Меню CARMA.KZ

Қазақстанда жол-көлік оқиғасын азайту үшін қандай шаралар жасалды

Жол қауіпсіздігі және автокөлікті сақтандыру туралы, арнайы CARMA.KZ редакциясына Freedom Insurance СК басқарма төрағасының кеңесшісі Азамат Керімбаев айтып берді.

Қазақстанда жол-көлік оқиғасын азайту үшін қандай шаралар жасалды / Фото: СК Freedom Insurance
Қазақстанда жол-көлік оқиғасын азайту үшін қандай шаралар жасалды / Фото: СК Freedom Insurance

ҚР Бас прокуратурасы Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 20 жылда, әсіресе, 2013 жылы (23,3 мың) жол апаты көп тіркелді. Осы көрсеткішпен салыстырсақ, 2021 жылы апаттың саны 67,5%-ға (13,9 мың) төмендеген. Ал 2022 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша, елімізде 10,2 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы орын алды.

Еліміздің жолдарда апаттардың санын азайту үшін, жыл сайын жеке және мемлекеттік ұйымдар жол қауіпсіздігі жөніндегі арнайы жобаларды әзірлеп, енгізіп келеді.

Жолдардағы 10 жыл ішінде болған негізгі өзгерістер

Жолдарға жағдайды жақсартуға оң септігін тигізген «Нұрлы жол» жобасы болды. Жобаның басты мақсаты — Қазақстанды 2020-2025 жылдар аралығында негізгі еуразиялық көлік-логистикалық торапқа айналдыру. Оны автомобиль, теміржол және порттарды жаңғырту арқылы іске асырмақшы.

Сондай-ақ, 2018 жылы елімізде «Сергек» жүйесі іске қосылды. Нәтижесінде, 2017 жылдан бері Астанада жол-көлік оқиғасынан қаза болғандардың саны екі есеге азайды. Аталмыш жүйені Алматы қаласында енгізгеннен кейін, өлім саны шамамен екі есеге төмендеген.

2019 жылдың наурыз айында Алматыда Vision Zero нөлдік жарақаттану жобасы қосылды. Сол уақытта жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында, қалада жылдамдықты төмендету ұсынылған болатын. 2022 жылдың қараша айында Алматыда дөңгелек үстел өтті. Оған қазақстандық урбанистер, белгілі сәулетшілер, қала белсенділері, БАҚ өкілдері мен блогерлер жиналды. Олар Алматы жолдарында орын алып жатқан мәселелерді, сондай-ақ жаңа Vision Zero жобасын талқылау үшін бас қосты. Яғни басты мақсат — әлеуметтік жобаның көмегімен жүргізушілер мен жаяу жүрген адамдарға қолайлы жағдай жасау.

Еліміздегі жолдардағы апаттылықты азайту үшін, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға айыппұлды қатаңдатты. Әдетте, айыппұл жыл сайын өзгеретін АЕК көрсеткіштеріне байланысты артады. Оған қоса, кейбір тәртіп бұзушылық үшін көлік иелеріне жазаны күшейтеді. Мәселен, 2022 жылы жол полиция қызметкері тоқтатқан кезде, талапқа бағынбағандарға 40 АЕК (122 520 теңге) айыппұл салынады. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін — бес тәулікке дейін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен бір жылға айырады. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы осындай ереже бұзғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда — 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылды.

Міндетті және ерікті автосақтандыру нарығын дамыту

Көлік жолдарының сапасын жақсарту, жол қозғалыс ережесін бұзғандарға жазаны күшейту және жолдарға қауіпсіздіктің арнайы технологиялық жүйелерін енгізуден бөлек, автосақтандыру саласында да бірқатар шарт өзгеріп жатыр. 2019 жылдан бері қазақстандықтар міндетті және ерікті сақтандыру электрондық полистерін ресімдей бастады. Ал 2020 жылы азаматтар автосақтандыру шартын сақтандырушының офисіне бармай, электрондық түрде (онлайн) жасау мүмкіндігі пайда болды.

Қазақстанда 2022 жылы міндетті сақтандыру полистерін ресімдеу бойынша жаңа сервис іске қосылды. Нақтырақ айтсақ, медиа қызметтерге (Netflix, Apple Music және т.б.) жазылу арқылы жасалатын автосақтандыру. Яғни көлік иесі тіркелген соң, оның картасынан ай сайын шамалы мөлшердегі ақша автоматты түрде шешіліп отырады. Ал сақтандыру мерзімінің соңында, егер қаласа, жазылымды ұзартуға болады.

Сондай-ақ, 2022 жылдың қараша айында Freedom Insurance еліміздегі алғашқы онлайн-төлем жасауға арналған dtp.kz сервисін іске қосты. Енді осы қызметтің көмегімен еліміздің көлік иелері 5 күн ішінде барлық қажетті құжаттарды өз бетінше жүктеп,  төлемді банк картасына ала алады. Бұрын төлем алу процесі 3 айға дейін созылатын.

Авторский материал на CARMA.KZ

Авторский материал на CARMA.KZ, в котором позиция редакции может не совпадать с мнением автора
02.12.2022, 14:00