2-3 күнге қойып қояды да, кейін алып кетеді, осылайша жылына 3-4 рет пайда болады. Өзімнің әр нәрсеге жіті назар аударып жүретіндіктен олардың жылдамдық өлшегіш екенін тез біле қойдым, алайда жылдамдық асырғаның үшін ешкім айыппұл салмайды. Сондықтан мен де уайымдаған жоқпын.

Иә, жол қозғалысы департаменті дәл осындай өлшеулерді тұрақты түрде жүргізіп тұрады. Калифорнияда күн сайын бір орыннан екінші орынға көшіріліп отыратын 12 000 кешен осындай өлшеулер жасайды. Осылайша бір жылда барлық дерлік көше тексеріліп шығады. Негізі көптеген себептер бойынша тексерілгенімен, негізгі себебі — жылдамдықты өлшеу. Әрі қарай не істейді? Егер көшенің белгілі бір учаскесінде жүріп өткендердің 3%-ға толар-толмасы жылдамдық режимін бұзғанымен апат орын алмаған болса, бұл қалыпты жағдай ретінде саналады. Құдай бетін аулақ, егер апат болса, онда барлығы жылдамдықты азайтып отыруын қадағалау үшін жыпылдауығы бар тұрақты патруль қойылады.

Егер ереже бұзушылар 3%-дан асып және апат жоқ болса, онда ереже бұғандарды тоқтатып, айыппұл салу үшін әлгіндегі менің жағдайымдағыдай полицей келеді. Дегенмен егер ереже бұзушылар 15%-дан асса, онда сол жерге арнайы комиссия барып, жылдамдықты шектеу шегін көтерудің қаншалықты қауіпсіз болатынын бағамдайды. Егер жылдамдық аталған жолдың типі үшін онсыз да жоғары болса, онда адамдар ережені бұза ма, бұзбай ма, өздері біледі дегендей ешқандай шара қабылдандайды.

Міне, мен әңгімелескен адам менің көшеме осылайша тап келген болатын. Біздің көшемізде ереже бұзушылар 3%-дан асса да, ешқандай апат болған емес. Сондықтан оны біздің көшеге ереже бұзғандарды тоқтату үшін қойған болатын. Ол келесі 2 айда 7 көшеге дәл осылай патруль жүргізетін айтып қалды. Ол сол көшелердің кездейсоқ біріне барып, сол жерде тұрады. Яғни ол 2 күн қатарынан бір көшеде тұрады да, сосын басқа көшеге кетеді. Қысқасы 2 ай ішінде ол дүрбісін ұстап біздің көшеде қайтадан пайда болуы да мүмкін. Мұндай шараның тиімділігі шамамен жарты жылға жеткілікті екен. Егер арада-арасында көшенің белгілі бір жерінде пайда болатын болса, мұнан соң жүргізушілердің өздері тағы да шамамен 6 айдай тежегішті басуға дағдыланып алады. Мұнан соң қайта ескі әдеттеріне басады.

Бірақ шынымды айтсам, жүйенің өзі де, жүйенің бір құраушысы ретіндегі полицейдің өзі де біреуге айыппұл салуға емес, қозғалысты қауіпсіз етуге мақсаттанғанын сезуге болады.

Авторский материал на CARMA.KZ

Авторский материал на CARMA.KZ, в котором позиция редакции может не совпадать с мнением автора
11.03.2022, 13:39