Британдық көлік өнеркәсібі үшін электрлі көліктерге көшу қауіпті болуы мүмкін
Электромобильдерді шығару қомақты қаржыны талап етеді.
Британдық автоөнеркәсіп электрлі көліктерге көшуден зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Еуропа 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа көліктерді шығарудан бас тартпақшы. Ал кейбір өндірушілер, соның ішінде Volkswagen және Audi, 2033 жылдан бастап тек қана электрлі көліктерді өндіруге уәде берді. Британдық өндірушілер нарықта Еуропалық үрдісті сақтап қалу үшін, өндірістерін шұғыл түрде әртараптандыруы керек. Бірақ бұл қомақты қаражатты қажет ететіні анық, дейді Bloomberg .
Жалпы алғанда, британдық автоөнеркәсіпте дағдарыс басталғанға ұқсайды. Осы аптада Ұлыбританиядағы Arrival фургондарын өндіретін стартап, бас директоры мен президенті қызметтен кететінін хабарлады. Британияның ең ірі автомобиль өндірушісі Jaguar Land Rover компаниясының бас директоры да қызметін босатқан. Осыдан екі жыл бұрын компания толық электрлі көліктерге көшу жайлы хабарлаған. Ал компания басшысының бұл жайлы көзқарасы және болашаққа деген жоспарлары мүлдем басқа еді. Ақырында, Британия Britishvolt аккумуляторларын өндіру арқылы, электрлі көліктерден үмітін үзбейді.
АҚШ электромобиль нарығындағы алпауыт болып саналатын Қытайға қарсы тұруға тырысады. Бұл ретте Британияның алаңдаушылығы қисынды. АҚШ билігі автомобиль өндірушілерінің баламалы отынға ауысуын ынталандырады, оларға миллиардтаған доллар инвестиция тартуға көмектеседі. Ал Германия мен Франция басшылары шетелдегі әріптестерінен артта қалғылары келмейді. Біріншіден, олар 2035 жылдан бастап Еуропада ішкі жану қозғалтқыштары бар көліктерді сата алмайтынына қапалы. Екіншіден, Еуропадағы ең ірі автодержавалар өндірушілердің АҚШ-қа кетіп қалуы мүмкін деп уайымдайды. Өйткені ол жақта автомобиль өнеркәсібі үшін ең жақсы жағдай жасалған.
Британдық премьер-министр Риши Уолли бюджетті ашуға және салық төлеушілердің есебінен Ұлыбританияның автомобиль өндірістік базасынан қалғандарды қолдауға мүмкіндігі әлдеқайда аз. Өткен аптада қазынашылық канцлері Джереми Хант салықты ұлғайту және бюджет шығындарын 55 миллиард фунт стерлингке (66,7 миллиард доллар) қысқарту жоспарын жариялады. Оны сарапшылар экономиканың «басқарылатын құлдырауы» деп атайды. Осыған байланысты Британия билігі алдағы жылдары электрлі көліктерге жол салығын енгізгісі келеді.
Сонымен бірге, британдық автоөнеркәсіп 2016 жылғы Brexit референдумының зардаптарынан әлі өздеріне келмеді. Онда арал тұрғындары материктік Еуропалық Одақтан бөлінуге шешім қабылдаған болатын. Бұл жағдай шетелдік өткізу нарықтарыда айтарлықтай зиян келтірді және өндіріс көлеміне де әсер етті. 2016 жылғы референдумға дейінгі 12 айда Ұлыбритания 1,7 миллионға жуық автомобиль шығарды, ал өткен жылы көлік компаниялары осы санның жартысынан азын өндірді.
«Біз британдық автомобиль өнеркәсібінің ақырындап құлдырап бара жатқанын көріп отырмыз», — дейді Бирмингем университетінің бизнес экономика профессоры Дэвид Бэйли. — Бұрын Британиның өнеркәсіптік стратегиясы болатын, ал қазір үкімет шетте тұрған сияқты»,— деп атап өтті ол.
Тағы бір мәселе — шетелдік компаниялар сатып алған британдық брендтермен автомобиль жасау Ұлыбританияның қарапайым азаматтары үшін табыс көзі бола алмауы мүмкін. Өткен жылы жапондық Honda өзінің Суиндон автомобиль зауытын жауып, Британияда тек төрт жаппай өндірушіні қалдырды: JLR, Nissan, BMW және Toyota. Өткен айда, Mini маркалы көліктерін шығаруға құқығы бар, немістің BMW компаниясы электрлі хэтчбек өндірісін Оксфордтан Қытайға ауыстыратынын айтты. Өткен ғасырдың ортасында өндірістік автомобиль базасы бойынша екінші орында тұрған Ұлыбритания, қазір әлем бойынша 18-ші орынға түскен. Егер ол тек ішкі нарықта жұмысын жалғастырса, бұл тізімде одан төмен түсуі мүмкін.
Қалай болғанда да, мәселенің жақсы жақтары да бар. Мысалы, Volkswagen-ге тиесілі Bentley компаниясы онжылдықтың соңына дейін Крюда орналасқан зауытын жаңартуға және бүкіл құрамын электрлендіруге 2,5 миллиард фунт стерлинг салып жатыр. Ал жапондық Nissan Сандерленд зауытында электромобильдер шығармақшы. Бұл 1650 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Ал Stellantis электрлі фургондарын жасау үшін Ливерпульге жақын орналасқан 60 жылдық Vauxhall зауытын қайта жабдықтауға 100 миллион фунт стерлинг қаржы құяды.
«Ұлыбритания электромобильдерге ауысу жағынан басқа аймақтардан артта қалып жатыр, бірақ оларды қуып жетуге тырысады»,— деп атап өтті Бейли. ― Егер барлық өндірістік шешімдер дұрыс бағытта қабылданса, өндіріс қалпына келуі мүмкін. Бірақ бұл үкіметтің өнеркәсіптік саясатына әлдеқайда бірлескен көзқарасты қажет етеді», — деп қорытындылады ол.
Егор Васильев, корреспондент
05.12.2022, 11:00