Меню CARMA.KZ

2020 жылдың қорытындысы бойынша автопарктің орташа жасы 20,7 жылға дейін өсті

Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының «ҚазАвтоӨнеркәсіп» одағы 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көлік құралдары паркінің құрылымы туралы ақпарат ұсынады.

Қазақстанның әкімшілік полициясы органдарының мәліметі бойынша 4 млн 520 мың барлық типті көлік құралдары есепте тұр. Жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобильдердің үлесі 3 млн 758 мың бірлік техниканы, немесе 83,2%-ды құрайды. Одан кейінгі кезекте жүк техникасы (423,1 мың бірлік; 9,4%), тіркемелер мен ашық тіркемелер (214,3 мың бірлік; 4,7%), автобустар (67,9 мың бірлік; 1,5%) және мототехника (55,9 мың бірлік; 1,2%) тұр.

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның көлік құралдары паркі 4,47 млн бірліктен 4,52 млн бірлікке (+1,1%) артты. Жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобильдер саны 1,3%-ға өсті. Автобустар мен мототехника паркі әрқайсысы 7,1% және 0,7%-ға қысқарды. Тіркемелер мен ашық тіркемелердің саны 3,3%-ға, ал жүк көліктері паркінің саны бұрынғы көлемінде сақталып қалды.

Көлік құралдары паркінің орташа жасы 20,5-тен 20,7 жылға дейін өскен. Аталған тенденция көлік құралдарының барлық типіне әсер етті. Есептік кезең ішінде жеңіл көліктердің орташа жасы 19,7 жылдан 19,9 жылға дейін; жүк көліктері — 24,4 жылдан 24,8 жылға дейін, тіркемелер — 23,9 жылдан 24,3 жылға, автобустар — 18,2 жылдан 18,3 жылға, мототехника — 30,1 жылдан 30,2 жылға дейін ұлғайған.

Жеңіл автомобильдердің шығарылған жылына жасалған талдау ескі техниканың артып кеткенін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, автопарктің жартысына дерлігін 20 жылдан асқан көлік құралдары құрайды (1,88 млн бірлік; 49,9%), 11 жылдан 20 жылға дейінгілер — 801,3 мың бірлік (21,3%), 8 жылдан 10 жылға дейінгілер — 447,2 мың бірлік (11,9%), 6 жылдан 7 жылға дейінгілер — 312,3 мың бірлік (8,3%), 3 жылдан 5 жылға дейінгілер — 154,7 мың бірлік (4,1%), 0 жылдан 2 жылға дейінгілер — 166,9 мың бірлік (4,4%).

Қазақстандықтар арасында LADA үлкен сұранысқа ие болып отыр. Парктің 19,1%-ын немесе 716,6 мың автомобиль аталған брендтің үлесінде. Одан кейінгі орында Toyota 13,8% (518,8 мың бірлік), Volkswagen (7,7%; 290,5 мың бірлік), Audi (5,7%; 214,9 мың бірлік), Mercedes-Benz (4,9%; 186,0 мың бірлік), GAZ (4,2%; 157,0 мың бірлік), Mitsubishi (4,1%; 152,7 мың бірлік), Nissan (4,0%; 151,8 мың бірлік), Hyundai (3,9%; 148,2 мың бірлік) және Москвич (3,0%; 110,9 мың бірлік).

Аймақтар бойынша барлық типтегі көлік құралдарының ең үлкен паркі Алматы қаласында (725,3 мың бірлік), 16,0%), Түркістан облысында (438,3 мың бірлік; 9,7%), Алматы облысында (421,6 мың бірлік 9,3%), Нұр-Сұлтан қ. (358,1 мың бірлік 7,9%) және Шығыс Қазақстан облысы (353,3 мың бірлік; 7,8%) аумағында шоғырланған.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда елдегі 1000 тұрғынға 199 жеңіл автокөліктен келеді. Алдыңғы жылдары бұл көрсеткіш (1 қаңтардағы жағдай бойынша) 2017 — 211 бірлік, 2018 — 207 бірлік, 2019 — 202 бірлік, 2020 — 199 бірлік болды.

Жеңіл автомобильдер ең көп қалалар қатарында Алматы — 332 бірлік және Нұр-Сұлтан — 270 бірлік, Солтүстік Қазақстан облысы — 235 бірлік, Ақмола облысы — 217 бірлік және Шығыс Қазақстан облысы — 211 бірлік тұр.

ҚР автокөлік құралдарының паркі (2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша)

Жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобильдер паркі жасының құрылымы

Модель

Саны, мың бірлік

Үлесі, %

1

0 – 2 жыл

166,9

4,4

2

3 – 5 жыл

154,7

4,1

3

6 – 7 жыл

312,3

8,3

4

8 – 10 жыл

447,2

11,9

5

11 – 20 жыл

801,3

21,3

6

20 жылдан артық

1 876,2

49,9

 

БАРЛЫҒЫ

3 758,5

 

Жеңіл және коммерциялық жеңіл автомобильдер брендтер бойынша үлесі

Бренд

Саны, мың бірлік

Үлесі, %

1

LADA

716,6

19,1

2

Toyota

518,8

13,8

3

Volkswagen

290,5

7,7

4

Audi

214,9

5,7

5

Mercedes-Benz

186,0

4,9

6

GAZ

157,0

4,2

7

Mitsubishi

152,7

4,1

8

Nissan

151,8

4,0

9

Hyundai

148,2

3,9

10

Москвич

110,9

3,0

11

Daewoo/Ravon

108,0

2,9

12

UAZ

100,0

2,7

13

Opel

99,8

2,7

14

Mazda

99,8

2,7

15

KIA

88,8

2,3

 

Басқа да

617,6

16,4

 

БАРЛЫҒЫ

3 758,5

 

Көлік құралдары паркінің құрылымы

КҚ типі

Саны, мың бірлік

Үлесі, %

1

Жеңіл көліктер

3 758,5

83,2

2

Жүк көліктері

423,1

9,4

3

Тіркемелер

214,3

4,7

4

Автобустар

67,9

1,5

5

Мототехника

55,9

1,2

 

БАРЛЫҒЫ

4 520

 
Лев Павлов

Лев Павлов, корреспондент
08.02.2021, 10:25